Асанова с. С., Калманова н. М


 кесте - Өнім шығарылымын көбейту резервтері, мың теңге



Pdf көрінісі
бет45/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

5.5.1 кесте - Өнім шығарылымын көбейту резервтері, мың теңге 


73 
Көрсеткіш 
Дұрыс пайдаланудан өнім көлемінің көбею 
мүмкіншілігі 
Еңбек 
ресур-
старын 
Еңбек құралда-
рын 
Еңбек затта-
рын 
Жұмыс орнының саны мен оларды 
құрал-жабдықпен жинақтаудың өсуі 
7200 
5400 
_ 
Персоналдың жұмыс уақытын және
құрал-жабдықтың 
жұмыс 
істейтін 
уақытын босқа оздыруын жою
10800 
20250 
Еңбектің 
және 
құрал-жабдықтың 
өнімділігін жоғарылату
16800 
6750 
_ 
Материал жұмсалымының мөлшерін 
азайту 


51000 
Барлығы 
34800 
32400 
51000 
5.5.1-кесте мәліметтері көрсетіп тұрғандай, өнім шығарылымын 
жоғарылату резервтері әрбір ресурс үшін бірдей емес екені көрініп тұр. Егер 
еңбек ресурстарын кеңейтіп, жақсы пайдаланудың нәтижесінде өнім көлемі 
232 мың теңгеге өсіп отыр, ал еңбек құралдары есебінен – 216 мың теңгеге. 
Сонымен, өнім көлемінің нақты өсімі 216 мың теңгені құрап отыр. Бұл еңбек 
ресурстарының бір бөлегі тиімді пайдаланбайды дегенді білдіреді. Осыдан 
еңбек құралдарын пайдалануды кеңейту керек немесе еңбек ресурстарын 
қысқарту керек деген қортынды шығарылады. Нақты шешім нарық 
қажеттілігіне байланысты болады.
 
5.6 КОМПАНИЯНЫҢ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТІН 
ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Нарықтық жағдайда өзін-өзі қамтамасыз етуге және кәсіпорынды 
өзін-өзі қаржыландыруға қол жеткізудің қажетті шарттары өндірістің 
тұтынушылар мен бәсекелестерге бағытталуы, өзгеріп отыратын 
нарықтық жағдайларға икемді бейімделуі болып табылады. 
Өндіріс көлемін жоспарламас бұрын, өндірістік қуатты қалыптастыра 
отырып, әр кәсіпорын қандай өнімді, қай көлемде, қайда, қашан және қандай 
бағамен сататынын білуі керек. Ол үшін өнімге деген сұранысты, олардың өткізу 
нарықтарын, олардың қуатын, нақты және әлеуетті бәсекелестерді, әлеуетті 
сатып алушыларды, өндірісті бәсекеге қабілетті бағамен ұйымдастыру 
мүмкіндігін, қажетті материалдық ресурстардың болуын, қажетті біліктілігі бар 
кадрлардың болуын және т.б. зерттеуі қажет. 
Осыдан соңғы қаржылық нәтижелер, капиталды ұдайы өндіру, оның 
құрылымы және соның салдарынан кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы 
байланысты. Басқаша айтқанда, кез-келген кәсіпорынның қызметі маркетингтік 
талдаудан басталады, оның негізгі міндеттері: 
- өнімнің тиімді сұранысын, оларды өткізу нарықтарын және өндірістік 
жоспар мен тиісті көлем мен ассортименттегі өнімді өткізу жоспарын зерттеу; 


74 
- өнімге сұраныстың икемділігін қалыптастыратын факторларды талдау 
және талап етілмеген өнімдердің тәуекел дәрежесін бағалау; 
- өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және оның деңгейін көтерудің 
резервтерін іздеу; 
- сұранысты қалыптастыру және өнімді өткізуді ынталандыру стратегиясын, 
тактикасын, әдістері мен құралдарын әзірлеу; 
- өнімді өндіру мен өткізудің тиімділігін бағалау. 
Маркетингтің көмегімен жаңа нарықтарды, жаңа тұтынушыларды, өнімнің 
жаңа түрлерін, кәсіпорынды ең жоғары деңгейдегі кірісті қамтамасыз ете алатын 
дәстүрлі өнімді қолданудың жаңа бағыттарын үнемі іздеу жүреді. Маркетинг 
кәсіпорынның өндірістік қызметін, оның құрылымдық саясатын нарық 
сұранысына бағдарлай отырып, өндіріс пен өткізуді реттеу құралы ретінде 
қызмет етеді. 
Маркетингтік қызметті талдаудың мазмұны талдау объектілері арқылы 
ашылады, олар: маркетингтік қызметті басқаруды ұйымдастыру; өткізу 
нарықтарын қалыптастыру және маркетингтік іс-шаралар тиімділігінің 
көрсеткіштері. 
Талдау үшін қажеті ақпарат көздері: 
- алыс және жақын шетелдердің, ТМД елдерінің, өнімнің түрлері 
тұрғысынан өнімді сатуға арналған келісімшарттар мен хаттамалар, 
- тұтынушылар үшін келісімшарттардың орындалуы туралы мәліметтер; 
- өнімді жөнелту туралы мәлімдеме, 
- кәсіпорынның бизнес-жоспары және басқалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет