Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет55/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

3. Тікелей, жанама. Тікелей шығындарды нақтылы бұйымдарға тіке-
лей аударуға болады, жанама шығындар бірнеше бұйымдарға қатысты және
бірнеше элементтерден тұрады, олар тұтас бөлімшелер бойынша (нысандар) 
шығын сметасына жиналады, содан кейін өнімдердің түрлеріне белгілі бір 
базаға арнайы парапарлық бойынша бөлінеді. 
Тікелей шығындарға жататындар:
- материалдық шығындар
- бұйымдарды (тауарларды, көрсетілген қызметті) шығарудағы өндіріс
үдерісіне қатысатын персоналдың негізгі және қосымша еңбекақы
шығындары және көрсетілген еңбекақы шығындары сомасына
есептелінген бірыңғай әлеуметтік салық сомасы
- тауар (жұмыс, қызмет) өндірудегі қолданылытын негізгі қорлардың 
есептелінген амортизация соммасы. 
Жанама шығындарға жататындар: 
- негізгі өндірістік кұралдарды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстап 
тұру шығындары (техникалық байқау және күтуге қажетті орташа
ағымдық және күрделі жөндеулерге кететін шығындар); 
- қосалқы өндірістік персоналдың еңбекақысы, өндірістік нәтижелер 
үшін ол жұмыскерлерге сыйақы, ынталандыратын төлемдер мен
өтемақылар; 
- бекітілген мөлшерлер бойынша қосалқы өндірісте жұмыс істейтін 
жұмыскерлердің еңбекақы жұмсалымдарынан және әлеуметтік салыққа 


90 
төлемдерінен; 
- санитарлық-гигиеналық мөлшерлердің орындалуын қамтамасыз ету 
жөніндегі шығындар, соның ішінде медициналық мекемелерге
субъектінің аумағында медпункттер ұйымдастыру үшін, субъектінің 
берген ғимараты мен құрал-саймандарын күтіп ұстау шығындары, 
өндірісте тәртіп пен тазалық сақтау, өртке карсы және қарауыл 
күзетін
және субъектінің техникалық пайдалану, оның іс-әрекетін қадағалау 
және бақылау ережелерінде көзделген өзге де арнайы талаптардың
орындалуын қамтамасыз ету шығындары
- өндіріс ерекшеліктеріне байланысты және тиісті заңдарда көзделген
бірқалыпты еңбек шарттарын және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету
шығындары; 
- өндірістік қорларды жалға алғаны үшін төлемақы; 
- өндірістік қызметпен байланысты іс-сапар шығындары; 
- тоқтап қалудан пайда болған зияндар, сондай-ақ басқа да өндірістік 
шығындар мен жоғалтулар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет