Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет74/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

 
 
8.3. АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚАМТАМАСЫЗ 
ЕТІЛГЕНІН ТАЛДАУ 
Өндірістік іс-әрекетінің қалыпты болуын ұйымдастыруға қажетті ай-
налым капиталының шамасы айналым капиталының мөлшерін және норма-
тивін әзірлеу жолымен анықталады және белгіленеді. Бұл капитал өндірістің
жабдықтаудың және өнімді өткізу жағдайын ескере отырып, жоспарлы жы-
лы ұйымның өндірістік қорға, аяқталмаған өндіріске, болашақ кезеңдегі 
жұмсалымдар үшін қаражаттарға, сатылмаған дайын өнімнің қалдығына де-
ген қажеттілікті қамтамасыз етуі керек.
Мөлшер – айналым капиталының белгіленген өлшемі, оның шамасы 
күнмен, пайызбен және басқа да көрсеткіштермен (айналым капиталының 
мөлшері – күнмен, запас мөлшері – теңгемен) белгіленуі мүмкін.
Норматив – айналым капиталының элементтері бойынша ең аз көлем-
дегі ауыспалы запасты жасау үшін кез келген немесе жоспарлы кезеңде 
ұйымға қажетті ақша қаражаттарының реттелген шамасы.
Айналым қорын дұрыс құрастырудың және ұтымды пайдаланудың 
маңызды жағдайы - материалдық ресурстардың жұмсалымын және запасын 
мөлшерлеу болып табылады. Материалдар жұмсалымын мөлшерлеу 
өндірістік тұтынудың жоспарлы шамасын анықтайды.
Тауарлы-материалдық құндылықтардың нормативтен тыс запасының 
болу себептері мөлшер мен нормативтің дұрыс дәлелденбегенінен туындап 
отырады.
Жұмсалым мөлшері – бұл барынша мүмкін болатын және сонымен қатар 
өнім бірілігін немесе жұмыс бірлігін орындау үшін қажетті шикізат, матери-
ал, отын, электр энергияның қажетті жоспарлы шамасы болып табылады. 
Жұмсалым мөлшері материалға, күнтізбелік жоспарлауға және өндірістік 
қорды есептеу үшін негіз болады.   
Өндірістік қор ағымдағы, сақтандыру (кепілді), технологиялық 
(дайындау), маусымдық және тасымалдау болып бөлінеді. Олар табиғи және 
ақшалай түрінде, сонымен қатар запастың күнімен көрсетіледі.
Ағымдағы запас кезекті жеткізудің аралығында ұйымның қалыпты 
жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет, яғни
З
ағым 
= М
орт.тәу.пайд 
× Т
аралық

мұнда М
орт.тәу.пайд
- материалдың орташа тәуліктік пайдалануы; 
Т
аралық
- жеткізу аралығы – екі жеткізу арасындағы уақыт. 


123 
Әкелінген уақытында ең көп көлемде болып, жұмсалу кезінде нөлге 
дейін кемуіне байланысты ағымдағы запасты есептегенде барлық запасты ес-
кермей тек оның жартысын ғана ескереді.
З
ағым 
= М
орт.тәу.пайд 
× Т
аралық
/2, 
Сақтандыру запасы – бұл тұрақты шама. Оның міндеті – күтпеген 
кідірісте, мысалы, көліктің кешігуі, жабдықтау мерзімінің бұзылуы және т.б. 
жағдайда өндірісті запаспен қамтамасыз ету.
Сақтандыру запасы, әдетте, әр уақытта ағымдағы запастан кем болады, 
тек ерекше жағдайда ғана оған тең болады:
З
сақт 
= М
орт.тәу.пайд


+ Т
тасым 
+ Т
қаб 
+ Т
дайын
), 
мұнда Т
о
 – жабдықтаушының материалды жөнелтуге жіберетін уақыты,
күндер;
Т
тасым 
- тасымалдау уақыты, күндер;
Т
қаб
- тұтынушының материалдарды қабылдау уақыты, күндер;
Т
дайын
- өндіріске материалдарды дайындау уақыты, күндер. 
Әдетте, ұйымдарда сақтандыру запасы ағымдағы запастың 50%-ын 
құрайды.
Технологиялық запас кәсіпорынға түскен материалдар өндірісте бірден 
пайдаланбай, алдын ала дайындықты (қабылдау, түсіру, сұрыптау және т.б.) 
қажет ететін жағдайларда жасалынады.
Маусымдық запас шикізаттың белгілі түрін дайындау маусымды сипатта 
болса немесе тұтынуы маусым кезінде (мысалы, жылыту үшін пайдалынатын 
отын) болғанда ғана жасалынады. Кей уақытта дайындаудың маусымды си-
паты маусымдық жеткізілімі (жаздық кеме жүретін уақыт) болған жағдайда 
жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет