129
«Канбан» сөздің аудармасы «кесте» (құрастырудың сағаттық кестесі)
дегенді білдіреді. Бұл жүйе «дәл уақытында» деген атпен белгілі, ол
«Тойота» автомобиль фирмасымен жасалынып, қолданып келген. Бірақ та ол
әртүрлі нұсқа түрінде басқа да фирмаларда қолданылады.
«Дәл уақытында» жүйесінің мәні – сараланған
және кенет өзгеріп
отыратын сұранысқа лайықтанған ұсақ топтамалы өндірісті ұйымдастырудың
нәтижелі ауқымын жоғалытпай соған жаппай өндірістің қатқыл
технологиясын бейімдеу болып табылады. Жапондық өнеркәсіптің 40%-ын
(XX-ғасырдың тоқсаныншы жылдары 3 млн. жоғары) беретін «Тойота»
фирмасы, автомобильдің 22 үлгісін шығарады, тағы да әрбір үлгіде
шанақтың, қозғалтқыштың және т.б. екі-үш
нұсқасы болады, осылардың
барлығы неше түрлі әрекеттермен шығаруға мүмкіндік береді.
«Канбан» кестесі «Тойота» фирмасының толассыз жүйесіндегі телімдер
үшін тапсырманы бір келкі ету және құрастыру кезегін реттейді.
Құрастыру
желісінің операциялары жұмыс көлемі бойынша теңдестіріледі. Құрастыру
үдерісі желісінде орнатылған датчиктің көмегімен тұрақты бақыланып
отырылады. Фирмада бөлшектердің «аралық» запасы болмайды. Телімнің
және цехтың тұтастыруы бөлшектерді үзіліссіз беруіне қарай бейімделінеді.
Зауыт ішіндегі қатаң құрастыру кестесі
ұзақ мерзімді келісімшарт
бойынша бірлесіп жұмыс істеуге негізделген фирма аралық өндіріс-өткізу
жүйесінің
орталық
бөлігі
болып
табылады.
Ірі
автомобиль
компанияларының зауыттарында бас фирмасындағы сырттан алатын
бөлшектер мен материалдардың үлесі жапондық
автомобильдің өзіндік
құнының 70%-дан артығын құрайды. «Тойота» компаниясының «үлкен
жүйесі» 18 құрастыру зауытынан және 224 бұйымдардың жинақтамасымен
қамтамасыз ететін жабдықтаушыдан (әрқайсысы ондаған фирма-
орындаушылардан) тұрады, сонымен қатар
Жапонияда және одан сыртта
болатын жүздеген өткізу компаниялары. Бірлесу жүйесі барлық деңгейде
тұрақты синхронды жұмыс істейтін жүйе болып табылады, ол нарық талабы
бойынша өнімнің көлемі мен құрамын үзіліссіз түзетіп, өнімнің үзіліссіз
қозғалысын қамтамасыз етіп отырады.
Үлгінің толық ауыстырылуы төрт жылда болып отырады (жүк
машинасы – алты жылда); нарық нашар қабылдайтын үлгілерді әрбір екі
жылда ауыстырады. Бас фирмада үлгінің артық дайындамасы болады. Жаңа
үлгіні жасау және оны топтамалы шығарымға жеткізу үшін 36 ай бөлінеді.
Өзінің тапсырысын бөлгенде бас фирма жақсы деген орындаушыларды
таңдайды, олармен үлгі конвейерде
болғанға дейінгі мерзімге келісім-
Достарыңызбен бөлісу: