130
сатып алуы мен тапсырыстың көлемі бойынша жылдық бағдарламасы
жасалынады. Әр күнтізбелік жылдың басында ол барлық жабдықтаушыны
хабардар ету үшін жіберіледі.
Үлгілерді бөліп және әр күндегі машинаның
санын көрсетіп әр айдың
жиырмасы күні келесі айға айлық бағдарлама жасалынады және ол бас
фирманың барлық өндірістік желісі үшін және оның жабдықтаушылары үшін
(кейінгілер үшін тапсырыстың күнделікті кестесі бойынша жасалынады)
жұмыс бағдарламасы болып саналады.
Онкүндік бағдарлама машинаның түрлендіруі және түсі бойынша бөліп,
әр айдың 8, 18, және 28 күндері жасалынып, барлық делдалдарға жіберіледі.
Оның орындалуына төрт күн қалғанша әрбір делдал онкүндік бағдарламаға
майда
өзгерістер енгізуге құқылы, ол өзгерістер келесі күні құрастырма
зауыттарына жіберіледі. Сөйтіп, құрастыру цехтары түзетілген үш күндік
бағдарламамен жұмыс істейді. Бас конвейерлер күніне 16 сағат (екі ауысым)
жұмыс істейді, жұмыс орындарында барлығы төрт сағатқа жететін запас қана
болады. Орындаушылардан тапсырыс қатал кесте бойынша майда партиямен
жеткізіледі. Бақылау құжаттары ЭЕМ-мен жүргізіледі.
«Дәл уақытында» жүйесі
өндірісті ұқыпты, ойланып істелген
дайындықты талап етеді. Мысалы, американдық автомобиль фирмалары бұл
жүйені ендіруде көптеген қиыншылықтарға тап болды. Көп нәрсе тәжірибеде
«дәл уақытында» жүйесінде жұмыс істеуге жарамсыз болып қалды. «Тойота»
фирмасы - «канбанды» құру пионері – бұл жүйемен жұмыс істеуді ХХ-
ғасырдың 50-жылдары бастады. Ең алдымен
қайта дайындауға кететін
уақытты қысқарту үшін арнайы жабдықтаулар мен аспаптар жасалынды;
осыдан кейін аралық қоймаларды жою үшін цехтар мен телімдер қайта
құрылды және, ақырында, барлық желілердің жұмыс істеуі бірдей
кестемен
ұйымдастырылды. Бұл 1962 жылы жасалынған болатын. Осыдан кейін
жабдықтау мен өткізуді қайта ұйымдастыруға тағы да он жыл кетті.
«Тойота» фирмасының жүйесі тұтас жұмыс күшіне және запасқа
жұмсалатын шығындарды қысқарту арқылы пайданың көбеюіне бағытталған.
Нарық сұранысының ауытқуына тұрақты түрде көңіл айдарудың нәтижесінде
өндіріс шығындарының азаюымен қатар айналыс шығындары да азаяды.
«Тойота» фирмасы мен ресейлік автомобиль
ұйымдарының өндірісті
ұйымдастыру жүйесінің тиімділігін салыстыру белігілі бір қызығушылық
тудырады. «Тойотада» жеңіл автомобильдің нақты үлгісінің бір партиясына
кететін орташа өндірістік кезеңдігі бар болғаны екі күн құраса, АҚШ-та – 10
күн, Волга автозауытында – 20 күн құрайды (бұл мәліметтер XX-ғасырдың
80-ші
жылдары).
«Тойота»
фирмасында
материалдық-техникалық
запастардың айналымдылығының коэффициенті 87-ні құрайды, яғни
тауарлы-материалдық запастардың іске асыру мерзімі болғаны 4 күн
құрайды. Ресей автомобиль зауыттарында тауарлы-материалдық запастардың
бір теңгесі жылына 5,7 рет қана айналады, ал ол запастарды іске асыру кезеңі
62 күнді құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: