Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет80/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

 


131 
Бақылау сұрақтары 
1. Айналым капиталының құрамды элементтері қандай? 
2. Айналым капиталдың орнын толтыру көздерін атаңыз. 
3. Ұйым теңгерімінде ағымдағы активтер қандай нышандары бойынша 
орналасқан? 
4. Ұйым теңгеріміндегі меншікті айналым капиталының шамасы қалай
анықталады?
5. Айналым капиталының орнын толтыратын қосымша тартылыған
көздерді атаңыз.
6. Айналым капиталының пайдалануын қандай көрсеткіштер бойынша
анықтайды? 
7.Айналым капиталының айналымдылық көрсеткішін есептегенде 
қандай экономикалық санаттар пайдалынады? 
 


132 
9.ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ТАЛДАУ 
 
9.1 ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ТАЛДАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ
БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 
Өндірісті қарқындандыру, оның экономикалық тиімділігі мен өнім сапа-
сының өсуі , ұйымның еңбек ұжымдарының шаруашылық бастамасының да-
муын көздейді. Ұйымның еңбек ресурстарын пайдалануын талдаудың негізгі 
мақсаты – еңбек өнімділігінің өсуіне кедергі келтіретін, жұмыс уақытын бос 
пайдалануға әкелетін және персоналдың еңбекақысының өсуіне кедергі әсер 
ететін факторларды анықтау. 
Еңбек ресурстарын талдау үдерісінде келесіні білу қажет: 
• кәсіпорынның өндірістік бөлімдерінде жұмыс орнын өндіріске қажетті 
кәсіби және білікті персоналмен қамтамасыз ету (өндірісті еңбек ресурста-
рымен қамтамасыз ету).
• өндіріс үдерісінде еңбек ресурстарын пайдалану (жұмыс уақытын); 
• еңбек ресурстарын тиімді пайдалану (бір адамға шаққанда өнім 
өндірудің өзгеруіне байланысты еңбек өнімділігінің өзгеруі); 
• еңбекақыға деген қаражаттарды тиімді пайдалану; 
• орташа еңбекақы және еңбек өнімділігінің өсу қарқынының ара қаты-
насы. 
Талдау үшін ақпараттың көздері: еңбек туралы жоспары, № 1-
кәсіпорын түріндегі «Кәсіпорынның іс әрекеті бойынша негізгі мәліметтер», 
№ П-4 «Жұмыскерлердің саны, еңбекақысы және олардың қозғалысы туралы 
мәліметтер», № 1-Т «Іс әрекеті түрлері бойынша жұмыскерлердің саны және 
еңбекақы туралы мәліметтер»; кәсіпорынның цех тарының, болімдерінің , 
қызмет көрсету болімшелерінің оралымдық есебі, қойылған зерттеу мақсаты 
мен міндетіне байланысты еңбек ресурстары бойынша басқа да есептер.
Еңбекті пайдалануын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: жұмыс уақытын 
және жұмыс күшін пайдалану, еңбек өнімділігі, еңбекақыға деген шығын-
дардың салыстырмалы көрсеткіштері.
Еңбек ресурстарын талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: 
• еңбек күшінің қозғалысы және кәсіпорынның еңбек ресурстарымен 
қамтамасыз етілуін бағалау; 
• жұмыс уақытының тиімді пайдалануын зерттеу; 
• еңбек өнімділігін бағалау; 
• еңбекақыға жұмсалған шығындарды бағалау
• еңбекақы мен еңбек өнімділігі қарқының ара қатынасын зерттеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет