134
Талдау үдерісінде өндірістік бөлімдердегі
персонал құрылымының
өзгеруін зерттеу қажет, яғни сатылы талдау жүргізу қажет (9.2.2-кесте). Бұл
кестеде
берілгендер
өндірістік
әлеуетінің
төмендеуін
көрсетеді,
жұмысшылардың нақты үлесі алдыңғы және жоспар жылымен
салыстырғанда төмен екені көрініп тұр .
Алдыңғы жылға қарағанда персонал құрылымында
басшылардың саны
мен үлесі өскен, осы уақытта жұмысшылардың саны төмендеген, бұл
кәсіпорынның басқару құрылымының өзгеруіне мүмкін
байланысты болар,
оны еңбекті пайдаланудың сапалы көрсеткіштерін талдау нятижесінде
бағалауда анықтауға болады.
Мамандар санының төмендеуі қажетті
білікті мамандардың болмауы
себеп болуы мүмкін.
Өндірістік үдеріске қатысу сипаты бойынша жұмысшылар негізгі және
көмекші болып бөлінеді. Негізгі жұмысшылар негізгі өнімді шығарумен
айналасады, ал көмекші жұмысшылар өндірісте
қосалқы және қызмет
көрсету жұмыстармен айналысады. Талдау кезінде негізгі және көмекші
жұмысшылардың
ара қатысы анықталады, сол ара қатыстың өзгеру үрдісі
анықталады. Егер негізгі жұмысшылардың үлесі төмендесе,
онда ол
жұмысшылардың шығаратын жалпы өнім көлемінің төмендеуіне алып
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: