156
және заң фирмалары және т.б.) Қаржылық талдау тәжірибесінде әлдеқашан
қаржылық есепті талдау әдістемесі жасалынып қойылған. Талдаудың жеті
негізгі бағытын бөліп көрсетуге болады.
1.
Деңгейлес (уақытша) талдау -
есептің
әрбір жайғасымы алдыңғы
кезеңмен салыстырылады.
2.
Сатылас (құрылымдық) талдау - қаржылық көрсеткіштердің құрылы-
мын анықтау (олардың барлық сомасындағы әрбір көрсеткіштің меншікті
мәні).
3.
Трендлық талдау – есептің әрбір жайғасымын алдыңғы кезеңдердің
бірнеше қатарымен салыстыру және трендіні анықтау, яғни көрсеткіштердің
уақыттық қатар деңгейінің өзгеру беталысы.
4.
Салыстырмалы көрсеткіштерді талдау (қаржылық коэффициенттер)
– есептің әртүрлі формаларындағы сандық қатынастарды есптеу,
көрсеткіштердің өзара қарым- қатынасын анықтау.
5.
Салсытырмалы талдау, ол келесілерге бөлінеді:
• шаруашылықішілік - кәсіпорынның
және еншілес кәсіпорынның
бөлім-
дердің негізгі көрсеткіштерін салыстыру;
• шаруашылық аралық - орташа салалықтың және бәсекелестердің
көрсет-
кіштерімен салыстыру.
6. Факторлық талдау – қортындылайтын нәтижелерге кейбір
факторлардың әсерін талдау.
7.
Стохастикалық үлгілердің негізінде талдау.
Қаржылық жағдайды
талдау үшін ақпараттың негізгі көзі ретінде бухгалтерлік және статистикалық
есептердің әртүрлі формалары саналады.
Қаржылық есептерді талдау кезеңінде ұйымның қаржылық жағдайын
талдау бухгалтерлік теңгерімді «оқудан» басталады. Сонымен қатар
төмендегі маңызды сипаттамалары анықталады:
• ұйым мүлкінің жалпы құны;
• жұмылдырылмаған және жұмылдырылған капитал құны;
• ұйымның меншікті және несиелік қаражаттарының көлемі және т.б.
Деңгейлес талдау теңгерімнің қарастырылып
отырған кезеңде нақты
баптың абсолютті және салыстырмалы тұлғылауда көрсетілген шамасын
салыстыруға мүмкіндік береді және сол кезеңдегі олардың өзгерісін
анықтауға болады.
Сатылы талдау теңгерімнің құрылымын анықтайды және талдау
кезеңіндегі (ай, тоқсан, жыл) олардың өзгеру серпінін табады.
Сонымен,
қаржылық есепті талдау, өз кезегінде, төлем мен несие
қабілеттілігін және ұйымның қаржылық тұрақтылығын байқататын
қаржылық жағдайдың алдын ала жасалатын талдауы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: