Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет115/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

№ 6 есепБелгілі бір жыдардан кейін белгіленген құнды алу үшін банкдегі
депозиттік шотқа жыл сайын қандай соманы салу керек екенін анықтау ке-
рек. 
Бұл есепті шығару үшін «өтелетін қор факторы» деп аталатын функция-
лар колданылады.


184 
Өтелетін қор факторы - бұл кезең ішінде бірліктің жинақтау факторына 
керісінше шама: 
F
6
 = 1/F

 = 1/Σ(1+r)
n-i
. (12.12) 
Әр жыл сайын салымдардың сомасы келесіні құрайды: 
FV = A × F
6
,  (12.13) 
А – салымдардың уақыты өткеннен кейін түсімдер құны. 
Өтелетін қор факторы берілген кезең санындағы ақша қаражатының қал-
дығы қажетті шамада болуы үшін (мысалы 2500 мың теңге) әр кезеңнің 
соңында депозиттеуге қанша ақша қажет екенін көрсетеді. Бұл фактор депо-
зит бойынша қанша пайыз болатынын ескеріп отырады. 
 
5 мысал. төрт жылдық кезеңнің соңында нөл пайызбен 2500 мың теңге 
алу үшін 2500/4 = 625 мың. теңгені депозиттеу қажет. Егер пайыздық 
мөлшерлеме 10% құраса, онда (алдыңғы мысал бойынша) әр жылдың 
соңында 444,45 мың. теңгені депозиттеуге болады. Төрт жылғы жарна мен 
алынған соманың айырмашылығы 722,2 мың. теңгені құрайды. 
Несиелік келісім шарттың (борыштық міндеттеме) уақыты біткенге дейін
кредиторға тек қана пайыз төленетін жағдайларда борышкер несиенің негізгі 
сомасын төлеу үшін арнайы төлем қорын құрады. Әрбір кезеңде борышкер 
жеке қорға есептелінген пайызбен бірге несиенің негізгі бөлігін өтеуді қам-
тамасыз ететін қажетті сомасын төлейді. 
 
 
12.4. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІН 
БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ 
Инвестициялық шешімдердің тиімділігін бағалау әдістерінің дамуы
Гидроэнерге- тикалық қондырғыларды жобалау және теміржол құрылысында 
жобалық-ізденіс жұмыстары бойынша мемлекеттік мақсатты іске асыру 
үшін, тарихи осылай қалыптасқан, инвестициялық талдаудың теориялық 
және ұйымдастыру-әдістемелік аспектілерін зерттеу өткен ғасырдың 20 -шы 
жылдары жүргізіле басталды. Жоспарлы экономикада нарықтың жоқтығы, 
соның ішінде құнды қағаздар нарығы, сөзсіз, инвестициялық талдаудың 
мәселелерін ресей ғалымдары жүргізген зерттеу жұмысының денгейіне 
жағымсыз әсер етті. Көбінесе қаржылық емес активтерге салынған салым-
дардың экономикалық тиімділігін бағалау мәселелері дамып отырды.
Инвестициялық жобаларды бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар, ин-
вестицияның тиімділігін бағалау үшін басқа да ресей және шетел жұмыста-
ры, сол мақсатта қолданатын келесі әдістерді ұсынады. [6]: 
1) пайда мөлшерінің қарапайым бухгалтерлік әдісі; 


185 
2) қарапайым (дисконтсыз) инвестициялардың өтелу әдісі (инвестиция-
лардың өтелу 
уақытын анықтайтын әдіс); 
3) жобаның өтелуінің дисконттық әдісі; 
4) жоба құнының нақты (ағымдағы) таза әдісі (таза келтірілген 
тиімділіктің есептеу әдісі.); 
5) инвестицияның табыстылық индексін есептеу әдісі; 
6) табыстылықтың ішкі мөлшерлеме әдісі ( инвестицияның табыстылық
мөлшерін есептеу әдісі); 
7) табыстылықтың ішкі мөлшерлемесінің түрлендірілген әдісі; 
8) инвестицияның тиімділік коэффициентін есептеу әдісі; 
9) қарызды толық өтеу мерзімі. 
Бірақ әлемдік тәжірибеде, В. Друри көрсеткендей, инвестицияны 
бағалауда. 12.4.1 кестеде көрсетілген әдістер жиі пайдаланылады. 
Аталған әдістердің бір де бірі жобаны қабылдауда толық жарамайды. Әр 
әдіс кезеңнің кейбір сипаттамасын сындарлы қарауға, маңызды кездерді то-
лық қарап шығуға, инвестициялық жобаларды талдауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық іс-әрекетті талдауда қолданылатын барлық әдістерді екі 
топқа бөлуге болады: 
а) дисконттік бағалауға негізделген; 
б) есеппен бағалауға негізделген. 
Дисконттық бағалауға негізделген әдістерге жататындар: 
таза ағымдық құн әдісі, немесе таза келтірілген нәтиже; 
• табыстылық әдісі; 
• өтелудің ішкі мөлшерінің әдісі; 
• ағымдағы өтелу әдісі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет