28
Ондағы көрсеткіштер логикалық және тізбекті формада орналасады, мәтіндік
мазмұнға қарағанда аз орынды алады және танымдық тиімділікке тез қол
жеткізіледі. Кестелік материал талдамалық мәліметтерді бір толық бір жүйе-
ге келтіруге мүмкіндік береді. Кестенің көмегімен
зерттелетін көрсеткіштер
арасындағы байланыс бақыланады.
Талдамалық кестені құру - ШҚТ әдістемесіндегі маңызды элемент. Бұл
үдеріс зерттелетін құбылыстардың мәнін, оларды талдау әдістемесін, кестені
рәсімдеу ережелерін білуді қажет етеді. Кестенің үш түрі болады: жай, топ-
тық, бірлескен.
Жай кестелерде сипатталатын құбылыстың жиынтық бірлігі
көрсетіледі.
Топтық кестеде мәліметтер зерттелетін жиынтықтың жекелеген бірлік-
тері бойынша бір мәнді белгілерімен топтастырылады. Бірлескен кестелерде
бастапқы материалдар бірнеше белгілер бойынша топтар мен топшаларға
бөлінеді. Топтық кестелерде жай топтау, ал бірлескенде-біріккен топтаулар
көрсетіледі. Зерттелетін ұғымдар арасындағы байланыстарды бекіту мақса-
тында қызмет етеді. Жай кесте зерттелетін құбылыстар жөніндегі ақпараттар
тізімін беруді міндет етеді.
Сыртқы талдамалық кесте жалпы тақырыптан, көлденең және тік қатар-
лардан тұрады. Өзімізге белгілі әрбір кесте
бастауыш және баяндауыштан
тұрады. Бастауыш құбылысты сипаттайтын көрсеткіштер тізімінен тұрады.
Баяндауыш бастауыштың қандай белгілермен сипатталатынын көрсетеді.
Әрбір кестенің оның мазмұнын қысқаша өрнектейтін тақырыбы болуы
тиіс. Графалар бастауыштан тұрып, алфавиттің бас әріптерімен нөмерленеді,
ал графалар баяндауыштан тұрады және араб сандарымен белгіленеді.
Тақырыптағы бастауыш пен баяндауыштың барлық сөздері толығымен
жазылуы тиіс. Қажет болған жағдайда, графаларда көрсеткіштің өлшем
бірлігі көрсетілуі тиіс. Егер кестенің барлық элементтері бірдей өлшем
бірлікте көрсетілсе, онда ол бірлікті кесте тақырыбына шығару тиіс. Абса-
лютті және салыстырмалы көрсеткіштерімен кестені пайдалану ыңғайлы бо-
лу үшін бірінші абсалютті, одан соң салыстырмалы көрсеткіштерді келтірген
жөн. Көрсеткіштердің динамикасын өрнектеу кезінде мәліметтерді хроноло-
гиялық реттілікпен орналастыру қажет.
Талдамалық мазмұны бойынша кестелер қандайда бір белгілер бойынша
зерттелетін
нысанның сипатын өрнектеу, көрсеткіштерді есептеу реті,
көрсеткіштер құрамындағы құрылымдық өзгерістер; әр түрлі белгілер
бойынша көрсеткіштердің өзара байланысы, зерттелетін көрсеткіштер
деңгейіне факторлардың ықпалын есептеу нәтижелері,
резервтерді есептеу
әдістемесі, талдаудың жиынтық нәтижесі болып бөлінеді.
Нысанды сипаттайтын кестелерде қандайда бір экономикалық құбы-
лысты және олардың бір немесе бірнеше нысан бойынша есеп жылындағы
деңгейін өрнектейтін көрсеткіштерден тұрады.
Нысанды сипаттайтын кестеде қандайда бір экономикалық құблыстар-
дан тұратын және олардың бір немесе бірнеше нысандар бойынша есеп
кезеңінедегі деңгейін өрнекетейтін көрсеткіштерден тұрады (кесте 3.4).
29
Талдамалық көрсеткіштерді есептеу ретін көрсететін кестелерде, бірінші
алғашқы ақпарат келтіріледі, сонан соң қажет көрсеткішті анықтау үшін
есептеулер жүргізіледі. Мысалы, корреляция коэффициентін есептеу үшін
келесідей есептеулер жүрізу қажет Σх, Σу, Σху, Σx
2
, Σу
2
(кесте 4.3) және фор-
мула бойынша оның мәні анықталады.
Кетедегі көрсеткіштер серпінін зерттеуде бірқатар жалдардағы бастапқы
ақпараттар хронологиялық реттілікпен келтіріледі және оның негізінде
пайызбен немесе индекстермен өрнектелетін
базистік және тізбектік өсу
қарқыны және өсімі есептеледі.
Жоспардың орындалуын сипаттайтын кестелерді бірінші әрбір нысан
бойынша есеп кезеңіндегі жоспарлы және нақты мәліметтер көрсетіледі со-
нан соң жоспардан ауытқудың абсалютті мәні және жоспардың орындалу
пайызы есептеледі (кесте 2.1.2).
Кестедегі көрсеткіштер құрамындағы құрылымдық өзгерістерді рәсімдеу
кезінде базалы және есеп кезеңдерінде зерттеліп жатқан құбылыстардың
құрамы жөнінде мәліметтер келтіріледі, оның
негізінде жылпы көлемдегі
әрбір элементтің үлес салмағы немесе бөлігі есептеледі және оның өз-
герістері бекітіледі.
Құбылыстардың өзара байланысын өрнектеу үшін кестелер құрылады
және онда жеке және топтық мәліметтер бір көрсеткіш бойынша өспелі неме-
се кемімелі реттілікпен сараланады және сәйкесінше онымен байланысты
басқа көрсеткіштер бойынша орналастырылады.
Факторлы талдау нәтижесін рәсімдеуге арналған кестелерде бірінші
факторлы көрсеткіштер бойынша ақпараттарды өрнектеу қажет, сонан соң
нәтиже бойынша және әрбір фактор есебінен
соңғының өзгерісі бойынша
көрсетілуі тиіс. Резервтерді есепке алу нәтижесін көрсететін кестелер де
осылайша рәсімделеді. Онда факторлы көрсеткіштердің нақты және мүмкін
деңгейлері келтіріледі және әрбір фактор есебінен нәтижелі көрсеткіштің ар-
ту резерві көрсетіледі.
Талдау нәтижесін жалпылау үшін жиынтық кестелер құрылады, онда
кәсіпорынның қандайда бір жағының зерттеу материалы жүйеленеді.
Тал-
дауда ақпараттарды сызбалық көрсетулер кеңінен қолданылады. Сызба
геометриялық белгілер (сызық, тікүшбұрыш, шеңбер)немесе шартты
көркем денелер көмегімен сандарды, көрсеткіштерді масштабты өрне-
ктейді. Олардың үлкен иллюстративті мәні бар.Олардың көмегімен материал
неғұрлым табысты және түсінікті болады.
Сызбалардың талдамалық мәні де жоғары. Кестемен сипатталған мате-
риалға қарағанда сызба арқылы сипатталаған материал зерттеліп отырған
құбылыстың дамуын немесе жағдайын толықтай суреттейді, сандық ақпарат-
тағы заңдылықтарды көзбен байқауға мүмкіндік береді.Сызбада зерттелетін
көрсеткіштердің байланыстары мен үрдістері неғұрлым анық көрінеді.
ШҚТ-да қолданылатын сызбаның негізгі формалары – диаграммалар. Ол
өз формасына қарай
бағаналы, жолақты, шеңбер, шаршы, сызықты,
фигу-
ралы болып келеді. Мазмұны бойынша
диаграммалар салыстырмалық,
30
құрылымдық, серпіндік, байланыс сызбалары, бақылау сызбалары және т.б.
болып бөлінеді.
Сызбалық тәсілдер ШҚТ-ғы әдістемелік міндеттерді шешу кезінде қол-
данылуы мүмкін және бірінші кезекте зерттеліп отырған ішкі құрылымды
көрнекілеп көрсету үшін, технологиялық операциялардың тізбектілігін,
нәтижелі және факторлы көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты көрсе-
ту үшін әр түрлі сызбалар құру,
Ақпараттарды өңдеудің қазіргі компьютерлік технологиясы график құру
үдерісін жеңілдетеді және олардың сапасын арттырады (анықтылық,
көлемділік, эстетикалылық).
Талдау жасаушының міндеті - талдау нәтижесін көрсетудің неғұрлым
сәтті түрін таңдау.
Достарыңызбен бөлісу: