Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет18/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

Жіктеу нышандары 
Факторлар тобы 
Өзінің табиғаты бойынша 
Табиғи-климаттық 
Әлеуметтік-экономикалық 
Өндірістік-экономикалық 
Нәтижеге әсер ету деңгейі бойынша 
Негізгі 
Қосалқы 
Зерттеу нысанына қатысы бойынша
Ішкі 
Сыртқы 
Ұжымға тәуелділігі бойынша 
Шынайы 
Субъективті 
Таралу деңгейі бойынша 
Жалпы 
Арнайы 
Әрекет ету уақыты бойынша
Тұрақты 
Айнымалы 
Әрекет ету сипаты бойынша 
Экстенсивті 
Белсенді 
Өрнектелетін құбылыс- тар қасиеті бойынша Сандық 
Сапалық 
Құрамы бойынша
Қарапайым 
Күрделі 
Өзара бағыныштылық деңгейі бойынша 
(иерархия) 
Бірінші ретті
Екінші ретті және т.б. 
Әсерді өлшеу мүмкіндігі бойынша
Өлшенетін 


34 
Өлшенбейтін 
3.1.1-сурет. Шаруашылық қызметті талдаудағы факторлардың жіктемесі
Зерттеу нысанына қатысты факторлар ішкі және сыртқы, яғни
кәсіпорын қызметінен тәуелді және тәуелсіз болып бөлінеді. Талдау кезінде 
кәсіпорынның өзі ықпал ете алатын ішкі факторларға басты көңіл аудары-
луы тиіс. 
Сонымен қатар бұл жағдайда, дамыған өндірістік байланыстарда және 
әрбір кәсіпорынның жұмыс нәтижесіне қатысты едәуір дәрежеде басқа 
кәсіпорындардың қызметі ықпал етеді, мысалы, шикізат, материалдардың 
бірыңғай және уақытылы жеткізілуі және олардың сапасы, құны, нарық 
құрылымы, инфляциялық үдерістер және т.б. Бұл факторлар сыртқы болып 
табылады. Бірақ олар кәсіпорын ұжымының күшін көрсетпейді, бірақ олар-
дың зерттемесі ішкі себептердің әсерін және өндірістің ішкі резервтерін то-
лық анықтауға мүмкіндік береді. 
Кәсіпорын қызметін дұрыс бағалау үшін факторларды шынайы және 
субъективті деп екіге бөлуге болады. Шынайы факторлар, мысалы, төтенше 
жағдайлар адамдардың еркіне және тілегіне тәуелді емес. Шынайыларға 
қарағанда субъективті себептер заңды және жеке тұлғалардың қызметіне 
тәуелді болады.
Таралу деңгейі бойынша факторлар жалпы және арнайы болып бөлінеді. 
Жалпы факторларға жататындар экономиканың барлық салаларында әрекет 
етеді. Арнайы факторлар кәсіпорынның немесе экономиканың жекелеген са-
лаларында әрекет етеді. Факторлардың бұлайша бөлінуі жекелеген кәсіпо-
рынның, өндіріс салаларының ерекшеліктерін толық ескеруге және оның 
қызметін дәл бағалауға мүмкіндік береді. 
Қызмет нәтижесіне әсер ету ұзақтығы бойынша факторлар тұрақты 
және айнымалы болып бөлінеді. Тұрақты факторлар зерттелетін құбылысқа 
үздіксіз ұзақ уақыт бойы әсер етеді. Айнымалы факторлар әсері оқтын-оқтын 
болады, мысалы, жаңа техниканың, өндірістің жаңа технологиясының, 
өнімнің жаңа түрінің  және т.б. игерілуі сияқты. 
Кәсіпорын қызметін бағалау үшін факторлардың әрекет ету сипаты 
бойынша белсенді және экстенсивті болып бөлінуінің маңызы үлкен. Экстен-
сивті факторларға нәтижелі көрсеткіштің сапалық емес, сандық өсімімен 
байланысы барлар жатады, мысалы, егу алаңын кеңейту арқылы өнім 
өндірісінің көлемін арттыру, жұмысшылар санының, жануарлар санының
және т.б. артуы. Белсенді факторлар өндіріс үдерісіндегі күш жұмсау 
деңгейін, еңбектің қауырттылығын
 
сипаттайды, мысалы, ауылшаруашылық
дақылдары өнімділігінің, мал өнімділігінің, еңбек өнімділігі деңгейінің ар-
туы. 
Егер талдау кезінде шаруашылық қызмет нәтижесіне әрбір фактордың 
әсерін өлшеу мақсаты қойылса, онда оны сандық және сапалық, қарапайым 
және күрделі, өлшенетін және өлшенбейтін факторлар деп бөлінеді. 


35 
Сандық факторлар ұғымның сандық анықталуын көрсетеді (шикізат, 
құрал-жабдықтар, жұмысшылар саны және т.б.). Сапалы факторлар зертте-
летін нысанның ерекшеліктері мен нышандарын, ішкі сапасын анықтайды
(еңбек өнімділігі мен өнім сапасы және т.б.) 
Зерттелетін факторлардың көпшілігі құрамы бойынша бірнеше элемент-
тен тұратын күрделі болып келеді. Бірақ, құрамдас бөліктерге бөлінбейтіндер 
де кездеседі. Құрамына қарай факторлар күрделі (кешенді) және қарапайым
(элементті) болып бөлінеді. Күрделі факторлар, мысалы, еңбек өнімділігі, 
ал қарапайымы – есеп беру кезеңіндегі жұмыс күні.
Жоғарыда аталып өткендей, бірқатар факторлар нәтижелі көрсеткішке 
тікелей әсер етеді, ал қалғаны - жанама. Өзара бағынушылық деңгейі 
бойынша бірінші, екінші, үшінші және т.б. ретті болып бөлінеді. Бірінші 
деңгейлі факторларға нәтижелі көрсеткішке тікелей әсер ететін факторлар 
жатады. Бірінші деңгейдегі факторлар нәтижелілік көрсеткішке тікелей әсер 
етеді. Нәтижелі көрсеткішті жанамалы түрде анықтайтын факторларды 
екінші деңгейлі деп атайды. Мысалы, жалпы өнімге қатысты бірінші 
деңгейлі факторларға жұмысшылардың орташа жылдық саны және бір 
жұмысшының орташа жылдық өнімділігі жатады. Бір жұмысшының жұмыс 
атқарған күні және орташа күндік өнімділігі екінші деңгей факторларға жа-
тады. Үшінші деңгейлі факторларына жұмыс күнінің ұзақтығы және орташа 
сағаттық өнімділік жатады. 
Нәтижелі көрсеткішке жекелеген факторлардың әсері санмен өлшенуі 
мүмкін. Сонымен қатар кәсіпорын қызметінің нәтижесіне бірқатар фактор-
лардың әсері тікелей өлшенбейді мысалы, жұмыскерлердің тұрғын үймен, 
бала бақшамен қамтамасыз етілуі, кадрлардың дайындық деңгейі және т.б.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет