Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет25/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

 
 


43 
3.10 КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ТӘСІЛІ 
Көрсеткіштер арасындағы өзара байланысы ықтималды және толық емес 
болғанда стохастикалық талдауда факторлардың әсерін өлшеу үшін 
корреляциялық талдау тәсілдері қолданылады. Жұптық және көптік 
корреляция деп түрлерге бөлінеді. Жұптық корреляция - бұл бірі факторлы 
болып, ал екіншісі нәтижелі болып келетін екі көрсеткіштің арасындағы 
байланыс. Көптік корреляция нәтижелі көрсеткішпен бірнеше факторлардың 
өзара іс-қимылынан туындайды. 
Корреляциялық талдауды пайдаланудың қажетті шарты.
1) Зерттелетін факторлар мен нәтижелі көрсеткіштердің шамасы 
жөнінде жеткілікті бақылаулар санының болуы (серпіндідегі немесе ағымды 
жылдағы біртекті нысандар жиынтығы).
2) Зерттелетін факторлардың сандық өлшемі болады және қандай да бір 
ақпарттар көзінде көрініс табуы керек.
Корреляциялық талдауды пайдалану келесідей міндеттерді шешуге 
мүмкіндік береді: 
1) бір немесе бірнеше факторлар әсерінен нәтижелі көрсеткіштің 
өзгеруін анықтау (абсалютті өлшеммен), яғни фактор бірлікке өзгергенде 
нәтижелі көрсеткіш шамасының қаншалықты өзгеретіндігін анықтайды; 
2) әрбір фактордан нәтижелі көрсеткіш тәуелділігінің салыстырмалы 
деңгейін анықтау. 
Корреляциялық талдау бірнеше кезеңнен тұрады. 
Бірінші кезеңде зерттелетін көрсеткішке әсер ететін факторлар 
анықталады және корреляциялық талдау үшін неғұрлым маңыздысы 
таңдалады. Факторларды іріктеу - экономикалық талдаудағы өте маңызды 
кезең болып келеді, оның қаншалықты дұрыс жасалғандығы талдау 
қорытындысы бойынша дәл қорытынды жасаудан тәуелді болады. Сонымен 
қатар келесідей ережелерді ұстану қажет: 
1) факторларды іріктеу кезінде бірінші кезекте көрсеткіштер арасындағы 
себепті-салдарлы байланысты ескеру қажет, өйткені тек олар ғана зерттелетін 
құбылыстардың мәнін ашады. Нәтижелі көрсеткішпен математикалық 
арақатынаста болатын факторларды талдаудың тәжірибелік мәні болмайды
2) корреляциялық көп факторлы үлгіні жасағанда нәтижелі көрсеткішке 
айтарлықтай әсер ететін өте маңызды факторларды таңдап алу керек, себебі 
барлық жағдайлар мен шарттарды іс жүзінде барлығын қамту мүмкін емес.
Есептеу кезінде Стьюдент көрсеткіші бойынша кестедегі мәннен төмен 
факторларды алмау керек. 
3) сызықты түрдегі корреляциялық үлгіге нәтижелі көрсеткішпен қисық 
сызықты сипаты бар факторларды енгізуге болмайды; 
4) корреляциялық үлгіге өзара байланысы бар факторларды енгізуге 
рұқсат етілмейді. Егер корреляцияның жұпты коэффициенті екі фактордың 
арасында 0,85-тен көп болса, онда корреляциялық талдаудың ережесі 
бойынша екеуінің біреуін шығару керек, өйтпесе талдаудың нәтижесін 
бұрмалауға алып келеді; 


44 
5) нәтижелі көрсеткішпен функциялық байланысы бар факторларды 
корреляциялық үлгіге ендіруге болмайды. 
Корреляциялық үлгі үшін факторларды іріктеуде талдамалық топтар
параллелді және серпінді қатарларды салыстыратын әдіс, сызықты сызбалар 
үлкен көмек көрсетеді. Олардың көмегімен зертеліп жатқан көрсеткіштердің 
арасындағы тәуелділіктің барлығын, бағытын және түрін анықтауға болады. 
Стьюдент көрсеткіші бойынша оның маңыздылығын бағалау негізінде 
корреляциялық талдаудың мақсатын шешу үдерісінде де факторларды 
іріктеуді жүргізуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет