Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет3/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
Қазіргі маманға кәсіпорынның мәліметтерін экономикалық (қаржы-
лық және басқарушылық) талдау, өндіріс қызмет тиімділігін талдау бойынша 
білімдердің кең көлемі қажет. Бұл білімдердің теориялық негізін экономика-
лық теория, экономикалық талдау мен бухгалтерлік есеп теориялары және 
оған қосымша осы қарастырылып отырған курс оның негізін құрайды. Бұл 
курс кәсіпорын есебін қалыптастыру кезінде, халықаралық аспектідегі бизне-
сте тиімді шешімді қабылдау мақсатында ақпаратты талдау кезінде экономи-
калық (қаржылық және басқарушылық) талдаудыңталдаудың ерекшеліктерін 
қарастырады, есеп пен талдау негізінде жатқан теориялық ережелер мен 
қорытындыларды, құрылымдық бөлімшелердің өзара қарым-қатынасын зерт-
тейді 
Бұл курстың мақсаты студенттерге іргелі аналитикалық білім алуға, 
қаржылық және басқарушылық талдаудың негізгі құралдарын және өндірісті 
басқару мен қызметтерді ұсынудағы практикалық тәжірибені пайдалану, ма-
гистратурада және тәжірибелік қызметте бухгалтерлік есептемені қолдануға 
байланысты білімдерді беруге бағытталған. 
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесілерді білуі керек: халықаралық 
қаржылық есептілік стандарттарының негізгі ережелерін; активтер мен 
міндеттемелерді, міндеттемелер мен капиталды талдау; кәсіпорындардың 
қаржылық есептілігі мен есеп саясатын талдау ерекшеліктері; бухгалтерлік 
есеп пен талдаудың халықаралық аспектілері; шешім қабылдаған кезде бух-
галтерлік есеп пен талдау құралдарын қолдану мүмкіндігін; бухгалтерлік 
есеп пен талдаудың ерекшеліктерін, дамыған қор нарығында қаржылық және 
басқарушылық есеп пен талдауды қолдана білу. 
Экономикалық талдау – бұл бизнестегі басқарушылық шешімді 
қабылдаудың ғылыми базасы. Оларды негіздеу үшін сол кезде анықталған 
және әлеуетті мәселелерді, өндірістік және қаржылық тәуекелді анықтап 
болжау, шаруашылық субъектісінің табысы мен тәуекел деңгейіне 
қабылданған шешімдердің ықпалын анықтау қажет.
Сондықтан барлық деңгейдегі менеджерлердің кешенді экономикалық 
талдау әдістемесін меңгеруі олардың кәсіби дайындығының құрамдас бөлігі 
болып табылады.
Білікті экономист, қаржыгер, бухгалтер, аудитор және басқа да 
экономикалық бейіндегі мамандар экономикалық зерттеудің қазіргі әдістерін, 
жүйелі, кешенді, микроэкономикалық талдау шеберлігін жақсы меңгеруі 
тиіс. Талдаудың техникасын және технологиясын жақсы біле отырып, олар 
нарықтық жағдайдың өзгерістеріне жеңіл бейімделе алады және дұрыс 
шешімдер мен жауаптарды анықтай алады. Осыған байланысты 
экономикалық талдаудың негізін жетік игеру, шешім қабылдауға қатысатын 
немесе оларды қабылдауға нұсқау беретін немесе оның салдарын өзі сезіне 
алатын әрбір адам үшін пайдалы.



Бұл оқу пәнін оқудың негізігі мақсаты – тәжірибелік жұмыста қажетті
шаруашылық қызметті талдаудың тәжірибелік дағдыларын алу және 
әдістемелік негіздерін игеру жолымен студенттердің талдамалық, 
шығармашылық ойлауын қалыптастыру.
Оқу үдерісінде студенттер экономикалық құбылыстар мен үдерістердің 
мәнін, олардың өзара байланысы мен өзара қарым-қатынасын түсінуі және 
оларды бөлшектеу, жүйелеу, үлгілеу шеберлігін түсінуі және үйренуі қажет, 
сондай-ақ, факторлардың ықпалын анықтап, қол жеткізілген нәтижелерді 
кешенді бағалап, кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру резервтерін 
анықтай білуі керек.
Экономикалық талдау экономикалық мамандықтағы студенттердің 
оқитын барлық пәндерін тиімді біріктіретін білім жолы болып табылады. Ол 
өндірістік және қаржылық талдаудың үйлесімділігіне негізделеді және 
кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметін кірікті (интегралды) кең 
түсінуді қамтамасыз етеді.
Материалды ұсыну кезінде автор осы пәнді оқитын студент 
шаруашылық қызметті талдауға сүйенетін экономика, ұйымдастыру және 
өнеркәсіптік өндірістерде өндірсті жоспарлау, бухалтерлік есеп және 
есептеме, статистика, шаруашылық қызметті талдау теориясы, қаржылық 
менеджмент, маркетинг және басқа да аралас пәндерін білетіндігін ескерді.
Әрбір тараудың соңында білімді нығайту үшін сұрақтар мен бақылау
тапсырамалары берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет