Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет65/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

 = НК тозу сомасы / НК бастапқы құны
б) жарамдылық коэффициенті К
жарам
:
К
жарам
 = НК қалдық құны / НК бастапқы құны. 
Жарамдылық коэффициенті бірмен немесе 100%-бен тозу коэффици-
ентінің айырмасы ретінде саналады.
К
жарам
 = 1 - К
тозу
К
тозу
и К
жарам
талданатын кезеңнің басы мен соңындағы жағдайы 
бойынша саналады: 
К
бас
тозу 
= 6673,5 / 22245 × 100% = 30% 
К
соң
тозу 
= 7176 / 34702,5 × 100% = 20,7%. 
Қарастырылып отырған мысал бойынша негізгі капиталдың тозу коэф-
фициентінің төмендеуіне жаңалау коэффициентінің жоғары деңгейі себепші 
болды.
 
 
7.3. НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫҢ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН
ТАЛДАУ 
Негізгі капитал - өндірістік ресурстардың бір түрі. Оларды пайдалану 
тиімділігін бағалау қайтарым және сыйымдылық көрсеткіштерін санау және 
талдауды болжау арқылы ресурстардың барлық түрлеріне бағалау техноло-
гиясын қолдану негізделген. 
Қайтарым көрсеткіші 1 теңге ресурсқа келетін дайын өнім шығымын си-
паттайды.
Сыйымдылық көрсеткіші 1 теңге өнім шығарымына келетін ресурстар-
дың шығынын немесе қалдық қорын сипаттайды. Қалдық қор деп теңгерім 
бойынша есеп беретін күнге келетін ресурс көлемін білдіреді, ал шығын деп 
– ресурстардың ағымдағы жұмсалымын, соның ішінде негізгі капитал 


103 
бойынша амортизация да жатады. Ресурстардың қалдық қорын өнім 
көлемімен салыстырғанда сол кезеңдегі қалдық қордың орташа мәнін санау 
керек.
Қорқайтарымы негізгі капиталды пайдалану тиімділігінің жинақтаушы 
көрсеткіші болып саналады. Негізгі капиталдың қорқайтарымы келесі фор-
муламен анықталады:
ҚҚ

= Q / НК
орт 
мұнда Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі; 
НК
орт 
- негізгі капиталдың орташа бастапқы (қалпына келтіру) 
құны.
Қорқайтарымын санаған уақытта негізгі капиталдың құнына меншікті 
және жалға алынған капиталды қосады, ал уақытша тоқтап тұрған, сонымен 
қатар басқа ұйымдарға жалға берілген капитал есепке алынбайды.
Қорқайтарымының серпінін бағалағанда бастапқы мәліметтер салы-
стырмалы түрге келтіріледі. Өнім көлемі көтерме бағаның өзгеруіне байла-
нысты түзетулер жүргізіледі, ал негізгі капиталдың құны нарық бағасымен 
құжат бойынша дәлелденген баға бойынша тікелей қайта санау арқылы
немесе индекстеу арқылы ағымдағы (қалпына келтірілген) құны бойынша 
қайта бағаланады.
Қорқайтарымының өсуі бірдей барлық жағдайда дайын өнімнің 1 
теңгесіне келетін амортизациялық аударымның, немесе амортизация- 
сыйымдылығының азаюына алып келеді, сонымен қатар тауар бағасындағы 
пайда үлесінің жоғарылауына себеп болады:
A
с 
= A / N, 
мұнда A
с 
 - амортизация сыйымдылығы; 
А – саналған амортизация сомасы. 
Қорқайтарымының өсуі өнім көлемінің қарқынды өсуіне себеп болатын 
факторлардың бірі болып саналады. Бұл байланысты фактор үлгісінің муль-
типликативті немесе индексті түрімен өрнектеуге болады:
 
Q = НК
орт 
× ҚҚ
o
 немесе I
Q
= I
нк
Факторлық үлгі негізінде негізгі қордың ұлғаюының және қорқайтары-
мы өсімінің арқасында өнім көлемінің өсімі саналады:  
ΔQ  = ΔQ (НК
орт
) + ΔQ (ҚҚ
o
), 
Қолданатын ресурстарды толық пайдалану арқылы қол жеткізілген өнім 
көлемінің өсіміне қарағанда негізгі капиталдың қорқайтарымы арқылы оның 


104 
өсімінің артық болуы өнім көлемі өсімінің қарқыны ресурстар шығының өсу 
қарқыныа қарағанда жоғары екенін көрсетеді, бұл деген сөз капитал мен сату 
табыстылығының жоғарлануына, сонымен қатар ұйымның экономикалық 
әлеуетінің жоғарылауына алып келеді (ресурстың басқа түрлерін пайдалану 
көрсеткіші өзгермегенде).
Негізгі капиталдың қорқайтарымының өсуі табыстылықтың өсуіне әсер 
ететін маңызды шарттардың бірі болып табылады, себебі қорқайтарымы өнім 
көлемінің көрсеткіші арқылы саналса, ал табыстылық өнімді сатудың қаржы-
лық нәтижесін көрсетеді. Осы мағынада қорқайтарымы өндірістің технологи-
ялық тиімділігін көрсетсе, ал табыстылық экономикалық тиімділікті байқа-
тады. 
Негізгі капиталды пайдалану тиімділігінің басқа көрсетіші ретінде 
негізгі капиталдың қорсыйымдылығы пайдалынады. Ол негізгі капиталдың 
орташа құнының өнім көлеміне қатынасымен анықталады (қорқайтарымына 
кері көрсеткіш):
ҚҚ
е
 = НК
орт
/ Q. 
Серпінді (динамикалы) түрінде қорсыйымдылығын санау мен 
бағалаудың зор маңызы бар. Қорсыйымдылығының өзгеруі өнімнің бір 
теңгесіне келетін негізгі қор құнының өсімін немесе төмендеуін көрсетеді 
және ол негізгі капиталға жұмсалатын қаражаттардың салыстырмалы 
үнемділігін немесе артық жұмсалғанын анықтауда қолданылады.
Негізгі капиталдың салыстырмалы үнемділігін (артық жұмсалуын) ке-
лесі формула бойынша анықталады:
Ү(НК
орт
) = (ҚС
е1 
- ҚС
е0
)× Q.
Негізгі капитал құны мен өнім көлемінің өсім қарқындылығының ара 
қатынасы қорсыйымдылығының шекті көрсеткішін анықтауға мүмкіндік бе-
реді, яғни өнім өсімінің 1%-на келетін негізгі капиталдардың өсімін көрсе-
теді. Егер қорсыйымдылығының шекті көрсеткіші бірден кем болса, онда 
негізгі капиталды пайдалану тиімділігінің өскенін және өндірістік қуатты 
пайдалудың жоғарыланғанын көрстеді.
Технология жүйесінің ресурссыйымды даму кезеңінде өндіріс әлеуетін 
дамытуда өндірістің қорсыйымдылығы өсуі де мүмкін.
Қаралған көрсеткіштердің өнім көлемінің өзгеруіне тигізетін әсерін 
бағалау үшін 7.3.1-кесте мәліметтерін пайдаланып көрейік.
Қорқайтарымының өсуі құрал-жабдықтың орташа жылдық құнының өсу 
қарқынына қарағанда шығарылған өнім көлемінің қарқынының артық бо-
луымен байқалады. Негізгі капиталдың әрбір пайызына өнім көлемінің өсуі 
17 / 15,9 = 1,069 пункт құрайды. Бұл көрсеткіш әр түрлі өндірістердің техно-
логиялық тиімділігін бағалау үшін және ұзақ мерзімдегі ұйым жұмысының 
тиімділік серпінін білу үшін қолданылады.


105 
Шығарылған өнім көлемінің өсімі өндірістік әлеуеттің ұлғаю себебінен
832,6 млн. теңгеге (639 × 1,303) және оны пайдалану тиімділігінің жоғары-
лауынан 60,7 млн. теңгеге (0,013 × 4667) артқанын анықтап отырмыз. Өнім 
көлеміне қарағанда негізгі капиталдың ұлғаю әсерінің үлесі 832,6/893 = 
=0,932 құрап отыр, ал қорқайтарымының әсер үлесі – 60,7/893 = 0,068 болды.
Шығарылған өнім көлеміне әсер ететін екі фактордың қалыптасқан ара 
қатынасы өндірістің табыстылығының өсуіне алғышарты болып келеді. Қор-
сыйымдылығының төмендеуі негізгі капиталға жұмсалған салымдардың са-
лыстырмалы үнемделгенін көрсетеді. Негізгі капиталдың салыстырмалы 
үнемделуі келесіні құрайды:
(0,760 - 0,767) × 6142 = - 43 млн. теңге 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет