106
дыру мен автоматтандыру, алдыңғы
қатарлы технологияны қолдану, қазіргі
құрал-жабдықтарды жаңғырту керек (өндірісті дамытудың белсенді жолы);
• құрал-жабдықтардың жұмыс істеу уақытын ұлғайту;
• құрал-жабдықтар жұмысының белсенділігін арттыру, сонымен қатар
технологиялық үдерістің талаптарына сай шикізат пен материалдардың сапа-
сын және өнеркәсіптік-өндірістік персонал біліктілігін көтеруді қамтамасыз
ету керек;
• жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтардың жүктемесін көбейту.
Құрал-жабдықтардың пайдалануын талдау үшін олардың пайдалану
дәрежесіне байланысты топтау керек.
Қолда бар құрал-жабдықтарға техникалық
жағдайына және орналасқан
орнына байланыссыз (цехтарда, қоймаларда, жұмыс істеп тұрғандар және
бөлшектенген түрінде болатындар) теңгерімде есепке алынған барлық құрал-
жабдықтар жатады.
Қолда бар құрал-жабдықтарға орнатылған және орнатылмаған құрал-
жабдықтар жатады. Орнатылған құрал-жабдықтарға пайдалануға берілген
және белгілі жұмыс
орнында орналасқан станоктар, агрегаттар және маши-
налар жатады, сонымен қатар жөндеудегі және жаңғыртудағы құрал-
жабдықтарды есепке алу керек. Орнатылмаған құрал-жабдықтарға сапалы
және табиғи тозуына байланысты есептен шығарылатын немесе орнатуға жа-
татын құрал-жабдықтар жатады. Пайдалануға берілмеген сияқты орнатыл-
маған құрал-жабдықтар негізгі капитал құрамының теңгерімінде саналмайды.
Ұйымдағы және оның құрылымдық
бөлімшелеріндегі құрал-
жабдықтардың саны белгілі бір күнге немесе кезеңдегі орташа саны арқылы
анықталады.
Қолда бар құрал-жабдықтардың өндіріске қатысуы және оның өндірісте
пайдалану келесі көрсеткіштер көмегімен анықталады:
Пайдалануға берілген құрал-жабдықтардың үлесі =
=Орнатылған құрал-жабдықтар / Қолда бар құрал-жабдықтар
Жұмыс істейтін құрал-жабдықтардың нақты үлесі =
=Жұмыс істейтін құрал-жабдықтар / Орнатылған құрал-жабдықтар
Пайдалану дәрежесі =
=Парктегі барлық ж
ұмыс істейтін құрал-жабдықтар/ Қолда бар
құрал-жабдықтар
Егер осы көрсеткіштердің мәні бірге жақын болса,
онда құрал-
жабдықтар толығымен пайдалынғанын көрсетеді, сонымен қатар өндірістік
бағдарлама өндірістік қуатқа сәйкес келгенін байқатады.
Бірақта қолда бар құрал-жабдықтардың пайдалану дәрежесінің жоғары-
лауы оның құрал-жабдықтардың қайтарымдылығын толық білдірмейді. Ма-
териалдық өндіріс өрісінде ауысым бойы және ауысым ішінде құрал-
жабдықтардың тұрып қалуын азайту мәселелері маңызды рөл атқарады.
107
Құрал-жабдықтарды пайдалануды бағалау үшін уақыт қорының келесі
көрсеткіштері анықталады (7.3.2 -кесте):
• күнтізбелік уақыт қоры (талдау кезеңіндегі күнтізбелік күн саны
× 24);
• атаулы (тәртіптемелі (режимдік)) уақыт қоры (кезеңдегі
жұмыс
ауысымының саны × жұмыс ауысымының сағатпен саналған ұзақтығы);
• тиімді (нақты) уақыт қоры, ол жоспарлау кезеңіндегі пайдалы пайда-
ланған уақыт санымен анықталады (атаулы уақыт қоры – құрал-жабдықтарды
жөндеуге, жаңғыртуға, сақтандыруға және дайындауға кететін уақыт);
• пайдалы уақыт – құрал-жабдықтардың нақтылы жұмыс істеген
уақыты (тиімді (нақты) уақыт қоры – жоспардан тыс тұрып қалу уақыты);
Құрал-жабдықтарды бүкіл ауысым бойынша пайдалану деңгейі ауысым
коэффициентін К
ауыс
сипаттайды, ол белгілі кезеңде нақтылы жұмыс істеген
станокауысым санының
сол кезеңдегі бір
ауысымда орнатылған барлық
құрал-жабдықтардың барынша көп жұмыс істеген станокауысым санына
қатынасымен анықталады.
К
смауыс
= Т
жұм. ауыс
/ Т
max
Достарыңызбен бөлісу: