7.3.5 кесте - Құрал-жабдықты өндірістік пайдалану интегралдық
көрсеткішін есептеу
Көрсеткіш
Базистік кезең
Есеп беру
кезеңі
Ауытқуы
Өзгеру
қарқыны,
%
115
Жүктеменің экстенсивтік
коэффициенті
9,602
11,627
2,025
121,9
Жүктеменің белсенділік
коэффициенті
0,416
0,402
-0,014
96,6
Жүктеменің интегралдық
коэффициенті
3,994
4,674
0,680
117,03
Бақылау сұрақтары
1. Негізгі капиталды талдау қандай негізгі бағыттарда жүргізіледі?
2. Негізгі капиталдың серпінін бағалау үшін қандай көрсеткіштер пайда-
ланады?
3. Негізгі капитал қорқайтарымының көрсеткіштерін есептеу мен тал-
даудың қандай экономикалық мәні бар ?
4. Негізгі капитал қорсыйымдылығының көрсеткіштерін талдаудың
қандай экономикалық мәні бар?
5. Негізгі капитал қорқайтарымының өсуіне әсер ететін басты фактор-
ларды сипаттаңыз. Олардың ішінде қайсысының басымдылық мағынасы бар?
6. Құрал-жабдықтың жүктемесін бағалау үшін қандай көрсеткіштер
пайдаланылады?
7. Қорқайтарымының факторлық үлгісін және құрамдасымен бірге
көрсеткіштерді суреттеңіздер.
8. Негізгі капитал қорқайтарымына әсер ететін бірінші және келесі
деңгейдегі факторларды айтыңыз.
9. Негізгі капиталды талдауда қандай тәсілдер мен әдістер қолданыла-
ды?
116
8.АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ТАЛДАУ
8.1 АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ТАЛДАУДЫҢ МАҚСАТЫ,
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ АҚПАРАТПЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Ұйым мүлкінде айналым капиталы маңызды орын алады, ол ағымдағы
активтерге салған қаражаттардың бір бөлігі. Айналым капиталынталдаудың
негізгі мақсаттары:
• айналым капиталының құрамы мен құрылымының өзгеруін зерттеу;
• негізігі бағыты бойынша айналым капиталын топтастыру;
• айналым капиталын қалыптастыру көздерін анықтау;
• айналым капиталын тиімді пайдалану көрсеткіштерін анықтау.
Талдау үшін ақпараттың негізгі көзі бухгалтерлік теңгерім, пайда және
залал жайындағы есеп, айналым капиталын есептеу тіркелімі болып табыла-
ды. Олар теңгерімнің әрбір бабын түсіндіреді және нақтылайды. Айналым
капиталының элементі келесілер болады:
• еңбек заты (шикізат, материалдар, отын);
• ұйым қоймасындағы дайын өнім, қайта сатылатын тауарлар;
• есеп шотындағы қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар,
ақшалай қаражаттар.
Өндіріс үдерісінде айналым капиталының атқаратын рөлі негізгі капитал
рөлінен түпкіліктей айырмашылығы бар. Айналым капиталы өндіріс
үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Олардың аса ерекшілігі – айналым
жылдамдығы.
Айналым капиталының заттай элементтері (өндірістік айналым запаста-
ры) әрбір өндірістік кезеңде толығымен тұтынылады, өзінің табиғи-заттай
түрін жоғалтуы мүмкін және толығымен жасалған өнімнің (орындалған
жұмыстың, көрсетілген қызметтің) құнына қосылады.
Айналым капиталының айналымы үш сатыдан тұрады:
1) дайындау (көтере сатып алу);
2) өндірістік;
3) өткізу.
Өндіруге (немесе тауарды сатуға) қажетті белгілі бір ресурстарды
өндірісте жұмсау үшін кез келген бизнестің аз да болса ақшалай қаражаттың
(айналыс запасы) біраз сомасы болуға тиісті. Көтере сатып алу сатысында
ақшалай түрдегі айналыс қоры ақшалай түрден өндірістік түрге (еңбек заты-
на немесе тауарларға) ауысады.
Өндіріс сатысында ресурстар өнім, жұмыс немесе көрсетілген қызмет
құрамына кіреді. Айналым капиталының өндірістік түрден тауар түріне (ай-
налым қоры айналыс қорына) ауысуы осы сатының нәтижесі болып санала-
ды.
Өнімді өткізу сатысында айналым капиталы тауар түрінен қайтадан
ақшалай түрге ауысады. Ақшаның бастапқы сомасы (Ақ) мен өнімді (жұмы-
117
сты, көрсетілген қызметті) сатудан түскен түсім (Ақ') көлемі әрқашанда бір
біріне сәйкес келмейді. Бизнестің тапқан қаржылық нәтижесі (пайда немесе
залал) осы дәл келмеудің себебін түсіндіреді.
Айналым капиталының элементтері шаруашылық операциялардың то-
лассыз ағымының бір бөлегі болып келеді.
Өндірістік қорды сатып алу олардың көлемінің және кредиторлық бере-
шектің өсуіне алып келеді; өндіріс дайын өнімнің өсуіне, өнімді сату – деби-
торлық қарыздың, кассадағы және есеп айырысу шоттарындағы ақшалай
қаражаттардың өсуіне алып келеді. Операцияның бұл кезеңдігі дүркін-
дүркін қайталанып отырады және ақырында ақшалай қаражаттардың түсуіне
және ақшалай төлемге алып келеді.
Ақшалай қаражаттардың уақыт кезеңінде айналым жасауы өндірістік-
коммерциялық кезеңдігінің ұзақтығын көрсетеді. Бұл кезең шикізат пен ма-
териалдарлдарға ақша төлеген уақыт пен дайын өнімді сатқаннан түскен
ақша уақытының аралығын білдіреді. Кезеңдік ұзақтығына келесі
кезеңдердің созылыңқылығы әсер етеді:
• жеткізушілердің ұйымға материалдарын несиеге беру;
• ұйымның жеткізушілерге алда алынатын материалдары үшін несие
беру;
• шикізат пен материалдардың запаста болуы;
• өндіру және дайын өнімді қоймада сақтау.
Айналым капиталының элементтері өндіріс саласынан айналыс аясына
үздіксіз өтіп отырады, сонан кейін қайтадан өндіріс саласына қайтып орала-
ды.
Айналым капиталаның бір бөлігі өндіріс саласында тұрақты орын алады
(өндірістік запас, аяқталмаған өндіріс, қоймадағы дайын өнім және т.б.), ал
бір бөлігі айналыс аясында жіберілген өнім, дебиторлық қарыз, құнды қағаз-
дар, ақшалай қаражаттар түрінде болады. Сондықтан айналым капиталының
құрамы мен мөлшері өндірістің қажеттілігімен ғана емес айналыстың
қажеттілігіне де байланысты болады.
Әртүрлі шаруашылық іс-әрекет түрлерінде, тіпті бір саланың әртүрлі
ұйымдары бар өндіріс саласы мен айналыс аясы үшін айналым капиталына
деген қажеттілік бірдей бола бермейді. Бұл қажеттілік айналым капиталының
заттық құрамымен және айналыс жылдамдығымен, өндіріс көлемімен, тех-
нологиясымен, өндірісті ұйымдастыруымен, өнімді сату шартымен және
шикізатты сатып алу өзгешелігімен және басқа да факторлармен анықталады.
Қаржылық-пайдалану қажеттілігін есептеу үшін талдамалық, тікелей са-
нау, коэффициенттік әдістерді пайдалынады.
Талдамалық (тәжірибелік-статистикалық) әдіс бойынша бірнеше
жылдарға (3-5 жылға) қаржылық-пайдалану қажеттілігі есептелініп, орташа
мәні алынады. Есептеу келесі қарым-қатынас бойынша жүргізіледі:
ТПҚ = З + Д
б
– ҚМ
п
,
мұнда 3 - запастар және басқа да айналым активтері;
118
Д
б
– дебиторлық қарыз;
ҚМ
п
– қысқа мерзімді пассивтер.
Тікелей есептеу әдісі нормативтерді пайдалана отырып, айналым капи-
талының әрбір элементі бойынша қажеттілік есептелінеді:
• өндірістік қор;
• күтіліп отырған аяқталмаған өндіріс;
• күтіліп отырған қоймадағы дайын өнімнің қалдығы;
• күтіліп отырған дебиторлық қарыздар;
• қажетті ақша қаражаттары мен құнды қағаздар.
Осыдан кейін айналмалы капиталға деген қажетті нормативтік запас
есептелінеді.
Коэффициенттік әдіс бойынша алдымен тікелей есептеу әдісімен есеп-
теуді жүргізіледі де, сонан кейін өндіріс көлемінің өзгеру серпініне (динами-
касына) байланысты түзетулер жүргізіледі.
Айналым капиталын жоспарлау, есепке алу және талдау тәжірибесінде
келесі бойынша топталынады:
• өндіріс үдерісінде атқаратын рөліне қарай - өндірістік айналым
қоры және айналыс қоры;
• материалдық-заттық құрамына қарай - өндірістік қор, аяқталмаған
өндіріс, дайын өнім және тауар, ақша қаражаттары, есептегі және басқа да
активтер;
• бақылау, жоспарлау және басқару тәжірибесіне қарай мөлшерленетін
және мөлшерленбейтін;
• қалыптастыру көздеріне қарай – меншікті, несиелік, тартылған;
• өтімділігіне (ақша қаражатарына айналу жылдамдылығына) қарай –
абсолютті өтімді қаражаттар, тез іске асатын, баяу іске асатын айналым капи-
талы (8.1.1-кесте);
• қаражат салымының тәуекелділік дәрежесіне қарай – ең аз, аз, орта-
ша және жоғары тәуекелдігі бар салымдар (8.1.2-кесте);
• ұйым теңгерімінде көрсету және есепке алу стандарты бойынша –
запастағы және жұмсалған қаражаттар, есептегі, ақша қаржатары және басқа
да активтер түріндегі айналым капиталы;
Айналым капиталының құрамы мен құрылымын бағалау үшін
теңгерімнің әрбір активінің ағымдағы бабы бойынша талдау жүргізу қажет
(8.1.2-кестені қараңыз).
Айналым капиталының қалыптасу ерекшілігіне байланысты ол мөлшер-
ленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |