123
Әкелінген
уақытында ең көп көлемде болып, жұмсалу кезінде нөлге
дейін кемуіне байланысты ағымдағы запасты есептегенде барлық запасты ес-
кермей тек оның жартысын ғана ескереді.
З
ағым
= М
орт.тәу.пайд
× Т
аралық
/2,
Сақтандыру запасы – бұл тұрақты шама. Оның міндеті – күтпеген
кідірісте, мысалы, көліктің кешігуі, жабдықтау мерзімінің бұзылуы және т.б.
жағдайда өндірісті запаспен қамтамасыз ету.
Сақтандыру запасы, әдетте, әр уақытта ағымдағы запастан кем болады,
тек ерекше жағдайда ғана оған тең болады:
З
сақт
= М
орт.тәу.пайд
(Т
0
+ Т
тасым
+ Т
қаб
+ Т
дайын
),
мұнда Т
о
– жабдықтаушының материалды жөнелтуге жіберетін уақыты,
күндер;
Т
тасым
- тасымалдау уақыты, күндер;
Т
қаб
- тұтынушының материалдарды қабылдау уақыты, күндер;
Т
дайын
- өндіріске
материалдарды дайындау уақыты, күндер.
Әдетте, ұйымдарда сақтандыру запасы ағымдағы запастың 50%-ын
құрайды.
Технологиялық запас кәсіпорынға түскен материалдар өндірісте бірден
пайдаланбай, алдын ала дайындықты (қабылдау, түсіру, сұрыптау және т.б.)
қажет ететін жағдайларда жасалынады.
Маусымдық запас шикізаттың белгілі түрін дайындау маусымды сипатта
болса немесе тұтынуы маусым кезінде (мысалы, жылыту үшін пайдалынатын
отын) болғанда ғана жасалынады. Кей уақытта дайындаудың маусымды си-
паты маусымдық жеткізілімі (жаздық кеме жүретін уақыт) болған жағдайда
жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: