Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет95/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

 
 
мұнда τ
1
- I разрядты жұмыстың сағаттық тарифтік мөлшерлемесі
k
ортγ
 – γ-бұйымды жасауға кететін жұмыстың орташа тарифтік
коэффициенті. 
Жұмысшылардың еңбекақысының айнымалы бөлігіне бұйымның 
бірлігіне төленетін тікелей еңбекақы да әсер етеді, ол өз кезегінде бұйымның 
бірлігін жасау жұмыстың еңбексыйымдылығы мен ғылыми техникалық сер-
пілістің жетістіктеріне және еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың әсерінен 
өзгеріп тұратын еңбектің сағаттық төлеміне (бұйымды жасау үшін бағам) 
тәуелді болады - (11.15) формуланы қараңыз.
 
Бақылау сұрақтары 
1. Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдау қандай бағыттар бойынша 
жүргізіледі?
2. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді талдаудың мағынасы қанша? 
3. Қандай тізбектілікте және қандай көрсеткіштердің негізінде еңбек 
ресурстарымен қамтамасыз етуге талдау жүргізіледі?
4. Қандай тізбектілікте және қандай көрсеткіштерінің негізінде жұмыс 
уақытының 
пайдалануына талдау жүргізіледі?
5. Еңбек өнімділігіне қандай факторлар әсер етеді?
6. Еңбекақы төлеуге бағытталған қаражаттардың факторлық жүйесінің
құрылымдық-логикалық үлгісін бейнелеп беріңіз.
7. Еңбекақы төлеу жұмсалымдарын талдау қандай тізбектілікте
жүргізіледі? 
 
 
 
 
 
 
 
 


154 
10.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 
 
10.1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН 
ЖАЛПЫ БАҒАЛАУ 
 
Қаржылық жағдай - бұл ұйымның өз қызметін қаржыландыру қабілеті 
деп түсінеміз. Ол қалыпты жұмыс атқару үшін қажетті қаржылық 
ресурстармен қамтамасыз етуін, басқа да заңды және жеке тұлғалармен 
қаржылық қатынасты, қаржылық ресурстарды дұрыс орналастыруды және 
тиімді пайдалануды, төлеу қабілеттілігі мен несие алу қабілеттілігін, 
қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Нарықтық жағдайда даму үшін және банкротқа ұшырамау үшін 
қаржыны қалай басқару керектігін, құрамы мен қалыптасу көзі бойынша 
капиталдың қандай құрылымы болуын, қандай үлесте меншікті капитал, 
оның қандай үлесін несиелік капитал түрінде алу керек екенін білу керек.
Нарықтық экономиканың негізгі болып саналатын: төлемқа- білеттілікті, 
қаржылық тұрақтылықты, іскерлік белсенділікті, табыстылықты және т.б. 
ұғымдарды білу қажет.
Қаржылық жағдайды талдаудың басты мақсаты - дер кезінде 
қаржылық іс әрекет- тегі қателіктерді анықтап, оны жою, ұйымның 
қаржылық жағдайын жақсарту резервтерін табу.
Осымен қатар келесі міндеттерді шешу қажет:
1. Өндірістік, коммерциялық және қаржылық іс әрекеттердің өзара 
байланысын зертеу негізінде қаржылық жағдайды жақсарту тұрғысынан 
қаржылық ресурстардың келіп түсуі бойынша жоспардың орындалуын және 
оларды пайдалануынын бағалау қажет.
2. Ұйымның қаржылық жағдайына әртүрлі факторлардың әсерін 
анықтап, қаржылық жағдайдың бағалау және диагностикалық үлгісін құру 
қажет.
3. Ресурстарды пайдаланудың әртүрлі нұсқалар негізінде қаржылық 
жағдайды бағалау және диагностикалық жасалған үлгісі мен қолда бар 
меншікті және несиелік ресурстарын, шаруашылық іс әрекеттің нақтылы 
жағдайын ескере отырып, мүмкін болатын қаржылық нәтижені болжау керек.
4. Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға және қаржылық 
жағдайды нығайтуға бағытталған нақты іс-шараларды жасау.
Ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау үшін 
өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі қолданылады:
• орналастыру және қалыптасу көздері бойынша капиталдың құрылымы;
• ресурстардың пайдалану тиімділігі мен қарқындылығы; 
• төлеу және несиелік қабілеттілігі; 
• қаржылық тұрақтылығы. 
Қаржылық жағдайды талдау көбінесе коэффициенттік (салыстырмалы 
көрсеткіштер) әдіске негізделген. Талданып отырған ұйымның қаржылық 


155 
жағдайының салыстырмалы көрсеткіштерін келесілермен салыстыруға 
болады:
• тәуекелдік дәрежесі мен банкрот болатынын болжауды бағалау үшін 
көпшілік қабылдаған «мөлшермен»;
• өзінің күшті және осал жағын және ықтимал мүмкіншіліктерін 
анықтауға 
мүмкіндік 
беретін 
басқа 
ұйымдардың 
осындай 
мәліметтерімен;
• қаржылық жағдайдың жақсару және нашарлау үрдісін зерттеу үшін 
осы мәліметтерді бұрынғы жылдармен.
Белгілі болғандай, ұйым тығыз қарымқатынастағы серіктестік топтардан 
тұратын өте күрделі құрылым. Серіктестік топтардың арасында оларды 
негізгі және негізгі емес деп бөлуге болады.
Кәсіпкерлік қызметке қажетті қызығушылығы мен өзі қатысқанның 
орнын толтыруға байланысты талаптар, негізгі серіктестік топтардың тізбесі, 
олардың шаруашылық іс әрекетке қосатын үлесі 10.1.1-кестеде жүйелі түрде 
келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет