Асбестi пайдалану кезiнде еңбектi қорғау туралы



жүктеу 165.92 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі165.92 Kb.
"Асбестi пайдалану кезiнде еңбектi қорғау туралы" № 162 Конвенция (Қазақстан 2011 жылғы 17 қаңтардағы 388-IV Республикасының Заңымен бекітілген)

  • A

  • A

  • A

 1986 жылғы 24 маусымда Женевада Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 72-сессиясында қабылданған Асбестi пайдалану кезiнде еңбектi қорғау туралы конвенция (162-конвенция) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi                                Н. Назарбаев

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

162-КОНВЕНЦИЯ

Асбестi пайдалану кезiнде еңбектi қорғау туралы конвенция1
(1986 жылғы 24 маусымда қабылданған)

      Халықаралық Еңбек бюросының Әкiмшiлiк кеңесi Женевада шақырған және 1986 жылғы 4 маусымда өзiнiң 72-сессиясына жиналған Халықаралық еңбек ұйымының Бас конференциясы еңбек жөнiндегi тиiстi халықаралық конвенциялар мен ұсынымдарды және атап айтқанда, Кәсiптiк рак аурулары туралы 1974 жылғы конвенция мен ұсынымды, Өндiрiстiк орта (ауаның ластануы, шуыл және дiрiл) туралы 1977 жылғы конвенция мен ұсынымды, Еңбек қауiпсiздiгi мен гигиенасы туралы 1981 жылғы конвенция мен ұсынымды, Еңбек гигиенасы қызметтерi туралы 1985 жылғы конвенция мен ұсынымды, Өндiрiстiк жарақаттану жағдайларындағы жәрдемақылар туралы 1964 жылғы конвенцияға қоса берiлетiн 1980 жылы қайта қаралған кәсiптiк аурулардың тiзiмiн, сондай-ақ ұлттық саясат және қызмет принциптерi ұлттық деңгейде белгiленген, 1984 жылы Халықаралық еңбек бюросы жариялаған «Асбестi пайдалану кезiнде еңбектi қорғау жөнiндегi практикалық ережелердiң жиынтығын»2 атап көрсете отырып, сессияның күн тәртiбiнiң төртiншi тармағы болып табылатын асбестi пайдалану кезiнде еңбектi қорғау туралы бiрқатар ұсыныстарды қабылдауға қаулы ете отырып, осы ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын берудi ұйғара отырып, бiр мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жиырма төртiншi маусымда Асбест туралы 1986 жылғы конвенция деп аталуы мүмкiн мына Конвенцияны қабылдайды.


________________________________________
1Күшiне енген күнi: 1989 жылғы 16 маусым.
2Асбестi пайдалану кезiнде еңбектi қорғау: Халықаралық еңбек бюросы жариялаған Практикалық ережелер жиынтығы, (Женева, ХЕБ, 1984 жыл).

I БӨЛIМ. ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР

1-бап

      1. Осы Конвенция жұмыс процесiнде қызметкерлерге асбестiң әсер етуiмен байланысты қызметтiң барлық түрлерiн қамтиды.


      2. Осы Конвенцияны ратификациялайтын Ұйымға мүше мемлекет жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң неғұрлым тиiстi өкiлдi ұйымдарымен консультациялардан кейiн және денсаулық үшiн қауiптердi бағалау және қабылданған қауiпсiздiк шараларының негiзiнде, егер ол осы салаларға немесе кәсiпорындарға Конвенцияның кейбiр ережелерiн қолдану қажеттiлiгiнiң жоқтығына сенiмдi болса, оларды қолдану аясынан экономикалық қызметтiң жекелеген салаларын немесе жекелеген кәсiпорындарды алып тастай алады.
      3. Құзыреттi орган, экономикалық қызметтiң жекелеген салаларын немесе жекелеген кәсiпорындарды алып тастау туралы шешiмдi қабылдай отырып, жұмыс орнындағы әсердiң жиiлiгiн, ұзақтығы мен деңгейiн, сондай-ақ жұмыстың түрi мен еңбек жағдайын назарға алады.

2-бап

      Осы Конвенцияға қатысты:


      а) «асбест» терминi серпентин тобының тау-кен минералдарына жататын, силикат сыныбындағы минералдың талшықты нысанын, яғни хризотил (ақ асбест) және амбифол топтары, яғни актинолит, амозит (қоңыр асбест, куммингтонит-грунерит), антофиллит, крокидолит (көгiлдiр асбест), тремолит, немесе осы элементтердiң бiреуi немесе бiрнешеуiнен тұратын кез келген өзге де қоспаларды бiлдiредi;
      b) «асбест тозаңы» терминi өндiрiстiк ортаның ауасына көтерiлуi мүмкiн ауадағы асбест бөлшектерiн немесе шөгiндi асбест бөлшектерiн бiлдiредi;
      c) «ауадағы асбест тозаңы» терминi өлшеу мақсатында гравиметрлiк немесе өзге де барабар әдiспен өлшенетiн тозаңның бөлшектерiн бiлдiредi;
      d) «респирабельдi асбест талшықтар» терминi диаметрi кемiнде 3 мкм, ал талшық ұзындығының оның диаметрiне қатынасы 3:1-ден асатын асбест талшықтарды бiлдiредi. Өлшеу мақсатында ұзындығы 5 мкм-ден асатын талшықтар ғана назарға алынады;
      е) «асбестiң әсерi» терминi көзi асбест немесе минералдар, материалдар немесе құрамында асбест бар бұйымдар болып табылатын ауадағы респирабельдi асбест талшықтарының немесе асбест тозаңының өндiрiске әсерiн бiлдiредi;
      f) «қызметкерлер» терминi өндiрiстiк кооперативтердiң мүшелерiн қамтиды;
      g) «қызметкерлердiң өкiлдерi» терминi Қызметкерлердiң өкiлдерi туралы 1971 жылғы конвенцияға сәйкес ұлттық заңнамада немесе практикада танылған қызметкерлердiң өкiлдерiн бiлдiредi.

II БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕР

3-бап

      1. Ұлттық заңнамада немесе ережелерде асбеспен жұмыс iстеу кезiнде туындайтын денсаулыққа қауiптi әсерi бар факторларға байланысты алдын алу, бақылау және қызметкерлердi қорғау үшiн қабылдануға тиiстi шаралар белгiленедi.


      2. Осы баптың 1-тармағын орындау үшiн әзiрленген ұлттық заңнама мен ережелер техникалық прогресс және ғылыми бiлiм саласындағы жетiстiктердi ескере отырып, кезең-кезеңмен қайта қаралады.
      3. Құзыреттi орган осы баптың 1-тармағын орындау үшiн белгiленген шаралардан уақытша iшiнара ерекше жағдайларды жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң неғұрлым тиiстi өкiлдi ұйымдарымен консультациядан кейiн айқындалатын шарттармен және мерзiм шегiнде санкциялай алады.
      4. Осы баптың 3-тармағын орындау мақсатында шаралардан iшiнара ерекше жағдайларға рұқсат ете отырып, құзыреттi орган қызметкерлердiң денсаулығын қорғау үшiн қажеттi сақтық шараларының қабылдануын қамтамасыз етедi.

4-бап

      Құзыреттi орган осы Конвенцияның ережелерiн қолданысқа енгiзу үшiн қабылдануға тиiстi шараларға қатысты жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң неғұрлым өкiлдi мүдделi ұйымдарымен консультация өткiзедi.



5-бап

      1. Осы Конвенцияның 3-бабынорындау үшiн қабылданған заңнама мен ережелердiң сақталуын инспекцияның сайма-сай және тиiстi жүйесi қамтамасыз етедi.


      2. Ұлттық заңнама немесе ережелер осы Конвенция ережелерiнiң тиiмдi сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi санкцияларды қоса алғанда, қажеттi шараларды көздейдi.

6-бап

      1. Жұмыс берушiлер белгiленген шаралардың орындалуына жауапты болады.


      2. Екi немесе одан да көп жұмыс берушi бiр жұмыс аймағында өз қызметiн бiр уақытта жүзеге асырған жағдайда, олар өздерiнде жұмыспен қамтылған қызметкерлердiң денсаулығын қорғау және еңбек қауiпсiздiгi үшiн әрбiр жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн төмендетпей, белгiленген шараларды орындау мақсатында ынтымақтасады. Қажет болған жағдайда, құзыреттi билiк органы мұндай ынтымақтастықтың жалпы принциптерiн белгiлеп бередi.
      3. Жұмыс берушiлер еңбек қауiпсiздiгi мен гигиенасы қызметтерiмен ынтымақтаса отырып, қызметкерлердiң тиiстi өкiлдерiмен консультациядан кейiн авариялық ахуал жағдайындағы iс-әрекет тәртiбiн әзiрлейдi.

7-бап

      Қызметкерлер асбеспен жұмыс iстеу кезiнде туындайтын денсаулыққа зиянды факторлардың әсерiнiң алдын алу, бақылау және қорғауға қатысты еңбек қауiпсiздiгi мен гигиенасы жөнiндегi нұсқаулықтарды өз жауапкершiлiгi шеңберiнде орындауға мiндеттi.



8-бап

      Жұмыс берушiлер мен қызметкерлер немесе олардың өкiлдерi мүмкiндiгiнше осы Конвенцияда белгiленген шараларды iске асыру кезiнде кәсiпорындарда барлық деңгейде барынша тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырады.



III БӨЛIМ. ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР

9-бап

      Осы Конвенцияның 3-бабынорындау үшiн қабылданған ұлттық заңнама немесе ережелер асбест әсерiнiң алдын алуды немесе мынадай шаралардың бiрiнiң немесе бiрнешеуiнiң көмегiмен одан қорғауды көздейдi:


      a) асбест әсерiнiң орын алуы мүмкiн жұмыс үшiн жұмыс орны гигиенасын қоса алғанда, тиiстi техникалық қорғану шаралары мен жұмыс әдiстерiн ұсынатын ережелердi белгiлеу;
      b) асбестi немесе оның кейбiр түрлерiн не құрамында асбест бар кейбiр бұйымдарды пайдалануға рұқсатты не кейбiр өндiрiстiк процестердi жүргiзудi қоса алғанда, арнайы ережелер мен рәсiмдердi белгiлеу.

10-бап

      Қызметкерлердiң денсаулығын қорғау қажет болған жағдайларда және мұны техникалық тұрғыдан жүзеге асыруға болатын жағдайларда, ұлттық заңнама немесе ережелер мынадай:


      а) асбест немесе оның кейбiр түрлерiн, не құрамында асбест бар бұйымдарды мүмкiн болған жерлерде басқа материалдармен немесе бұйымдармен, не ғылыми бағалау негiзiнде құзыреттi органның пiкiрi бойынша денсаулыққа зиянсыз немесе қаупi аздау болады деп есептелетiн балама технологиялық процестермен ауыстыру;
      b) асбестi немесе оның кейбiр түрлерiн, не құрамында асбест бар бұйымдарды кейбiр өндiрiстiк процестерде пайдалануға толықтай немесе iшiнара тыйым салу шараларының бiреуiн немесе бiрнешеуiн қарастырады.

11-бап

      1. Крокидолит және құрамында осы талшық бар бұйымдарды қолдануға тыйым салынады.


      2. Құзыреттi орган жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң неғұрлым тиiстi өкiлдi ұйымдарымен консультациялардан кейiн, егер iс жүзiнде ауыстыруды жүзеге асыру болмайтын болса, қызметкерлердiң денсаулығына қауiп төнбеуiн қамтамасыз ететiн шаралар қабылданған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген тыйым салудан iшiнара ерекше жағдайларға рұқсат беруге өкiлеттi.

12-бап

      1. Асбестiң барлық түрлерiн тозаңдатуға тыйым салынады.


      2. Құзыреттi орган жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң неғұрлым тиiстi өкiлдi ұйымдарымен консультациялардан кейiн, егер iс жүзiнде балама әдiстердi қолдануды жүзеге асыру болмайтын болса, қызметкерлердiң денсаулығына қауiп төнбеуiн қамтамасыз ететiн шаралар қабылданған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген тыйым салудан iшiнара ерекше жағдайларға рұқсат беруге өкiлеттi.

13-бап

      Ұлттық заңнама мен ережелер жұмыс берушiлердiң құзыреттi орган айқындаған тәртiпке сәйкес және шекте оны асбестiң әсерiмен байланысты жұмыстардың белгiлi бiр түрлерi туралы хабардар етуiн көздейдi.



14-бап

      Асбест өндiретiн және жеткiзетiн, сондай-ақ құрамында асбест бар бұйымдарды өндiретiн және жеткiзетiн кәсiпорындар ыдысты және қажет болса, бұйымды тиiсiнше таңбалауға жауапты болады, сондай-ақ бұл таңбалау құзыреттi органның ұйғарымына сәйкес мүдделi қызметкерлер мен тұтынушылар жеңiл түсiнетiн тiлде және тәсiлмен жүргiзiлуге тиiс.



15-бап

      1. Құзыреттi орган өндiрiстiк ортаны бағалау үшiн қызметкерлерге асбест әсерiнiң жол берiлетiн шектi деңгейiн немесе басқа да әсер ету өлшемдерiн белгiлейдi.


      2. Жол берiлетiн шектi деңгей немесе басқа да әсер ету өлшемдерi техникалық прогресс пен ғылыми-техникалық бiлiмнiң кеңеюi аясында белгiленедi, кезең-кезеңмен қайта қаралады және жаңартылады.
      3. Қызметкерлер асбест әсерiне ұшырайтын жұмыс орындарының барлығында жұмыс берушi асбест тозаңының ауаға шашылуының алдын алу немесе бақылау және жол берiлетiн шектi деңгейдiң немесе басқа да әсер ету өлшемдерiнiң сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ әсердi iс жүзiнде жүзеге асыруға болатын деңгейге дейiн қысқарту үшiн барлық тиiстi шараларды қабылдайды.
      4. Егер осы баптың 3-тармағын орындау үшiн қабылданатын шаралар асбест әсерiн жол берiлетiн шектi деңгейге дейiн төмендетуге жеткiзбесе немесе осы баптың 1-тармағын орындау үшiн көрсетiлген басқа да әсер ету өлшемдерiне сәйкес келмесе, жұмыс берушi жағдайға қарай қызметкерлер тарапынан шығынсыз тиiстi респираторлық қорғану құрылғылары мен арнайы қорғану киiмiмен қамтамасыз етедi, пайдаланады және алмастырады. Респираторлық қорғану құрылғылары құзыреттi орган белгiлеген нормаларға сай болады және техникалық бақылаудың баламасы ретiнде емес, қосымша, уақытша, төтенше немесе ерекше шара ретiнде пайдаланылады.

16-бап

      Әрбiр жұмыс берушi кәсiпорында жұмыспен қамтылған өз қызметкерлерiне асбест әсерiнiң алдын алу және бақылау, сондай-ақ асбеспен жұмыс кезiнде туындайтын зиянды факторлардан қорғану туралы практикалық шаралардың әзiрленуi және жүзеге асырылуы үшiн жауапты болады.



17-бап

      1. Құрамында асбест қосылған нәзiк оқшаулау материалдары бар жабдықты немесе құрылыстарды бұзуды, сондай-ақ ауа құрамында асбест болуы мүмкiн ғимараттар мен құрылыстарды асбестен тазартуды, осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес осындай жұмысты орындауға бiлiктi құзыреттi орган ретiнде танылған және осындай жұмысты орындауға өкiлеттiк алған жұмыс берушiлер немесе мердiгерлер ғана жүзеге асырады.


      2. Жұмыс берушi немесе мердiгер бұзу жөнiндегi жұмыстар басталғанға дейiн:
      а) қызметкерлердi қажеттi барлық қорғанумен қамтамасыз етуге;
      b) асбест тозаңының ауаға бөлiнуiн шектеуге; және
      c) осы Конвенцияның 19-бабынасәйкес құрамында асбест бар қалдықтарды жоюды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қоса алғанда, қабылдануы қажет шараларды нақтылайтын жұмыс жоспарын дайындауға мiндеттi.
      3. Қызметкерлермен немесе олардың өкiлдерiмен осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жұмыс жоспарына қатысты консультациялар жүргiзiледi.

18-бап

      1. Қызметкерлердiң өзiнiң жеке киiмi асбест тозаңымен ластанған жағдайда жұмыс берушi ұлттық заңнамаға және ережелерге сәйкес және қызметкерлердiң өкiлдерiмен консультациялардан кейiн тиiстi жұмыс киiмiн бередi, оны жұмыс орнынан тыс жерде киiп жүруге болмайды.


      2. Пайдаланылған жұмыс және арнайы қорғану киiмiн өңдеу және тазалау құзыреттi органның талабына сәйкес асбест тозаңы бөлiнуiнiң алдын алу мақсатында бақыланатын жағдайда жүзеге асырылады.
      3. Ұлттық заңнама немесе ережелер жұмыс және арнайы қорғану киiмi мен жеке қорғану құралын үйге әкетуге тыйым салады.
      4. Жұмыс берушi жұмыс киiмiнiң, арнайы қорғану киiмiнiң және жеке қорғану құралдарының тазалануына, тиiстi жағдайда ұсталуына және сақталуына жауапты болады.
      5. Жұмыс берушi мүмкiндiгiнше, асбест әсерiне ұшыраған қызметкерлердiң жұмыс орнында жуынуына, ванна немесе душ қабылдауына тиiсiнше мүмкiндiк жасайды.

19-бап

      1. Ұлттық заңнамаға және практикаға сәйкес жұмыс берушiлер, құрамында асбест бар қалдықтарды өңдейтiн немесе кәсiпорынға жақын маңда тұратын халықты қоса алғанда, тиiстi қызметкерлердiң денсаулығына қауiп төндiрмейтiндей етiп, құрамында асбест бар қалдықтарды жояды.


      2. Құзыреттi орган мен жұмыс берушiлер қоршаған ортаның өндiрiстiк процесс нәтижесiнде бөлiнетiн асбест тозаңымен ластануын болғызбау үшiн тиiстi шараларды қабылдайды.

IV БӨЛIМ. ӨНДIРIСТIК ОРТАНЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙIН ҚАДАҒАЛАУ

20-бап

      1. Қызметкерлердiң денсаулығын қорғау қажет болған жағдайда жұмыс берушi жұмыс аймағы ауасындағы асбест тозаңы концентрациясын өлшейдi және асбестiң қызметкерлерге әсерiн құзыреттi орган көрсеткен әдiстi қолданып, араға уақыт сала отырып бақылайды.


      2. Өндiрiстiк ортаны және асбестiң қызметкерлерге әсерiн бақылау нәтижелерi құзыреттi орган ұйғарым берген мерзiм бойы сақталады.
      3. Тиiстi қызметкерлердiң және олардың өкiлдерiнiң, сондай-ақ инспекция қызметiнiң бұл деректерге қол жеткiзуiне болады.
      4. Қызметкерлердiң немесе олардың өкiлдерiнiң өндiрiстiк ортаға бақылау жүргiзудi талап етуге және бақылау нәтижелерiне байланысты құзыреттi органға жүгiнуге құқығы бар.

21-бап

      1. Асбест әсерiне ұшырап жүрген немесе ұшыраған қызметкерлер ұлттық заңнамаға және практикаға сәйкес осы зиянды өндiрiстiк фактордың әсерiне байланысты олардың денсаулығының жай-күйiн қадағалау үшiн және асбест әсерiнен туындаған кәсiптiк ауруларды диагностикалау үшiн қажеттi медициналық тексеруден өтедi.


      2. Асбестi қолдануына байланысты қызметкерлер денсаулығының жай-күйiн бақылау олардың жалақысының кемуiне әкеп соқтырмайды. Ол тегiн жүзеге асырылады және мүмкiндiгiнше жұмыс уақытында өткiзiледi.
      3. Қызметкерлер медициналық тексерудiң нәтижелерi туралы тиiсiнше хабардар етiледi және өндiрiстiк қызметке байланысты өздерiнiң денсаулығының жай-күйiне қатысты жеке консультациялар алады.
      4. Егер асбест әсерiне байланысты жұмысты жалғастыру медициналық тұрғыдан орынсыз деп есептелсе, тиiстi қызметкерлердiң табысын сақтаудың басқа жолдарын қамтамасыз ету үшiн ұлттық практикаға және шарттарға сәйкес барлық шаралар қабылданады.
      5. Құзыреттi орган асбестен туындайтын кәсiптiк аурулар туралы хабардар ету жүйесiн әзiрлейдi.

V БӨЛIМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ

22-бап

      1. Құзыреттi орган жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң неғұрлым мүдделi өкiлдi ұйымдарымен консультациялардан кейiн және солармен ынтымақтаса отырып, асбеспен жұмыс iстеген кезде туындайтын денсаулыққа зиянды факторлар және олардың алдын алу мен оларды бақылау әдiстерi туралы ақпараттың таралуына және оны барлық тиiстi адамдардың бiлуiне жәрдемдесу мақсатында тиiстi iс-шараларды жүргiзедi.


      2. Құзыреттi орган асбестiң зиянды әсерi, оның алдын алу және оған қарсы күрес әдiстерi мәселелерi жөнiнде қызметкерлердi оқытуға және кезең-кезеңiмен нұсқаулық алудан өткiзуге қатысты шараларға байланысты негiзгi принциптер мен рәсiмдердiң жұмыс берушiде жазбаша түрде болуын қамтамасыз етедi.
      3. Жұмыс берушi асбестiң әсерiне ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн барлық қызметкерлердiң өзiнiң жұмысымен байланысты зиянды факторлар туралы ақпарат алуын, профилактикалық шаралар мен жұмыстың дұрыс әдiстерiне қатысты нұсқаулық алуын және осы мәселелер бойынша тұрақты негiзде даярлықтан өтуiн қамтамасыз етедi.

VI БӨЛIМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

23-бап

      Осы Конвенцияны ратификациялау туралы ресми құжаттар тiркеу үшiн Халықаралық еңбек бюросының Бас директорына жолданады.



24-бап

      1. Осы Конвенция Халықаралық еңбек ұйымының ратификациялау туралы құжаттарын Бас директор тiркеген мүше мемлекеттердi ғана байланыстырады.


      2. Ол Ұйымға мүше екi мемлекеттiң ратификациялау туралы құжаттарын Бас директор тiркеген күннен кейiнгi 12 айдан соң күшiне енедi.
      3. Кейiннен осы Конвенция Ұйымға мүше әрбiр мемлекетке қатысты, ратификациялау туралы оның құжаты тiркелген күннен кейiнгi 12 айдан соң күшiне енедi.

25-бап

      1. Осы Конвенцияны ратификациялаған Ұйымға әрбiр мүше мемлекет оның алғаш күшiне енген күнiнен бастап он жыл өткеннен кейiн, оны Халықаралық еңбек бюросының Бас директорына тiркеу үшiн жолдаған денонсациялау туралы актiсi арқылы денонсациялай алады. Денонсациялау туралы актi тiркелгеннен кейiнгi бiр жылдан соң денонсация күшiне енедi.


      2. Осы Конвенцияны ратификациялаған және алдыңғы тармақта көрсетiлген он жыл өткеннен кейiн бiр жылдық мерзiмде осы бапта көзделген денонсациялау құқығын пайдаланбаған Ұйымға әрбiр мүше мемлекет үшiн Конвенция келесi он жылға күшiнде қалатын болады және кейiннен ол оны әр он жыл өткеннен кейiн осы бапта көзделген тәртiппен денонсациялай алады.

26-бап

      1. Халықаралық еңбек бюросының Бас директоры өзiне Ұйымға мүше мемлекеттер жолдаған ратификациялау туралы барлық құжаттар мен денонсациялау туралы актiлердiң тiркелгенi туралы Халықаралық еңбек ұйымының барлық мүше мемлекеттерiн хабардар етедi.


      2. Бас директор Ұйымға мүше мемлекеттердi өзi алған ратификациялау туралы екiншi құжаттың тiркелгенi туралы хабардар ете отырып, осы Конвенцияның күшiне енетiн күнiне олардың назарын аударады.

27-бап

      Халықаралық еңбек бюросының Бас директоры алдыңғы баптардың ережелерiне сәйкес өзi тiркеген ратификациялау туралы барлық құжаттар мен денонсациялау туралы актiлер жөнiндегi толық мәлiметтердi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркеу үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жолдайды.



28-бап

      Халықаралық еңбек бюросының Әкiмшiлiк кеңесi қажет деп есептеген жағдайларда, осы Конвенцияның қолданылуы туралы баяндаманы Бас конференцияға ұсынады және оны толық немесе iшiнара қайта қарау туралы мәселенi Конференцияның күн тәртiбiне енгiзудiң орындылығын қарайды.



29-бап

      1. Егер Конференция осы Конвенцияны толық немесе iшiнара қайта қарайтын жаңа конвенцияны қабылдаса және егер жаңа конвенцияда өзгеше көзделмесе, онда:


      a) Ұйымға қандай да бiр мүше мемлекет жаңа, қайта қарайтын конвенцияны ратификациялауы, 25-баптыңережелерiне қарамастан, жаңа, қайта қарайтын конвенция күшiне енген жағдайда, осы Конвенцияны автоматты түрде тез арада денонсациялауға әкеп соқтырады;
      b) жаңа, қайта қарайтын конвенция күшiне енген күннен бастап осы Конвенция Ұйымға мүше мемлекеттердiң оны ратификациялауы үшiн жабылады.
      2. Осы Конвенция оны ратификациялаған, бiрақ қайта қарайтын конвенцияны ратификацияламаған Ұйымға мүше мемлекеттер үшiн кез келген жағдайда нысаны мен мазмұны бойынша күшiнде қалады.

30-бап

      Осы Конвенцияның ағылшын және француз тiлдерiндегi мәтiндерiнiң күшi бiрдей.

      Конвенцияның аталған түпнұсқалық мәтiнiн Халықаралық еңбек ұйымының Бас конференциясы Женевада өткiзiлген оның жетпiс екiншi сессиясында мақұлдаған және 1986 жылғы жиырма бесiншi маусымда жабылуында қол қойған болатын.
      Осының айғағы ретiнде бiз осы құжатқа 1986 жылғы жиырма алтыншы маусымда қол қойдық.

Конференцияның төрағасы


Хуго Фернандес Фаинголд

Халықаралық Еңбек бюросының Бас директоры


Франсис Бланшард

      Конвенцияның осында келтiрiлген мәтiнi Халықаралық еңбек конференциясының төрағасы және Халықаралық Еңбек бюросының Бас директоры қол қойған түпнұсқалық мәтiннiң дәл көшiрмесi болып табылады.


      Көшiрме түпнұсқамен дәлме-дәл және мазмұны бойынша толық болып табылады.

Халықаралық Еңбек бюросының Бас директоры үшiн

Гидо Раймонди
Халықаралық еңбек ұйымының заң кеңесшiсi

1986 жылғы 24 маусымда Женевада Халықаралық еңбек ұйымы
Бас конференциясының 72-сессиясында қабылданған Асбестi
пайдалану кезiнде еңбектi қорғау туралы конвенцияны
(162-Конвенция) ратификациялаған әлем мемлекеттерiнiң
тiзiмi

(дереккөзi: 2010 жылғы 15 қыркүйек - Халықаралық еңбек ұйымының деректерi бойынша)




р/с

Ел

Ратификациялаған күн
(күнi, айы, жылы)

1.

Бельгия

11.10.1996

2.

Боливия

11.06.1990

3.

Босния мен Герцеговина

02.06.1993

4.

Бразилия

18.05.1990

5.

Камерун

20.02.1989

6.

Канада

16.06.1988

7.

Чили

14.10.1994

8.

Колумбия

25.01.2001

9.

Хорватия

08.10.1991

10.

Кипр

07.08.1992

11.

Дания

18.12.2006

12.

Эквадор

11.04.1990

13.

Финляндия

20.06.1988

14.

Германия

18.11.1993

15.

Гватемала

18.04.1989

16.

Жапония

11.08.2005

17.

Корея (Оңтүстiк)

04.04.2007

18.

Люксембург

08.04.2008

19.

Македония

17.11.1991

20.

Черногория

03.06.2006

21.

Нидерланды

15.09.1999

22.

Норвегия

04.02.1992

23.

Португалия

03.05.1999

24.

Ресей

04.09.2000

25.

Сербия

24.11.2000

26.

Словения

29.05.1992

27.

Испания

02.08.1990

28.

Швеция

02.09.1987

29.

Швейцария

16.06.1992

30.

Уганда

27.03.1990

31.

Уругвай

06.09.1995

32.

Зимбабве

09.04.2003

      Осы Конвенцияны әлемнiң 32 мемлекетi ратификациялады

      1986 жылы 24 маусымда Женевада жасалған Асбестi пайдалану кезiнде еңбектi қорғау туралы конвенцияның (162 Конвенция) дәлме-дәл көшiрмесiнiң куәландырылған көшiрмесi екенiн растаймын.



      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы iстер министрлiгi
      Халықаралық-құқық департаментiнiң
      Басқарма бастығы                               Б. Пискорский

      РҚАО-ның ескертпесi. Бұдан әрi Келiсiмнiң мәтiнi ағылшын тiлiнде берiлген.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет