15
болады. Сүтқоректілердің асқазанында туылғаннан
кейінгі алғашқы кезеңде
сүтті ірітетін химозин ферменті немесе мәйекті фермент болады, сүтті ірітуді
басқа да протеолитикалық ферменттер катализдейді. Дромедар түйесінің
сүтіндегі казеин мөлшері 1,63-2,76%, яғни сүт ақуызының жалпы мөлшерінің
52-87% құрайды [46]. Казеин құрамы мен қасиеттері арқылы ерекшеленетін
фракцияларға бөлінеді. Фракцияланбаған казеиннің элементтік орташа құрамы:
көміртек – 53%; сутегі – 7,1%; азот –15,63%; оттегі – 22,6%; күкірт – 0,82%;
фосфор – 0,85%. Казеин барлық ақуыздар сияқты амфотерлік қасиет, яғни
қышқылдық та, сілтілік те қасиет көрсетеді. Сүттегі
казеин айқын білінетін
қышқылдық қасиет көрсетеді. рН мәні 4,6 болатын қышқылда тұнбаға
түсірілетін майсыз сүттен алынған казеин гетерогенді ақуыз болып табылады.
Халықаралық биологиялық ғылымдар журналында (IJRSB, 154-бет)
казеиннің негізгі фракцияларын көрсетілген: αs
1
-, αs
2
-, β- және γ - казеин.
Олардың үлесі әртүрлі, осы ақуыздардың полиморфизмі көптеген жануарлар
сүтінің түрлерінде көрсетілген [47].
Казеин кешенінің ақуыз фракцияларын зерттеу түйеде сиыр сүтіне
қарағанда
- казеиннің көбірек болатынын көрсетті, сәйкесінше 64% және
37%. Түйе сүтіндегі
s1
- казеин мөлшері (41%) сиыр сүтіне қарағанда (23%)
едәуір аз,
s2
- казеин мөлшері шамамен бірдей. Түйе сүтіндегі
- казеин
мөлшері сиыр сүтіне қарағанда 3,5 есе аз және сәйкесінше ол сиыр сүтінде -
4%, ал түйе сүтінде - 14% құрайды [48].
Мәйекті фермент пен әлсіз қышқылдардың әсерінен казеин тұнбаға
түседі. Түйе сүтінде казеин бие сүтіндегі
сияқты араластырғанда ұсақ
бөлшектерге оңай ыдырайтын жеңіл үлпектер түзеді. Ірімшік өндірісінде
мәйекті ферменттің әсерінен сүттің қоюлану қабілеті χ -казеиннің қасиеттеріне
байланысты. Бірақ бұл жағынан түйе сүтінің χ -казеиндері өзінің қасиеттері
жағынан сиыр сүтінен ерекшеленеді. Түйе сүтінің құрамында сиыр сүтіне
қарағанда ақуыздың мөлшері көп, бірақ одан ірімшік алу мүмкін емес, өйткені
ол сарысу бөлініп шығатын борпылдақ нәзік ұйынды береді. Түйе сүтінен
ірімшік алу қиындықтары, оның χ -казеинінің сиыр сүтінің χ -казеиніне
қарағанда басқа бастапқы құрылымы бар екендігімен түсіндіріледі. Белгілі
теория бойынша, сиыр сүтінің χ-казеиніндегі химозин ферменті (мәйекті
фермент), өзі басқа пептидтік байланыстарға
қарағанда тез бұзатын
фенилаланин-105 пен метионин-106 қалдықтарының пептидтік байланысын
гидролиздейді. Бұл жағдайда χ-казеиннен гидрофильді гликомакропептид
бөлініп, χ-казеиннің гидрофобты жұбы пайда болады. χ-казеиннің гидрофобты
жұбы казеиннің гидрофобты мицеллаларымен қосылып, ірімшік өндіруге
қолданылатын тығыз ұйынды құрайды. Түйе сүтінің χ-казеині жағдайында
химозиннің пептидтік байланыстарды үзуі баяу жүреді, фенилаланин-97 мен
изолецин-98
арасында, оларға қарағанда азырақ гидрофобты χ-казеин жұбы
пайда болады. Гидрофобты казеин мицеллаларының бірігуі нашар өтеді және
араластырған кезде жұқа үлпектер кішігірім үлпектерге бөлінеді, нәтижесінде
ірімшікті дайындау шарттарына сай келмейтін жұмсақ ұйынды пайда болады.
16
Ана сүті казеинінде αs
1
фракциясы болмайды, ол сүт ақуызына аллергия
тудыратын басым фактор болып табылады. Алайда, ол β-фракциясына да бай.
Сиыр мен енеке сүті казеин αs
1
фракциясына өте бай (38,4% және 30,2%). Сиыр
сүтінен табылған ақуыздарда аллергиялық реакция кездеседі. Барлық казеиннің
құрамында β-CN 65%, ал αs
1
-CN 21% құрайды. Түйе сүтінің сіңімділігі жоғары
және нәрестелерде аллергиялық реакцияларды азайтады, өйткені αs
1
-CN β-CN-
ге қарағанда баяу гидролизденеді [49].
Достарыңызбен бөлісу: