Асембаева эльмира куандыковна



Pdf көрінісі
бет26/45
Дата21.09.2023
өлшемі7.94 Mb.
#478091
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Диссертация Асембаева Э К

Streptococcus thermophilus) [218]. 
Зерттелетін үлгілерде бұл әдіс йогурт алуға қолданылатын ұйытқы 
дақылындағы микроорганизмдердің санын анықтау үшін дайын өнімнің 
сапасын, сондай-ақ сақтау мерзімін анықтауда қолданылды. Бұл әдісте 
зерттелетін сусынның белгілі бір мөлшерін сұйылтып қоректік ортаға себіп, 
содан кейін белгілі бір уақыт аралығында оңтайлы температурада өсіріледі
одан кейін микроорганизмдердің өскен колонияларының саны есептеледі. 
Lactobacillus delbruecki subspecies bulgaricus – болгар таяқшасы – бұл 
термофильді, микроскопиялық препаратта ол көбінесе қысқа таяқша болып 
табылады. Болгар таяқшасы – каталаза-теріс, грам-оң, қозғалмайтын бактерия. 
Ол қышқылданған MRS ортасында өседі, ал табақшада жасымық тәрізді 
колониялар түзеді, әдетте, олардың жиектері нақты көрінеді. Колониялардың 
мөлшері 1-3 мм құрайды. 
Streptococcus thermophilus – термофильді стрептококк – бұл термофильді, 
пішіні дөңгелек кокка, пісіп-жетілу барысында әртүрлі ұзындықтағы тізбектер 
түзеді. Термофильді стрептококктар – грам-оң және каталаза-теріс коккалар. 
Термофильді стрептококк M17 ортасында өседі, бетінде мөлшері 1-2 мм 
жасымық тәрізді колониялар түзеді. 
Тәжірибе барысында бақылау мен зерттелетін үлгілер сұйылтылды. Ол 
үшін 10 г зерттелетін үлгіге жалпы көлемі 50 см
3
болғанша физиологиялық 
ерітінді қосылды. Үлгі араластырылып, жалпы көлемі 100 см
3
болғанша 
физиологиялық ерітінді қосылды. Әрі қарай сұйылтылған ерітінділер дайындау 
үшін 9 мл физиологиялық ерітіндісі бар пробиркалар қолданылды, оларға 
бірінші сұйылту қосылды. Осылайша қалған сұйылтулар дайындалады. 
Қажетті сұйылтуды алғаннан кейін себінді материал қоректік ортаға 
егілді. Болгар таяқшаларының мөлшерін анықтау үшін – MRS ортасы, 
термофильді стрептококкты анықтау үшін – M17 ортасы қолданылды. 
Петри табақшасына әр сұйылтудың 1 см³ себілгеннен кейін, сәйкесінше 
12-15 см³ балқытылған MRS ортасы немесе M17 балқытылған ортасынан 12-15 
см³ құйылды. Бұл кезде қоректік ортаның температурасы 45 ±1 
0
С болды. 
Термостатқа Петри табақшаларын 37±10 °C температурада қойып, болгар 
таяқшасы үшін 72 сағат, термофильді стрептококк үшін 48 сағатқа 
орналастырдық. Белгілі уақыттан кейін Петри табақшасында өсіп шыққан 
колониялардың саны саналып, микроорганизмдердің жалпы саны анықталады. 
Бактериялардың жасуша қабықшасын анықтау үшін Грам әдісі 
қолданылады. 
Ұйытқы дақылындағы микроорганизмдердің санын анықтау үшін, үрдіс 
кезінде әр сағат сайын йогурттағы микроорганизмдерді анықтаудың 
жеделдетілген әдісі қолданылды. Ол үшін микроскопиялық препарат 
дайындалды. 


48 
Микроскопиялық препарат дайындаған кезде сынамадан бактериялық 
ілмекпен заттық шыныға орналастырып, кептіріп, метилен көгімен боядық 
(мысалы, метилен көгінің спиртті ерітіндісі – 6 г/дм
3
), содан кейін 
микроскоппен 
10-нан 
30-ға 
дейін 
қарау 
аймағында 
зерттелді. 
Микроорганизмдердің санын есептеу үшін Виноградский-Шульгин-Брид әдісі 
қолданылды [218]. 
Сүттің бактериялық ластануы МЕМСТ-9225-84 «Сүт және сүт тағамдары 
микробиологиялық зерттеулер әдісі» бойынша анықталады. Стерилденген 
пробиркаға 1 мл метилен көгін құямызда үстіне анықтауға арналған 20 мл сүт 
қосып, тығынмен мықтап тығындап, үш рет аудару жолымен араластырамыз. 
Содан кейін пробирканы редуктазникке не болмаса 38 
0
С дейін қыздырылған су 
моншасына саламыз. Судың деңгейі пробиркадағы қосылыстың деңгейінен 
жоғары болуы керек. Пробирканы редуктазникке не су моншасына салған кезді 
анықтау уақытының басталғаны деп есептейміз. Метилен көгінің ағаруын әуелі 
40 минуттан соң, 2 сағат 30 минуттан, содан соң 3 сағат 30 минуттан кейін 
бақылаймыз. Метилен көгі ағарса анықтау уақыты аяқталған деп есептеледі 
[217]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет