Асембаева эльмира куандыковна



Pdf көрінісі
бет28/45
Дата21.09.2023
өлшемі7.94 Mb.
#478091
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
Диссертация Асембаева Э К

Сүт пен судың буферлік сыйымдылығы электронды рН метрді (Kellong 
рH) қолдану арқылы 0,1н NaOH және 0,1н HCl титрлеу арқылы анықталды. 
Дайын өнімнің аминқышқыл құрамын сандық анықтау үшін «Капель 105» 
капиллярлық электрофорез жүйесі қолданылды. Сынаманың белгілі 0,5 г 
мөлшерін өлшеп аламыз. Оған 1:1 қатынаста дайындалған 10 мл тұз қышқылы 
ерітіндісін қосамыз. Оны 16 сағат 110 ºС-та минерализациялау үрдісін 


50 
жүргіземіз. Одан кейін оны сүзіп, 50 мкл фильтрат алып құрғақ ауа ағынында 
кептіреміз (ауа сорғыш шкафта). Кептірілген фильтратқа амиқышқылдарын 
ыдырататын реактивтер натрий карбанаты немесе фенилацетил аланин қосып 
35 минутқа қоямыз. Одан кейін қайта кептіреміз. Сосын 0,5 мл суда ерітіп, 
«Капель 105» қоңдырғысына түсіреміз. Алынған нәтижелер эльфаран 
бағдарламасымен есептеледі [233]. Ақуыздың биологиялық толық құндылығы 
амин қышқылы скорын есептеу арқылы анықталды, төмендегі формула 
бойынша есептелді: 
100


AKc
AKx
AC
(1) 
мұндағы: AС - аминқышқылдарының скоры, %; 
AK
x
- зерттелетін ақуыздағы аминқышқылы мөлшері, мг; 
АК
с
- бұл ФАО/ДДСҰ стандартты ақуыздағы аминқышқылы мөлшері, мг. 
ФАО/ДДСҰ шкаласы бойынша идеалды ақуыздың бір граммында (мг): 
валин 50, изолейцин 40, лейцин 70, лизин 55, метионин 22, треонин 40, 
триптофан 10, фенилаланин 28 болады [234]. 
Пайдалылық коэффициенті (кәдеге жарату) – эталонға қатысты ААҚ 
балансын көрсететін сандық сипаттама. Есептеу төмендегі формула бойынша 
жүргізіледі: 
k
і
= С
min,
(2) 
С
і 
мұндағы: C
min
– ақуыз эталонына қатысты бағаланатын ақуыздың ААҚ 
минималды мөлшері, үлестік бірлік;
C
і 
– ақуыз эталонына қатысты бағаланатын ақуыздың ААҚ мөлшері, 
үлестік бірлік. 
Сүт және сүт өнімдеріндегі суда еритін дәрумендер мөлшері В
2
, В
6
, С 
мөлшері М-04-41-2005 әдістемесі бойынша «Капель-105М» құрылғысында 
анықталды. Дәрумендерді анықтау үшін 1-2 г сынама өлшеп алып, оның үстіне 
дәрумендерді бөліп шығаратын бор қышқылды натрий мен натрий сульфидінің 
3:2 қатынастағы ерітіндісін құямыз. 15 минут бөлме температурасында 
шайқаймыз. Оны сүзіп фильтратты «Капель 105» қоңдырғысына түсіреміз. 
Капельдің ұзындығы – 75 см, диаметрі – 50 мкм [233]. 
Сүт және сүт өнімдеріндегі минералды заттар құрамын, соның ішінде 
кальций, калий, натрий, мырыш, темір, мыс, фосфор құрамын атомды-
адсорбционды спектрометриялық әдіспен анықталды.
 
Минералды заттарды 
анықтауда сынаманы дайындаудың құрғақ күлдік әдісі қолданылды. Ол үшін 
сынаманың белгілі мөлшерін 10 г өлшеп аламыз. Оны электр пешінде 
кептіреміз (түтіні шығып біткенше). Сосын муфилді пешке салып ақ-сұр түсті 
күл қалағанша 6 сағат 550±25 ºС -та күйдіреміз. 6 сағаттан соң қап-қара болып 
тұрса, үстіне 1 мл азот қышқылы мен 0,5 мл сутегі асқын тотығын тамызып, 
қайта муфель пешке 2,5 сағатқа кептіреміз. Дайын болған күлді 1% азот 


51 
қышқылы ерітіндісінде ерітіп, белгілі көлемге жеткіземіз. Осыдан алынған 
сұйықтықты 1,5 мл алып қоңдырғыға түсіреміз. Қоңдырғының автоцемплері 5 
мкл сынаманы алып пешіне енгізеді. Сол жерде минералды заттарды түріне 
байланысты 2000-2500 ºС пиролиз үрдісі жүреді. Пиролиз үрдісінде ыдыраған 
молекулаларды қоңдырғының детокторы есептеп шығарып береді. 
Өнімнің энергетикалық құндылығы макронутриенттердің мөлшерін 
энергетикалық құндылық факторларымен (кДж) қайта есептеу арқылы 
анықталды: ақуыздар мен көмірсулар үшін - 4, майлар үшін - 9 [235]. 
Сүт және сүт өнімдерін органолептикалық бағалау БСӨҒЗИ-де Ресейдің 
Сүт өнеркәсібі кәсіпорындарының одағымен (РСӨКО) бірлесе отырып 
әзірленген сүт өнімдерінің сұрыптарын іріктеу, сынау және дайындау бойынша 
әдістемелік нұсқаулардың дәмдік бағалау шкалаларына сәйкес жүргізілді. 
Дайын сүтқышқылды сусындардың органолептикалық көрсеткіштерін 
бағалау МЕМСТ 28283-89 сәйкес дегустация әдісімен өткізілді. Келесі 
көрсеткіштер бақыланады: иісі, дәмі, консистенциясы, сыртқы түрі және түсі, 
олар сандық балл арқылы өрнектелді. Бағалау 5 балдық шкала бойынша 
жүргізілді, содан кейін профилограммалар салынды.
Сүтқышқылды сусынның синергетикалық қабілеті центрифугалау әдісі 
арқылы анықталды: ол үшін 10 см
3
ұйындыны сыйымдылығы 15 см
3
болатын 
центрифуга пробиркасына құйып, белгіленген жылдамдықпен (2000 айн/мин) 5 
минут центрифугалайды. Центрифуга тоқтатылғаннан кейін бөлінген сарысуды 
декантациялап, көлемі 10 см
3
дайын шыны градуирленген центрифуга 
пробиркасына өлшейді. Бөлінген сарысудың мөлшері бойынша ұйындының 
ылғал жоғалту қабілеті бағаланады. Нәтижелер 10 см
3
ұйындыдан алынған 
сарысу мөлшері бойынша (мл) өрнектеледі.
Сүтқышқылды 
сусындардың 
шартты 
тұтқырлығы 
анықтау 
капиллярлық ВЗ-246 вискозиметрмен өлшенді. Бұл құрылғының жұмыс істеу 
принципі белгілі бір уақыт ішінде тар түтік арқылы көлемі 100 см
3
сынама 
үлгісінің уақытын есептеуге негізделген. Сусынның сұйықтығы өз салмағымен 
ағып кетті. Ұйындының шартты тұтқырлығын өлшеу бірнеше секундпен 
өлшенді. 
2.3.3 Тәжірибелік мәліметтерді статистикалық өңдеу әдістері 
Тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері математикалық статистика 
әдістерімен өңделді. Тәжірибелік мәліметтерді статистикалық өңдеу 
«Statistica», Microsoft Exel қолданбалы бағдарламаларын қолдану арқылы 
жүргізілді. Тәжірибелердің барлығы кем дегенде үш-жеті рет қайталана 
отырып орындалды. Алынған нәтижелер стандартты әдістермен өңделді [236]. 
Мәліметтер орташа мәндер және орташа стандарттық қателіктер (± SEM) 
түрінде берілді. Нәтижелердің Стьюдент t-критерийін қолдану көмегімен 
өңделді және сенімділік айырмашылықтары р≤0,05 жағдайында тұрақты деп 
есептелді. 


52 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет