Асембаева эльмира куандыковна


  Түйе сүті негізінде алынған сүтқышқылды сусынның



Pdf көрінісі
бет41/45
Дата21.09.2023
өлшемі7.94 Mb.
#478091
түріДиссертация
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Диссертация Асембаева Э К

3.8 
Түйе сүті негізінде алынған сүтқышқылды сусынның 
иммунобиологиялық қасиеттерін зерттеу 
Түйе сүтін зерттеу нәтижелері сапалық сипаттамасы бойынша ол 
холестериннің төменгі деңгейімен, минералдарды заттардың жоғары 
құрамымен (калий, темір, мыс, мырыш және кальций), май қышқылдарының 
теңгерімді құрамымен ерешеленетінін көрсетті. Түйе сүтінің май 
қышқылдарының құрамы негізінен ұзын тізбекті жартылайқанықпаған май 
қышқылдары және қысқа тізбекті май қышқылдарының өте төмен 
концентрациялары болып табылады. Сүттегі ақуыздың концентрациясы 2,30-
дан 3,95% - ға дейін өзгереді, ал сүт құрамы аллергендік қасиетке ие 
лактоглобулиннің төменгі концентрациясымен сипатталады [34, р. 151; 50, с. 
31]. 
Түйе сүтінің антиоксиданттық қасиеті С дәруменінің жоғары 
концентрациясына байланысты, оның концентрациясы сиыр сүтіндегі С 
дәруменінен 2-3 есе көп.
Түйе сүтінде мырыштың жоғары концентрациясының болуы (2 мг/100 мл 
дейін) оның әлеуетті иммунопротекторлық белсенділігінің маңызды 
факторларының бірі болып табылады. Сонымен қатар, сүтте бактерияға қарсы 
және иммунотропты белсенділігі бар көптеген ферменттер бар. Түйе сүтіндегі 
лизоцимнің концентрациясы 0,03-0,65 мг/100 мл, лактоферрин (95-250 мг/100 
мл) 
құрайды, 
инфекция 
мен 
вирусқа 
қарсы 
қорғаныш 
ақуыз 
иммуноглобулиндер кездеседі [35, р. 151; 56, р. 328]. Зерттеулер сонымен қатар 
сүттің құрамында пептидоглюканды танып білетін ақуыздың (ПГТБА) жоғары 
концентрациясының болуын көрсетті, бұл сүттің осы түрінің қатерлі ісікке 
белсенділігін түсіндіреді [60, р. 1048]. 
Түйе сүтінің осы қасиеттерін ескере отырып, оның негізінде 
сүтқышқылды өнімдерді жасау халықтың әртүрлі жас топтары үшін, ең 
алдымен алиментарлы-тәуелді және иммун тапшылығы патологиялары бар 
емдік-профилактикалық өнімдерді өндірудің басым міндеті болып табылады. 
Түйе сүтінен алынған пребиотикалық қасиеттері бар сүтқышқылды 
сусынның иммунобиологиялық қасиеттерін зерттеу мақсатында клиника алды 
тәжірибелер жүргізілді. Тәжірибелер орташа салмағы 17,8±0,1грамм болатын 
60 гибридті тышқандарға жүргізілді. Тышқандар жалпы виварлы рационда 
болды. Тышқандар екі топқа бөлінеді: тәжірибелік және бақылау тобы. Әр 
топта 30 тышқаннан болды. Тәжірибелік топтағы тышқандарға сүтқышқылды 


100 
сусын күнделікті 30 тәулік бойы ауыз арқылы 0,5 мл көлемде беріледі. Бақылау 
тобындағы тышқандарға осындай мөлшерде дистилденген су берілді. 
Иммуноглобулиндер (антиденелер) 

бұл иммундық жүйенің жасушалары 
бөлетін бөгде заттардан (микроорганизмдер, токсиндер) қорғайтын арнайы 
ақуыздар. Атқаратын қызметіне байланысты иммуноглобулиндер бес класқа 
бөлінеді: IgM, IgG, IgA, IgE, IgD.
IgM 

жедел инфекцияға жауап ретінде қанда бірінші пайда болады
бактериялардан қорғауда шешуші рөл атқарады. Олардың әрекет ету принципі 
келесідей: иммуноглобулин ақуызы құрылымы ағзаға жат барлық нәрсені 
таниды. IgM мақсаты басталған ауруды мүмкіндігінше тез тоқтату болып 
табылады. IgM жетіспеушілігі жұқпалы аурулардың ұзаққа созылуына әкеледі. 
IgG 

адамның сарысуындағы негізгі иммуноглобулин және екіншілік 
иммундық жауап мен антитоксиндік иммунитетке белсенді. Кішкентай 
мөлшеріне байланысты ұрық пен жаңа туған нәрестеге иммунитетті 
қамтамасыз ететін иммуноглобулиндердің жалғыз бөлігі.
IgA 

негізгі қызметі тыныс алу, зәр шығару мен асқазан-ішек 
жолдарының шырышты қабығын инфекциялардан қорғау. Олар негізінен 
жергілікті антигендердің әсеріне жауап ретінде шырышты қабықтардың 
плазмалық жасушалары арқылы синтезделеді. 
IgE 

плазмада бос күйде кездеспейді. Ағзада паразиттік инфекцияларға 
қарсы қорғаныш қызметін атқарады, көптеген аллергиялық реакцияларды 
анықтайды. IgD 

әлі функциясы толығымен зерттелмеген [38, с. 68].
Сүтқышқылды өнімді бір ай тұтынғаннан кейінгі тышқандардың 
көкбауырындағы антидене түзетін жасушалардың саны (IgM-АТЖ) анықталды. 
Зерттеу нәтижесі 29 - суретте келтірілген. 
Келтірілген мәндер стандартты орташа қате (±SEM) есеппен алынды n = 5. 
р
<0,0
5
Сурет 29 – Тышқандардың көкбауырындағы антидене түзетін
жасушалардың саны (IgM - АТЖ ) 


101 
Зерттеу 
нәтижелерінен 
сүтқышқылды 
өнімнің 
иммунотропты 
белсенділігін зерттеу үшін тышқандарды 30 тәулік азықтандырғанда, олардың 
көкбауырында антидене түзетін жасушалар сынама өнімді алмаған 
тышқандарға қарағанда 1,3 есе өсетінін көрсетті. Сүтқышқылды сусынмен 
азықтандырылмаған тышқандарда IgM-АТЖ саны көкбауырда 24,7х10
3
, ал бір 
ай азықтандырылған тышқандарда олардың саны көкбауырда 32,4х10
3
болды. 
Түйе сүті негізінде дайындалған сүтқышқылды сусынды бір ай 
қолданғаннан кейін тышқандардағы антиоксидантты белсенділігіне зерттеу 
жүргізілді, талдау нәтижесі 21 - кестеде келтірілген. 
Кесте 21
– 
Тышқандардың антиоксидантты белсенділік жүйесі, n=5 
Көрсеткіш 
Бақылау тобы 
Тәжірибелік топ 
Қан плазмасының 
антиоксидантты белсенділігі, 
шартты бірліктер 
628,2±31,4
1025,3±51,5 
Каталазаның белсенділігі, 
шартты бірліктер 
1,725±0,085 
2,055±0,065* 
Супероксиддисмутазаның 
белсенділігі, шартты бірліктер 
0,288±0,024
0,218±0,017* 
Бақылау және тәжірибелік топтардағы нәтижелердің көрсеткіштерінің статистикалық 
айырмашылықтары (р≤0,05)
Иммунитетті жетіспейтін тышқандарда сүтқышқылды сусынды қолдану 
қан плазмасының антиоксидантты белсенділігінің едәуір 1,6 есе жоғарылауына 
алып келді.
Қан плазмасының антиоксиданттық белсенділігі антиоксидант жүйесінің 
немесе ағзаның жалпы антиоксиданттық күйін бағалау үшін анықталады. 
Антиоксидантты жүйенің бір немесе бірнеше бөлігінің жеткіліксіздігі 
ұлпалардың бос радикалдардың әсеріне қорғанысын жоғалтуына әкеледі, 
нәтижесінде тіндер мен мүшелер зақымданып, аурулардың дамуына себеп 
болады. 
Супероксиддисмутаза (СОД) мен каталаза ағзаның антиоксидантты 
қорғанысының маңызды ферменттері болып табылады. Көптеген қабыну 
аурулары СОД мен қандағы каталаза белсенділігінің өзгеруіне байланысты 
болады. 
Сонымен қатар каталазаның белсенділігі тәжірибелік топта 0,33% 
жоғарылады, бұл иммуносупрессивті қосылыстың енуімен бұзылған ағзаның 
бейімделу қабілетінің белгілі бір дәрежеде жоғарылауын көрсетеді.
Каталаза 
биологиялық тотығу кезінде түзілген сутегі асқын тотығын суға және 
молекулалық оттегіне ыдыратады [40, с. 748].
Иммунитет тапшылығы бар тышқандарда (қой эритроциттерін енгізгенде) 
супероксиддисмутазасының белсенділігі 0,165% дейін төмендейді. Түйе сүтіне 


102 
негізделген сүтқышқылды өніммен бір ай азықтандыру супероксид-
дисмутазаның белсенділігін 0,218 ± 0,017 % дейін арттырады, бірақ бақылау 
тобындағы мәндерге жетпеді. СОД каталаза және басқа антиоксидантты 
ферменттермен бірге адам ағзасын үнемі түзілетін жоғары уытты оттегі 
радикалдарынан қорғайды. Супероксиддисмутаза супероксидтің оттегі мен 
сутегі асқын тотығына ыдырауын катализдейді.
Алынған нәтижелерді қорытындылайтын болсақ, түйе сүті негізінде 
алынған сүтқышқылды сусын (ішетін йогурт) иммуномодуляциялық және 
антиоксиданттық белсенділігі бар тамақ өнімдерін алуға мүмкіндік береді. 
Тәжірибелік түрде туындаған иммун тапшылығы жағдайында бұл 
сүтқышқылды сусын иммундық жауапты ғана емес, сонымен қатар ағзаның 
антиоксиданттық белсенділігін қалпына келтіретіні анықталды [8, с. 67-73].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет