Асептика мен антисептиканы бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды



Дата11.10.2019
өлшемі25.69 Kb.
#447168
Асептика мен антисептиканы бір

Асептика мен антисептиканы бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды.
Бұлар жарадағы инфекцияның алдын алу мен емдеуге арналған біртұтас
шаралар жүйесі болып саналады.
Антисептика ұғымын хирургияға 1760 ж. ағылшын әскери хирургі Pringl
еңгізді. Бірақ, бүл үғым еңгізілгенге дейін де залалсыздандырудың тәсілдері
бүдан бұрыңғы уақыттарда да қолданылды.
Дәрігердің қолдарының және жарамен жанасатын заттардың тазалықтары
ежелгі Индия мен Грецияда міндетті түрде талап етілді.
Гиппократ жараларды жуу мен таңу кезінде қайнаған сумен, виноға
батырылған таза және жақсы сорғыш таңушы заттарды, құралдарды
пайдаланды.
Антисептикалық дәуірге дейінгі жүргізілген операциядан кейінгі өлім өте
жоғары болды. Сол кездің өзінде жараның іріңдеуінің себептерін - жараға
сырттан қандайда бір тірі нәрселердің түсуінен болар, - деген көзқарастар
қалыптаса бастады.
Асептика
Физикалық тәсілдер мен химиялық
дәрілерді қолдана отырып
қоздырғыштардың операциялық жараға
түсуінің алдын алатын тәсіл. Бір сөзбен
айтқанда, жарамен жанасатын заттардың
барлығы қоздырғыштардан таза болуы
керек. Қоздырғыштар табиғатта кең
тараған, олар адам терісінде, денеге
жанасатын барлық заттарда, суда, ауада, ас
қорыту, тыныс алу жолдарында, т.б.
кездеседі.

Асептиканың шығу тарихы


Асептикалық тәсіл ірі жаңалықтардың бірі болып хирургияның дамуына үлкен жол ашты. Карбол
қышқылы күшті улы зат болғандықтан, уланған аурулардың да, қызыметкерлердің де саны көп болды.
Сондықтан, карбол қышқылын алмастыратын заттарды іздестіру басталды. Н.В. Склифосовский
сулеманы, йодоформды қолданса, П.П. Полехин трихлорфенолды үсынды, ал С.П. Колемин салицилат
қышқылын қолданды. Асептикалық заттар өте улы болғандықтан көптеген хирургтар одан мүлдем бас
тартты.
Листер 1867 ж. операция жасау үшін асептикалық тәсіл ұсынып, осы бағытта операциялық
бөлменің ауасындағы, заттардағы, ауадағы инфекцияны жою үшін күшті антисептик карбол қышқылын
кеңінен тәжірибеде қолдануды ұсынды.
Луи Пастер өзінің тәжірибелерінде бактериялардың қайнату мен жоғарғы деңгейдегі қызудың
әсерінен өлетінін дәлелдеді.
1881 жылы Роберт Кох өсетін орталар мен лабораториялық ыдыстарды заласыздандыру үшін
будың ағынын пайдалануды үсынды. Бүл айтылған тұжырым автоклав жасау үшін кеңінен қолданылды.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында әр елде әртүрлі ғалымдар бір-біріне байланыссыз
асептикалық әдістерді дамыта бастады. Бергман мен Шиммельбуш осы бағытта үлкен жетістіктерге
жетті. Бергман аспаптардағы, киімдердегі, таңу, тігу заттарындағы қоздырғыштарды ыстық су мен будың
көмегімен жоюды ұсынды. Россияда асептиканың негізін қалыптастырғандар И.В. Склифосовский
(Москва), Ф.А. Рейн (Киев), Н.Н. Финоменов пен Л.Л. Левшин (Қазан), В.А. Ратимов, М.С. Субботин
(Петербург) болып табылады.
1890 жылы асептика мәселесі Берлиндегі хирургтардың халықаралық конгрессінде талқыланды. Осы
конгресстен кейін асептика кеңінен қолданыла бастады. Асептиканы еңгізу хирургияның жаңа дәуірінің
бастамасы болды. Жасалған операциялардың саны арта түсті. Операциядан кейін асқыну аз
болғандықтан жедел аппендицит, жедел холецистит, асқазанның, он екі елі ішектің ойық жарасының
асқынуы, т.б. ауруларды хирургтар операциялық әдістермен емдейтін болды.
Сыртқы инфекция
- қоздырғыштар
жараға сыртқы
ортадан түседі: ауа
арқылы, түкірік
(тамшы), жарамен
жанасатын заттардан
(жанасу) және жарада
қалдырылған заттар
арқылы
(имплантация).
Инфекция
түрлері
Ауа мен тамшы арқылы тарайтын инфекцияның алдын aлy.
Асептикалық тәсілді қолданғанда ауа мен тамшы арқылы тарайтын инфекцияның алдын
алуға көп көңіл бөлінеді. Ол сөйлегенде, түкірікпен бірге түкіргенде, жөтелгенде, әсіресе
баспа, тұмау, тыныс жолдарымен ауыратын адамдардан таратылады және қоршаған
кеңістіктен әртурлі беткейлерге түседі. Сондықтан, операциялық бөлмеде әрбір
қызыметкерлер өзін-өзі үстаудың ережелерін білу керек.
Қоздырғыштар
бөлменің ауасына қандай жолдармен түседі? Оның екі жолы бар:
1. Бөлмедегі адамдардың ауызынан тамшы арқылы таратылады;
2. Шаң-тозаңмен бірге тарайды.
Ауадағы қоздырғыштар саны бөлмедегі адамдардың саны мен олардың асептикалық
тұрғыдан өздерін қалай ұстағанына тығыз байланысты келеді. Егер де бөлмеде адам көп
болып, олар жөтеліп, түшкіріп, сөйлеп тұрса, ауада қоздырғыштар саны бірден көбейіп,
артынан операциялық жараны іріңдетуі мүмкін.
Егер де тұмылдырықты (маска) дұрыс кимесе (мысалы: мұрын жабылмаса) операциялық
бөлмеде сөйлеп, түшкіріп, жөтеліп түрғанда, жарада қауіпті асқынулар болатынын естен
шығармау керек. Сондықтан да операциялық бөлмеде мүлдем сөйлеуге болмайды. Тек,
операцияға қатысып жатқан қызыметкерлерге, оның өзінде тек іске қатысты сөз айтуға
рұқсат етіледі.
Инфекцияның
шаң - тозаңмен таралуын айтқанда: оның негізгі себебі
операциялық бөлмеде әрі-бері жүру, еденді қүрғақ шүберекпен сүрту болып
табылатынын айта кеткен жөн. Еденге төгілген ірің немесе тасталған сүлгілер
кепкеннен кейін олардағы ірің мен қан шаң-тозаңға айналады, одан жүрген кезде
ауаға көтеріліп, жараға түседі. Ең қауіптісі шаңнан түсетіні, одан кейінгісі - тамшы
арқылы түсетін инфекция. Бөлмеде адам көп жиналып, жүріс көп болса ауаның
ағымы күшті болады да, ондағы қоздырғыштардың жараға түсуі басым болады.

Ауа
умен тамшы арқылы түсетін инфекцияның алдын алу -антисептикалық шаралар


болып табылады.
Ауа мен тамшы арқылы түсетін инфекцияның алдын алу үшін мынандай
ережелерді орындауымыз керек:
1. Операциялық бөлмеде тек операцияға қатысып жатқан кісілерге ғана
сөйлесуге рұқсат етіледі және оның өзі іске қатысты болу керек.
2. Операцияға баспамен, тұмаумен ауыратын, тыныс жолдарына суық тиген
адамдарға кіруге
болмайды.
3. Міндетті түрде 4-6 қабаттан тұратын тұмылдырық (маска) кию керек.
4. Бөлмелердің ауасын тазартып отыру қажет.
5. Бөлмені міндетті түрде дезинфекциялық ертінділермен жуып отыру керек.
6. Бөлменің ауасын ұсақкүлгін (УФО) сәулемен, лазермен залалсыздандырып
отыру керек.
9. Антисептика
Жарадағы қоздырғыштар санының азаюына,
оның жараға еніп, өсу қауіпін төмендетуге
бағытталған тәсілдер мен әдіс, іс қимылдар
жүйесін айтады. Бұған инфекция
қоздырғыштарының тасымалдануын төмендету,
оның көбею, өсу қабілетін үзу, залалданған
аймақтарды емдеу арқылы қол жеткізуге
болады.

Антисептика шығу тарихы


XIX ғасырдың бірінші жартысында хирургияның өркендеуіне тежеуші себептердің бірі болып
операциядан кейінгі жаралардың іріңдеуі болды. Жаралар күрделі және өте қарапайым
операциялардан соң да іріңдеді.
Сепсис, күйдіргі, тілме (рожа), шіру (гангрена), сіреспе (столбняк) сияқты қауіпті асқынулар
операциядан соң жиі кездесіп, сырқаттар мен жараланғандардың өлімдеріне себеп болды. Мұның
барлығы сол уақыттағы хирургтардың іріңдеген жараның емделу тәсілдерінен бейхабар
болғандықтарынан болса керек.
Жанасу арқылы түсетін инфекцияның алдын алу.
Инфекцияның жанасу арқылы жараға түсу мәселесін қарастыру керек. Себебі ол инфекцияның негізгі
таралу жолы болып табылады.
Асептикалық әдістің негізгі міндеті жанасу арқылы түсетін инфекцияның алдын алу, яғни
қызыметкерлердің қолын, операциялық алаңды, аспаптарды, тігін жіптерін, операциялық киімді, таңу
заттарын залалсыздандыру керек. Инфекцияның көзі болып хирургтің қолындағы, науқас денесіндегі, т.б.
жерлердегі қоздырғыштар болып табылады. Микроорганизмдердің негізгі шоғырланған жерлері -тері, май
бездері және әртүрлі үсақ жарақаттар қоздырғыштардың ең көп жинақталған және өсіп өнген орны болып
табылады.
Дәрігердің қолымен жараға инфекция түспес үшін хирургтің қолы әр уақытта таза болуы керек, соған
қарамастан ол әр операцияның алдында қолын белгілі бір әдіспен өңдеп отырады.
Қолды тазалаудың жолдары.
Операция алдында қолды жуудың әдістері өте көп. Ең
алғаш қолды өңдеуді ұсынған Зиммельвейс еді (хлор
суы), сәл кешірек -Листер болды (карбол қышқылы).
Қолды өңдеу шаралары төрт түрлі кезеңнен тұрады:
1) теріні механикалық жолмен тазалау;
2) майсыздандыру,
3) илеу (дубление), тері тесіктерін жабу;
4) залалсыздандыру (дезинфекция).
Қолды қаншалықты таза жуғанымен 1-2 сағаттан кейін
алақанның іші мен сырты терлеп, майланып, ластанады.
Сондықтан, қазіргі уақытта қолды өңдеудің әдістері
іздестірілуде. Қолды өңдеудің ең көп қолданылатын
түрлерімен танысу қажет.
І.Фюрбрингер әдісі.
I - кезең. 10 минут бойы - алдымен 5 мин бір залалсыздандырылған щеткамен,
кейіннен 5 мин екіншісімен қолды сабындап, жылы сумен жуады. Алақандар, қолдың сырты,
тырнақ асты, білектер үқыпты жуылады.
II - кезең. Қолды белгілі бір ретпен залалсыздандырылған сүлгімен немесе шағын
сүрткішпен құрғатады (алдымен қолдың басы, содан кейін білек).
III - кезең. 5 минут бойы қолды 70° спиртпен еңдейді. Қол бұл кезде майдан
тазарады және толық залалсызданады.
2. Альфельд әдісі.
Алғашқы екі кезең Фюрбрингер тәсілімен сәйкес жүргізіледі. III- кезең. Қолды 5 минут
96 ° спиртпен өңдеп, тырнақтардың астын йодпен сүрту.
3. Қолдарды 0,5% хлоргексидин ертіндісімен өңдеу.
Қолды өңдеу үшін 20% хлоргексидин мен 70° спиртті 1:40 мөлшерде араластырғанда
түзілетін хлоргексидиннің 0,5% ертіндісі қолданылады. Қолдарды екі минут бойы жылы
сумен жуғаннан кейін өңдейді.
Тазалаудың қай тәсілін қолдансақ та қолдардьің терісіндегі қоздырғыштарды мүлдем
жойып жіберу мүмкін емес, онда әрқашанда біраз қоздырғыштар қалып қойып отырады.
Сондықтан қолдар барыяша таза болу үшін қолғап киіп жұмыс істеу керек. Жұмыс үстінде
қолдар терлейді де, тері тесіктері арқылы сыртқа қоздырғыштар шығады. Сондықтан қолғап
зақымдалғанда оны міндетті түрде алмастыру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет