АҚШ және аймақтық қақтығыстар: Оңтүстік Қытай қақтығысы



жүктеу 46.08 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі46.08 Kb.
доктор PhD, и.о. доцента кафедры международных отношений и мировой экономики КазНУ им. аль-Фараби

КазНУ им.аль-Фараби Сарыбаев М.С.

Кәкімжан Г. Т.

АҚШ және аймақтық қақтығыстар:

Оңтүстік Қытай қақтығысы

Жерорта теңізі – өткеннің теңізі,

Атлантика – қазіргінің теңізі,

Тынық мұхиты – келешектің теңізі.

1908-1912 жж. АҚШ мемлекеттік хатшысы

Джеймс Хейс


Қазіргі таңда біз АТА аймағы рөлінің өсіп келе жатқанын байқаймыз. Дегенмен, аймақ рөлінің өсуі әлемдік аренада қақтығыстардан алыстауын емес, керісінше өршуіне алып келуі мүмкін. Бұны қалай түсіндіруге болады? Яғни, мемлекеттердің экономикалық саяси жағынан өсуі, олардың мүдделерінің кеңеюі және де алдыңғы қатардағы мемлекеттерге қарсы шығуға деген әлеуеттерінің өсуін көрсетеді. АТА аймағындағы қақтығыстың жарқын мысалы ретінде Оңтүстік Қытай теңіз мәселесін алсақ болады. Бірнеше жыл бұрын, бұл мәселе туралы Шығыстағы халықаралық саясатқа ден бөлушілер, қызығатындарға ғана мәлім еді, қазіргі таңда біздің көз алдымызда бұл қақтығыс жаһандық сипатқа айналып келе жатыр. Осындай трансформацияның бірнеше негізгі себептерін атап кетсек: қақтығысқа қатысушы мемлекеттердің ешбір өзара тиімді мәмілеге келмеуі, және де ешбір тарап шегінуге бармаудың нәтижесінде олардың қатынасын қатаңдату рөлі өсіп келе жатыр.

Тарихқа бет бұратын болсақ, бұл қақтығыс әлсіз сипатта вьетнам мен қытай арасында Параселы және Спратли аралдарына байланысты мәселе болды. Су астына мұнай мен газдың едәуір қорының бар екендігі анықталған соң, бұл қақтығыс шиеленісе бастады. Қытай мүмкіндігінше өз талаптарын қоя бастады, нәтижесінде 2009 жылы Оңтүстік Қытай акваторисының 80% егеменді аумағы ретінде жариялады. Бұл қақтығыстың тез арада өршуіне себеп болды, енді тек Вьетнам, Қытай емес, сондай-ақ Филиппин, Малайзия, Индонезия да бұл қақтығыстың қатысушысына айналды.

Оңтүстік Қытай акваториясы арқылы негізгі теңіз сауда жолдары өтеді және жылдық айналым 5 трлн долларды құрайды екен, оның 1,2 трлн доллары АҚШ есебінен болып табылады. Бұл аймақтағы қарама-қайшылықтың шиеленсуінің тағы бір себебі, таласушы тараптар арасында жаппай қару шығару белсенді түрде іске асуда. Бұл жарыста оңтүстік шығыс Азия мемлекеттерінің көптеген мемлекеттері және тіпті АҚШ қатысуда. Кейбір мәліметтерге сәйкес, АТА аймағына әлемдік қаруландыру импортының үштен бір бөлігі тиесілі, бұл аймақта 10 ірі қару импорттайтын әлемдік мемлекеттердің жартысы осында орналасқан екен. Атап айтқанда, бұл аймақта Қытайдың рөлін атап кету қажет. КХР өзінің әскери әлеуетін көтеруде, әсіресе,флот және десанттық топтар әлеуетінің өсуі. Әскери құдіретінің өсуіне байланысты, Қытай тек Оңтүстік Қытай теңізі акваториясының 80% бақылап қана қоймай, 2009ж. БҰҰ хатында атап кеткендей, Оңтүстік Шығыс Азия аймағында саяси және экономикалық үстемдік ету талпынысын жасырмайды.

Қытайдың осындай жарқын кеудемсоқтығы (амбиция) ОША мемлекеттерінің кейбірі, бірінші кезекте, Филиппин архипелагындағы қытай қысымының шектен шығуы, АҚШ көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Филиппин шекаралық су аймағына 9 рет кірген болатын. Сондай ақ Вьетнам мен Қытай арасында да қақтығыс шиеленісе түсті. Тіпті, Ханой, Хошимин секілді ірі вьетнам қалаларында Қытайдың Оңтүстік Қыай теңізі саясатына қарсы жаппай әрекеттер болып етек ала бастады. Филиппиндер артынан Вьетнам да АҚШ қа жүгінді. Осыған байланысты Қытай қысым көрсету саясатын тоқтатуға мәжбүр болды, бірақ бұл Қытайдың артқа шегінуі деген мағынаны білдірмеді. КХР ға қатысты өз қарым қатынасын Барак Обама да күшейтті. Қытайды жай ереже бойынша емес, американдық ереже бойынша ойнауға шақырды. АТА аймағында өтетін жыл сайын өткізілетін кездесуде АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта, 2020 жылға дейін АТА аймағында әскери-теңіз флотының 60% ын, соның ішінде 6 авианосецтер және басқа да әскери кемелер орнату туралы ой білдірді. Қазіргі таңда біреу бар,тағы төртеу жоспарлануда.

Алғаш рет Вьетнам мен Филиппин бастамшылық білдіріп, Оңтүстік Қытай теңізі бойынша халықаралық конференция шақыру туралы ұсыныс білдірген болатын, бірақ бұған КХР қарсы шықты. Өйткені, біріншіден, әлемдік қауымдастық мемлекеттері кіші мемлекеттер тарапын қолдау мүмкіндігі жоғаы болды, және бұл іс әрекет Қытайдың бейбіт сүйгіш мемлекет ретіндегі имиджіне нұқсан келтіру ықтималдығынан сескенді. Және тарихи факторды ескеруіміз қажет, Қытай бірнеше жылдар бойы, өзінің оңтүстік көршілерімен туындаған мәселелерді көпжақты емес, екіжақты форматта шешу туралы ұстанмын қатаң ұстап келді. Осыған байланысты бір ой туындайды, Қытайдың көрші мемлекеттермен жүргізген саясаты, және Қытайдың жеткіліктіз жақсы серіктес бола алмауы, АҚШ тың осы аймақта өз мүдделерін ерікті түрде қоюына жағдай жасады десек болады.

Атап кеткеніміздей, бұл қақтығыс жаһандық сипат алып келе жатыр, осыған байланысты Қытайдың тарихи, геосаяси көршісі ретінде Ресейдің де мүдделерін атап кетсек болады. Ресей бұл аймақтағы жағдайға белсенді қатысып келеді. Роснефть және Газпром барлау жүргізуде, Вьетнамға және АСЕАН ның басқа да мемлекеттеріне қару тасымалдауды жалғастыруда, сондай ақ, Мәскеу мен Вьетнам арасында еркін сауда зонасын құру жобасы жөнінде сөз қозғалған болатын. Ресей Федерациясы үшін Қытай да стратегиялық маңызы бар серіктесі болып табылады. Ресей саясатын құруда Ханой-Бейжің-Мәскеу үшбұрышындағы қатынастар балансын ұстап тұру қажет. Біріншіден, ол, өзімізге мәлім ОҚ қақтығысының басты ойыншылары Вьетнаммен де, Қытаймен әрекеттессу нәтижесінде қауіпке алып келуі мүмкін. Немесе, керісінше, бұл одақ, Мәскеуді бітімгер ретінде көрсетіп, жағымды қарым қатынасқа қол жеткізу туралы да ой туады.



Қорытындылай келе, Оңтүстік Қытай теңізінде орын алып отырған мәселе АҚШ ты алаңдатады, тіпті кейбір сыртқысаяси американдық мекемелер бұл жағдайды Қырым дағдарысымен салыстырады. Бұл жерде мәселе Спратли архипелагына өзінің егемендігін орнатқысы келетін, Қытай белсенділігінің дереу артуы болып тұр. Егер Қытай өз жоспарын іске асыруда сәттілікке жетсе, онда ол теңіз сауда жолдарына толық бақылау орнатып және бұл алапта үстем күш бола алады.Ал шын мәнісіне келетін болсақ,алдыңғы жылдан бастап Қытай жаңа аралдар салуда, қазіргі таңда 4 км шаршы құрлықтың салынғаны туралы ақпараттар да бар, бұл әрине көрші мемлекетерінің аландаттыруда. Ал АҚШ өз кезегінде, құр қол отырмайтындарын айтты. Халықаралық құқық бойынша бұл аймақ бейтарап зона, ешбір мемлекеттің егемендігі орнатылмаған.Бұл жағдай соғысқа алып келуі мүмкін бе деген сұрақ туады. Екі тарап та өз мүдделерінен тайыбау ұстанымына берік болып тұр. Қытай да егер АҚШ өз араласуын тоқтатпаса, онда тиісті шаралар қолданамыз деп айтқан болатын. Бірақ, дәл қазір, Қытай да, АҚШ та қақтығысқа ұмтылып отқан жоқ, қазіргі таңдағы жағдай оған жол бере алмайды. Әсіресе, АҚШ, қазір саяси ойынның белсенді мүшесі екендігін білеміз, сондықтан бұл (физически) мүмкін емес. Қытай өз кезегінде, АҚШ қа екі ірі держава ұсақ аймақтық мәселелер бойынша дауласудың қажеті жоқ, сәйкесінше олардың мәртебесіне сәйкес, жаһандық деңгейде шешу қажет дейді. Яғни, екі тарап та қазір соғысқа дайын емес.

Ал келешекте, соғыс ошағының тұтануы мүмкін деп есептеймін, өйткені Қытай өзінің мүддесін алға жылжытуда жылдан жылға батыл болып келе жатыр және әлемдік аренада жетекші рөл ойнауға ниеттеніп отыр. Бұл менің жеке ойым, бұл аймақтың келешек тағдыры уақыт еншісінде.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет