Қаша шолу §1 Байланыстырушы материалдың жалпы сипаттамасы Бейорганикалық байланыстырушы заттар



бет7/10
Дата07.09.2023
өлшемі123.31 Kb.
#476829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
лекция - 13

§5 Темір-бетон

XIX - ғасырдың екінші жартысынан бастап-ақ құрылыс материалы ретінде темір-бетон қолданыла бастады. Бұл материал бетон мен болаттың жақсы қасиеттерін біріктіреді:



Бетон болаттан жасалған арматураны ылғалды ауадан, әртүрлі газдар әсерінен қорғайды. Осы қабілеті оның физикалық және химиялық қасиеттеріне тәуелді болады. Темір мен бетонның бүлінуі арматура коррозиясынан басталады.
Егер бетон берілген ортада коррозияға берік болып, болат арматура таттық қабатпен қапталса, ол бетондық қабаттың механикалық бүлінуіне себепші болады. Шамамен 30 кг/см2 қысым түсіп, бетон сызаттанады. Оған қоршаған ортадан агрессивті коррозияны тудыратын электролит ерітінділері, газ қоспалары өтіп, коррозия жеделдейді.Осының нәтижесінде бетон арматурадан бөлініп, қорғаныс қабатынан айырылады. Бұл жүйемен болатын темір-бетон коррозиясы көпшілік жағдайда жоғары ылғалдылықта (>60-90%) және қозғалмалы блоктарда болады.
Құрылыстың темір-бетон конструкцияларында темір коррозиясы электрохимиялық коррозия механизмімен жүреді.
Ол үшін мыналар себеп болады:
а) металл бетінің кедір-бұдырлығы;
ә) металл бетіндегі ылғалдылығы;
б) сыртқы ортадан түсетін деполяризаторлар. Енді осыған тоқталайық:

  • қышқылдық ортада (pH<7) сутек иондары: ,

  • негіздік ортада (pH>7) – оттегі: тотықсыз­да­нады.

Коррозия жылдамдығы ерітіндінің қышқылдылығы жоғары және оттегінің концентрациясы неғұрлым үлкен мәнді болса (оттегінің ерігіштігі S(O2)= 3, 1 мг/100г H2O) болғанда, коррозия жылдамдығы артады.
Деполяризатор – оттегі екі түрлі роль атқарады: деполяризаторлар ретінде коррозияны жеделтеді және күшті тотықтырғыш ретінде металдың анодтың химиялық белсенді нүктелерін оксидтік қабыршақтармен қаптап, пассивтендіреді. Суда ерімейтін гидроксидтерді түзіп, коррозия тежеледі. Осы қабаттар қышқылдық ортада бүлінеді де коррозия жылдамдайды.
Бетон құрылысы жөнінен капиллярлы – кеуекті материал, ол бетонды алу технологиясына тәуелді болады (ауыр, жеңіл және ұялы бетондар). Ауа ылғалдылығы 60%-дан төмен болғанда коррозия жылдамдығы төмендейді. Ортаның сутектік көрсеткіші pH≈13 болғанда бетонның цементтік тастарының гидролизденуінен пайда болған уақыт өте ауадан көмір қышқыл газын сіңіріп, мынадай реакция жүреді (бетон карбонизациясы).

Осы реакция нәтижесінде ерітіндінің сутектік көрсеткіші төмендеп, темір гидроксидтері еріп, бетонның арматурасының қорғаныс қабілеті азаяды.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген автоклавтар ішіне қаланатын силикатты бетондар ішіндегі арматураны пассивтендіру қабілеті уақыт өткен сайын азаяды немесе мүлде жойылады:
Са(ОН)2 + SiО2 + nН2О СаО SiО2 2О
pH ≈ 13 pH ≈ 8,5-9
Болат коррозиясы pH<12 де басталады.Ұялы бетондар өзінің негіздік қасиетін карбонизация нәтижесінде тез жойып, газ және будың өтімділігін жақсартады.
Бетон құрамына оның қатаюуына себепші болатын цементті алмастырғыштар қосуға болады,сонда:

  • жылу энергетика орталықтарының күлін қосу бетонның ылғалдылығын арттырып, оның үгілуіне әкеліп соқтырады;

  • қатаю жылдамдығын арттыратын заттар (хлоридтер, сульфаттар) қосу ортаның сутектік көрсеткішін өзгертіп, пассивтік қабыршақтарды бұзады.

Гигроскопиялығы мен сұйық күйіндегі электр өткізгіштігінің артуына әсер етіп, коррозия басталуына әсер ететін ылғалдылық шегін төмендетеді.
Бетондағы болат коррозиясына қосылған хлорид қай кезеңде қосылғандығына байланысты:

  • егер хлорид бетон қатаймай тұрғанда қосылса, ол суда нашар еритін гидрохлороферраттармен байланысып, арматура коррозияға ұшырамайды (цемент массасының -1-2 %-ы CаСl2);

  • егер қатайған бетонға хлоридтер қосылса, ол аз еритін қосылыстарға айнала алмай, хлоридтің 0,1-0,2 %-ның өзі-ақ коррозияға ұшырауына себепші болады.

Темір-бетон конструкцияларының коррозиясының басталуы мен өрбуі оны даярлау технологиясына да байланысты. Технологиялық кемістіктерге мыналар жатады:қорғаныс қабатының қалыңдығының азаюы, бетон даярлау барысындағы нығыздау технологиясы мен қатаю жағдайының өзгерісі.
Темір-бетонға сырттан әсер ететін факторлар: механикалық соққылар, периодты ысыту және суыту, қатыру және еріту.
Коррозиядан қорғау тәсілдері:

  • бетонды ылғалдылықтан сақтау;

  • арматура бетіне цементтік-битумдық мастикамен, цементті-казеинді қоспаменжабу. Цементті битумдік мастика жасау үшін 1400С-да балқыған битумға цемент салынады (1с.б битум, 4-6 с.б цемент)1,6-1,8 с.б еріткіш (уайт-спирит, бензин) қосылады, осы қоспа әзірленген ваннаға арматура каркасы батырылады;

  • темір-бетон коррозияға төзімді болуы үшін арматура жоғары сапалы тотықпайтын болаттан жасалғаны жөн;

  • арматураны металдық қаптауға(Al, Cr, Zn) болады (электрохимиялық қорғау).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет