Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы



бет86/197
Дата13.11.2023
өлшемі1.84 Mb.
#483155
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   197
"Интербелсенді әдістерді ЖОО қолдану" Асхат Әлімов

Когнитивтік (танымдық) салаға оқу бағдарламалары, оқулықтар, ұстаздардың күнделікті практикасында келтірілетін мақсаттар кіреді. Мұндағы мақсаттар игерілген оқу материалын есте сақтау мен оны қайта келтіруден басталып, оларды өздігінше түсініп, солардың негізінде жаңа білім құрастырып (идеялар, әдістер, тәсілдер, әрекеттер, т.б.), сол арқылы қандай да болмасын проблемаларды шешуді қарастырады.
Когнитивтік мақсаттар сабақ барысындағы үйренушілердің әрекеттері ретінде келтіріледі, сол себепті де оларды педагогикалық диагностикада қолданған тиімді.
1) Білім
Қайталау немесе тану арқылы мәлiметтердiң есте қалай сақталғанын тексеру, мағлұмат пен деректердi еске түсiру арқылы жүзеге асырылатын категория. Бұл деңгейде тестілеу, қалдырып кеткен белгiлердi орнына қою, анықтамалар мен атауларды жаттау немесе қайталау, процестердің өрбу немесе орын алу тәртiбiн қайталау сияқты тапсырмалар қолданылады. Оларды орындағанда студенттер оқу материалын оқытушының лекциясында немесе оқулықта берілген күйде бұлжытпай қайталап беруге тырысады. Олардың басты мақсаты – ақпаратты жадында сақтау және іздеу болып табылады.
«Білім» деңгейі – таным мен ойлаудың басқа деңгейлерінің негізін құрайды, өйткені онсыз қалғандарының болуы, жүзеге асырылуы екіталай. Мәселен, көбейту кестесін немесе қажетті формулаларды жатқа білмей, есеп шығарумен айналысуға болмас; Абайдың өлеңін жатқа білмей оның көркемдік ерекшеліктері мен оқырманның ішкі жан дүниесінде қандай сезімдер тудыратындығы туралы ой толғап немесе шығарма жазу мүмкін емес.
Алайда педагогтар бұл деңгейге асыра назар аударып, оны оқу процесінің, оның ішінде сабақтың негізіне айналдырады. Зерттеушілердің айтуы бойынша, орташа есеппен алғанда сабақтың 80% есте сақтау мен жаттау, қайталау мен тану тапсырмалары құрайды екен. Ал бұл жәйт келесі проблемаларға алып келеді:
1. Қайталау немесе жаттау тапсырмалары негізінен үйренушілерден белсенді әрекеттерді талап етпей, олардың сабақтағы бәлсенділігіне (пассивтігіне) жол береді.
2. Үйренушілер сабақ тақырыбына ынта мен қызығушылық танытпайды, демек олар сабақтың нәтижелеріне де құлықсыз болады. Сол арқылы олар өз біліміне, өздерінің парасаттық дамуына деген жауапкершілікті көрсетпейді.
3. Бұл деңгейдегі сұрақтардың бір ғана дұрыс жауабы бар болғандықтан, олар үйренушілерден ой толғау, пікірлесу мен пікірталасты қажет етпейді. Бұл жәйттің үйренушілердің ойлау қабілеті мен коммуникативтік дағдыларының дамуына кері әсер келтіретіндігі сөзсіз.
4. Бұл деңгейде берілген тапсырмаларды орындау қайталауға негізделгендіктен, үйренушілер өзіндік ой мен идея, пікір мен көзқарас, тұжырым мен дәлелдерді ізденуге ұмтылмайды. Ал өз кезегінде бұл жәйт олардың дербес тұлға ретінде дамуына қолғабыс тигізбейді.
2) Түсіну
Түсіну дегеніміз мәліметті таныс, анық күйге (формаға) ауыстыру арқылы өзіндік түсінік қалыптастыру. Бұл деңгейде үйренушілер мағлұматты тек есте сақтамайды, олар оның ауқымы мен көлемін ұлғайтпаса да, сол берілген мөлшерде басқаша қылып көрсетеді. Олар мәлiметтердi басқа таныс жүйеге түрлендiреді, есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындайды, ұқсастықтар пен айырмашылықтарды анықтайды, салыстырады, нәтижелердi суреттейді. Мәселен, мектепте жиі қолданатын «Шығарманы (анықтаманы, ережені) өз сөздеріңізбен айтып (түсіндіріп) беріңіздер» тапсырмасы түсінік деңгейін көрсетеді.
Бұл деңгейдегі тапсырмалар «Білім» деңгейімен салыстырғанда, үйренушілерден белсенділікті талап етеді. Олар ақпаратты өздеріне таныс жүйеге көшіріп, түрлендіреді де, сол арқылы оны есте сақтауды едәуір жақсартады. Ал түсінік бірінші мезетте бірлескен әрекеттер негізінде (талқылау, пікірлесу, алмасу, ортаға салу) құралады.
Түсіну категориясын төрт топқа бөлуге болады (Некоторые вопросы образования, 6-8).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   197




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет