Кейсте қарастырылатын нақты жағдаяттар (ситуациялар) қандай болу керек?
1. Ситуация практикадан (өмірден) алынуы керек.
Практикалық маңызы бар бұл ситуация (мәселен, бизнес тарихынан немесе практикасынан алынған оқиға) студенттік аудиторияда талқылау барысында шығармашылық атмосфера тудыруы керек, яғни ол барлық студенттерге қызық болып, пікір алмасу мен таластарға әкелуі керек.
Практикада кездесетін ситуацияларды екі түрде келтіруге болады:
а) Өмірде болған оқиғалар мен әрекеттердің негізінде (кейде мұндай кейстерді «далалық» деп те атайды).
ә) Жасанды ситуациялардың негізінде («кабинеттік»).
2. Ситуация бір нәрсеге үйрету керек.
Ситуацияны талқылау арқылы пән немесе тақырып бойынша белгілі бір прагматикалық нәтижелерге жетуді мақсат тұту керек. «Студенттер қандай білік, дағды, машықтарды игереді?» деген сұраққа жауап беру.
3. Ситуацияда шешім қабылдауды қажет ететін ішкі шиеленіс немесе жұмбақ болуы керек.
Кейсте келтірілген оқиға аудиторияда талқыланып, ол жөнінде пікірталас ұйымдастырумен бірге бұл ситуация қандай да бір шешім қабылдаумен аяқталуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, ситуация өзекті бір проблеманы шешуді талап етуі керек. Сол арқылы студенттер өздерінің практикалық біліктері мен дағдыларын ұштай түседі.
4. Ситуацияда ақпарат мөлшері көп болуы керек.
Ақпараттың көптігі, біріншіден, таңдауды қажет ететін болса, екіншіден, студенттерден де басқа ақпарат көздерін тауып, қолдануды талап етуі керек.
Сase-study әдісі үйренушілерде келесідей кәсіби, әдістемелік және коммуникативтік құзырлылықтарды қалыптастырады:
Пән аралық байланыстарды айқындау.
Көшбасшылыққа ұмтылу.
Қысқа уақыт ішінде жүйеленбеген, ретке келтірілмеген ақпаратты талдау.
Сыни, конструктивтік, аналитикалық және жүйелі тұрғыдан ойлау.
Сәттілікке бағытталу, жеңімпаз психологиясын дамыту.
Балама (альтернативтік) шешімдерді бағалау.
Нақты кәсіби біліктерді (мәселен, кәсіпорын жұмысы) игеру.
Өздері атқарған жұмыстың (талқылау,талдау, жоба, т.б.) нәтижелерін жариялау (презентациялау).
Белгіленген уақыт ішінде ақпараттың жетіспеушілігі (немесе, керісінше, оның көлемінің тым көп болуы) мен уақыт тапшылығы жағдайында шешім қабылдау және оның салдарын бағалау.
Қарым-қатынас дағдылары мен бірлесе (команда құрамында) жұмыс жасау машықтарын игеру.
Достарыңызбен бөлісу: |