Асхатқызы Аида кя 8 Бастауыш



бет2/3
Дата03.01.2022
өлшемі25.6 Kb.
#450929
1   2   3
4Синт.АсхатқызыА.

Баяндауыш. Баяндауыштың қызметі басқа мүшелермен, әсіресе, сөйлемде баяндауыш қызметінде тұруы сол сөйлемдегі субъектілік, предикаттық қатынастан бастауышпен қатар қойып айтқанда айқын болады. Бірқатар сөздердің атау, түбір күйінде маңында басқа сөздер болмаса да баяндауыш қызметінде екені айқын болатыны бар.Жеке сөздердің өз алдына баяндауыштық қызметте тұруы олардың басқа сөздермен мағыналық байланыста айтылуынан болып отыр. 

Есім сөздер де түбір күйінде, ешқандай баяндауыштық жалғау жалғанбай-ақ, баяндауыш бола береді. Ол үшін бастауыш пен баяндауыш қатар айтылуы керек. Сонда олардың сол қызметте жұмсалуына себеп болатын жағдай олардың сөйлемде белгілі орында тұруы болады. 

Сөздердің грамматикалық тұлғалар арқылы баяндауыш болуы. Баяндауыштың морфология – синтаксистік тұлғасы - жіктік жалғаулары. Жіктік жалғаулар әрі баяндауыштық тұлға, әрі бастауыш пен баяндауышты өзара байланыстыратын синтаксистік тұлға. Олар тек етістікке емес, баяндауыш қызметіндегі І,ІІ жақтық есімдерге де жалғанады.Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. 

Дегенмен көбінесе баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді жіктегенде, олар басты екі салаға бөлінеді: 1)Етістік баяндауыштар. 2)Есім баяндауыштар. 

Етістіктің өзінің сөйлемдегі қызметі - баяндауыш болу, олардың баяндауыш болу қабілеті өте күшті, сондықтан басқа қызметтерінен гөрі баяндауыш қызметінде жұмсалатындығынан олардың өздеріне тән мағыналық, грамматикалық ерекшеліктері айқын көрінеді.Етістіктердің сабақты және салт болуы сиақты, болымды және болымсыз болуы да етістік атаулыға ортақ болғандықтан, оның баяндауыш қызметінде жұмсалуында да ерекшелік жоқ. Дегенмен, солар арқылы болымды, болымсыз сөйлемдер жасалатындықтан, олардың баяндауыш болуын ерекше атау болу керек болады.

Етістіктер етіс тұлғасында да, райлық, шақтық тұлғаларының барлығында да баяндауыш бола береді.Қазақ тілінде етістіктер көп, олар аса жиі қолданылады. Арнаулы көмекші болып жұмсала береді. Олардың өзара көсемше, есімше тұлғалар арқылы байланысқан түйдекті тобының құрамы екі немесе үш, кейде 4,5 етістікті болып та келеді. Бұлар етістіктерден  болған күрделі баяндауыштар. М, Сүрініп кетіп, жығылып қала жаздадым. Негізгі етістіктер мен көмекші етістіктер түйдекті топ құрып, күрделі баяндауыш болғанда, субъектінің қимыл процестерінің әр түрлі құбылыстарын : істің, қимылдың біткенін, олардың қарқынын, тиянақтылығын, тыңғылықсыздығын, басталу, аяқталу кезеңдерін білдіреді. Күрделі етістіктерден болған баяндауыштар әр түрлі құрамда айтылып, әр түрлі қимыл кезеңдерін білдіреді.Күрделі баяндауыштардың құрамында айтылатын бірқатар көмекші етістіктер негізгіге модальдық мағына үстейді.



Құрама баяндауыштар есімдер мен етістіктерден құралады. М: Оның кәсібі- кілем тоқу.Үш жақта айтылатын бастауыштар баяндауыштарын өздеріне ілестіре белгілі жақтық мағынаға ие қылып отырады. Соған сәйкес бастауыштың баяндауышпен жақтық қиысуының 2 түрі бар : 1) Жалғаулы қиысу;   2) Жалғаусыз, мағыналық қиысу. Қазақ тілінің материалдарына қарағанда, мағыналық қиысу І,ІІ жақта да бар екені байқалады.Мен- перзент, сен- премьер.Баяндауышты бастауышпен сандық мағынада қиыстыру үшін жұмсалатын жіктік жалғаулар. М: Біз жазамыз, бақыттымыз.Сын есім, сан есім есімшелерден болған баяндауыштардың көптік жалғауда айтылу- айтылмауының мынадай мағыналық айырмашылығы болады. Егер олар көптік жалғаусыз айтылса, атрибуттық предикат болады да, жалғаулы болып айтылса, субстантивтенген предикат болады.
Баяндауыш болатын сөз таптары:

  1. Етістіктер мына тұлғаларда айтылып, баяндауыш болады:

    • ашық райдағы етістіктер

Мысалы: Мен бір аса маңызды жұмыспен келіп 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет