Ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты



бет3/4
Дата08.04.2024
өлшемі410.63 Kb.
#497921
1   2   3   4
ашық сабақ ромашка 2024

Қар қайда жатыр?



Суретке қарайды. Бала бейнеленген нысандағы қар жайлы сөйлем құрап айтады. Сөйлем дұрыс құралса, қосымша сурет көрсетіледі. Мысалы, қар жатқан орындық. Жабдықтар.
. Сергіту сәті. «Қар».
Педагог:

  • Балалар, қар жерге түскенде айнала аппақ, әдемі, жап-жарық болады.

Көңілді ырғақты әуен естіледі.
Жауды, міне қар аппақ, (қолды жоғары көтеру, саусақтарды төмен жүргізу)
Айналаның бәрі аппақ, (қолды екі жаққа сермеу)
Жасырыпты жолдарды. (қол белде, орында жүру)
Тегістепті оларды. (орында айналу)
Үстін жауып көлдердің, (қолмен екі жаққа толқын жасау)
Бетін бүркеп белдердің, (бетті уқалау)
Жастық етіп тауды асқақ, (екі алақанды қосу, бір орында секіру) Жантайыпты жанбастап.
(Т. Шопашов)

  • Балалар, қар қандай? (Таза, аппақ.) Жарайсыңдар!

  • Қар не істеді? (Жауды, жасырды, тегістеді, бүркеді.)

  • Қар қайда жауды? (Жолдарға, көлдерге.) Жарайсыңдар!

2.3. Қарама-қарсы мағыналы сөздер жұбын құрау негізінде сөздіктәжірибелік жаттығу. «Биік - аласа. Тар - кең».
Педагог:

  • Педагог балаларға шыны ыдыстағы қарды көрсетеді.



  • Балалар, мынау не? (Мынау қар.)

  • Қар қандай түсті (Қар - ақ.)

  • Балалар, саусақтарымызды қарға тигізсек, қар қандай? Педагог ыдыстағы қарды ұстап көруді ұсынады.



  • Сонымен, балалар, қар қандай екен? (Қар суық.) Жарайсыңдар!

  • Қар тағы қандай?

Педагог қарға қайықты түсіреді.


  • Қар қандай? (Тарсылдатады.) Қатты? (Жұмсақ.) Дұрыс.

Педагог қарды қолмен алып, қысып дөңгелетеді.

Балалардың қасына келіп, ұстап көруге мүмкіндік береді.

  • Ал енді қар қандай? Жұмсақ па? (Қатты.) Дұрыс. Енді, ол қатты.


Балаларға ыдыстағы қарды бақылап көру мүмкіндігін беру үшін жаттығуды үстелдің үстінде өткізуге болады.

  • Балалар, қар қандай?

  • Қатты - ... (Жұмсақ.)

  • Суық - ...

  • Ыстық - ...

  • Балалар, егер қарды ерітсе, онда ол еріп, ыстық болады.

Педагог шүмегінен бу шығып тұрған шайнекті көрсетеді.


  • Қарды қыздырса, ол неге айналады? (Суға.) Дұрыс. Қар дегеніміз - су.

Қайталайықшы. Қар ериді. Жарайсыңдар!
Педагог сұрау барысында әр балаға жеке жауап беруге мүмкіндік береді.

  • Міне, балалар, қар қандай бола алады. Жарайсыңдар!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет