ҚАШҚынбаев иса мен мурзин мұхтардың жауаптасуы



Дата25.02.2016
өлшемі52 Kb.
#20341
ҚАШҚЫНБАЕВ ИСА МЕН МУРЗИН МҰХТАРДЫҢ ЖАУАПТАСУЫ.
Бұл жауаптасу тергеуден тыс өткен сияқты. И. Қашқынбаев пен М. Мурзиннің арасындағы екеу ара әңгімені камераның есігінің сыртына арнайы қойылған тыңшы хатқа түсірген іспетті. Өйткені, өзара әңгіме еп. өткен. Тергеу барысының психологиясынан хабар берген болғандықтан да жауаптасудың кейбір тұстарын ғана келтіреміз.

Мурзин М.: Менің ойымша еп. босатып, мені түрмеде қалдыратын шығар.

Қашқынбаев И.: Неге олай еп. ойлайсың.

Мурзин М.: Орынборда Сұмағұл Садвақасовтың ұйымдастыруымен Коммунис қазақтардың жиналысы еп.. Партияда жоқтардан мен ғана қатыстым. Бұл туралы елдің бәрі біледі. Әсіресе Байдилдиннің баяғыда еп.аці қойғанына сенімдімін. Енді менің де сол оқиғаны баяндап беруімді талап етіп отыр. Ол мақсаттарына ешқашанда жете алмайды. еп.а аса күдікшіл. Жұрттың бәрін ГПУ-дің тыңшысы еп. есептейді. Өткен жылы өзінің соңында тыңшының жүргені туралы әркімге айтқан. Бұл мәселеге ерікті немесе еріксіз түрде болса да Смағұловтың, Қозыбековтың, Байғариннің, К. Тоқтабаевтың, Е. Үрдебаевтың қатысы бар. Жер жөніндегі комисориаттың машинасымен соңына ілесіп отырыпты. Кожебников пен Нұрмаховқа Қадырбаев Сидазымды іссапарға жұмсаған сияқты. Бұл туралы ГПУ-дің қызметкерлеріне хабарланыпты. Мұндай орынсыз тіміскілеу менің жүйкемді жұқартып жындандырып жібере жаздады. Бұл тыңшылық маған еп. еп. болды. Кейін соңыма кімді салып қойғанын айна қатесіз білетін болдым. Олардың жұмыс жүйесі мен қисынын талдай келіп қалай жұмыс істейтіндерін білдім. Олар әр адамның ақылы мен мінезіне қарай бағалап, жеке-жеке зерттеп жасырын түрде тапсырма береді.

Қашқынбаев И.: Мен еп. жайдың бәрін мойындадым. Ол менің бауырым болғандықтан да не істерімді білмеймін.

Мурзин М.: Мынадай тәртіпті ұстану керек. Ешқашанда, ешнәрсені мойындамау керек. Егер де жан-жағынан қысымға алса онда үндеме әйтеуір мойындай көрме. Сіздің тәжірибеңіз аз адам екенсіз. Ешқашанда тергеушілірдің сөзіне сенбеңіз. Егер де олар нақты айғақ бар десе онда құжатты көрсетуін талап етіңіз. Алайда тергеушілер көрсеткен айғаққа сенбеңіз. Бұл олардың тақыстанған тәсілі. Бетпе-бет мойындасуға шақырса да бәрі бір мойындамаңыз. Мен өзім бетпе-бет мойындасу кезіндегі барлық айғақтарды жоққа шығардым.

Қашқынбаев И.: Нақты айғақты мойындамауға (Қашқынбаев) қарсы шықты. Бұл ГПУ-дің сенің сөзіңе сенімсіздік тудыруы мүмкін деді (бұл арада тыңшы Қашқынбаевтың сөзін мазмұндап беріп отыр).

Мурзин М.: Ер жігітке сай мінезді сенімен жігітше сөйлескенде ғана көрсету керек. Адамның жеке еп. қорлап қысым көрсетіп отырған қазіргі жағдайда парасатты көріну нағыз Донхихоттық ақымақтық. Жалпы кез келген қысымға еп. білу керек және өзгеге кінә артпауға тырысу қажет. Ең бастысы ешкімді шырғалаңға тартпаған жөн. Менің негізгі ұстанған тәртібім – үшінші бір адамның атын атамаймын, тіпті достарыммен отырғандағы әңгімеге де ешкімді араластырмаймын.

Тағыда Мурзиннің айтқаны (Тыңшының жазғаны – Т.Ж.): Сіздердің ұйымдарыңыз бар екенін баяғыда-ақ білген, бірақ та ол кезде қозғамаған. Әуелі еп.ац топты, содан кейін екінші топты іріктеп тұтқындаған. Енді үшінші топтың да тізімін жасауы мүмкін. Мұның барлығы сыртқы дүниеге (немқұрайлы адамдарға) қыр көрсетіп, ГПУ тергеушілері тергеу барысында жаңа астыртын ұйымды әшкереледі дегенге сендіру үшін жасалып отыр. Ал тұтқындалғандардың барлығын айыпты еп. мәселесі шешіліп қойған. Олар тергеуді тұтқындағаннан кейін емес, тұтқындағанға дейін жүргізеді. Сіздер астыртын ұйым құрды дегені жай сылтау ғана, еп. басқада. Орталық комитеттің былтырғы қаулысында ұлттық интеллигенциямен күресу туралы шешім қабылданған болатын. Бұған не еп. болды, мен е білмеймін. Бірақ та біздің тұтқындалуымыз сол қаулыны жүзеге асырудың нәтижесі екені анық.



Власова Алисаның 1931 жылға 5 қыркүйек күні берген жауабының хаттамасы:

Бұл тосын хаттаманы тағдырдың мазағы десе де болады. Айыпталушы Әзиз Мурзиннің орыс әйелі Алиса өзінің күйеуінің үстінен арыз жазған екен. «Қатын өсекті» сөз арасына іліктіріп отырғанымыздың себебі, қалайда қаралау үшін некелі әйелін күйеуіне қарсы арандатқан тергеу жүйесінің аярлығына мысал келтіре кету.

Бұл І томның 638 бетінде.

«Әзиз Мурзинді мен 1920 жылдан білемін. Сонымен қатар оның туған ағасы Мұхтар Мурзинді және оның жақын таныстары Сәдуақасов Смағұлды, Бөкейханов Әлиханды, Байтасов Абдолланы, Сұлтанбеков Жағыпарды, Досмұхамедов Жаһаншаны, Шылалов Мыңайдарды, Басалов Айдарбекті, Телхожин Зейнолланы, Ермеков Әлімханды жақсы білемін. Бұл адамдардың барлығы менің күйеуім Мурзинмен жақсы қарым- қатынаста болды. Олардың үй іштерін де жақсы көретін. Сондай-ақ Әзиз Мурзиннің болашақ әйелі Жантөрина Зайрамен де таныспын. Жоғарыда айтылған таныстары мен достары, оның отбасымен үнемі араласып тұратын. 1922 жылы Смағұл Сәдуақасов Қостанайға келіп Әзиз Мурзинді өз жағына тартты. Ол кезде Мурзин Қостанай губерниялық атқару комитетінің төрағасы болатын. Олар байлармен ауызжаласып, оларға көмектесті. Қазақ қызметкерлері Мурзинің маған, яғни орыс әйеліне үйленгеніне қарсы болды. Сондай–ақ Сәдуақасов Смағұл мен Мурзин Мұхтар да жақтырмайтын. Қазақтың таза қаны орыспен араласқаннан кейін дүбара тұқым туады дейтін. Олардың дегеніне көнген Мурзин мені тастап кетті де Балғымбаевтің қызына үйленді. 1927 жылы маған Мурзин былай деп айтты: 1922 жыл Смағұл Сәдуақасовтың Орынбордағы пәтеріне оның сыбайлас достары жиналды, ағайынды Мурзиндер де соның ішінде болды. Кеңес өкіметіне қарсы күресеміз, бір- бірімізге адал боламыз деп ант сөзін жазыпты. Бұл антты бәрі түрегеп тұрып тыңдап, төс қағыстырып білмеймін. Ол мәжілістің мазмұнын білмеймін. Алай да Әзиз Мурзин маған: мұны өкімет мекемелері біліп қойса, біздің көрешегімізді көрсетеді – деді. Мурзин Әзиз 1923 жылы Сәдуақасовпен және байланысы үшін Компартия қатарынан шығарылды... Шәкеннің .... көмегімен Моквадағы құрлыс жөніндегі қазақ өкілі болып қызметке орналасты. Москвада ол Бөкейханов пен Мұңайтпасовты төңіректеп жүрді. Сол кезде маған Әзиз Мурзин: 1920 жылдардың басында Ташкенте Совет өкіметін құлату үшін қазақтардың жасырын ұйымы құрылды деп айтты. Сол ұйымның мүшесі ретінде Мұңайтпасовқа қару беріп Қожановты өзінің пәтерінде атып өлтіруді тапсырды. Мұңайтпасов Қожановтың әйелінің бауыры болатын. Қарындасы мен жиендерінен айрылып қалмас үшін ол бұл тапсырманы орындамады. Тіпті бұл туралы Қожановтың өзіне де айтып қойыпты. Бұл оның алдындағы өзінің кінәсін жуғысы келгені болса керек. Мұңайтпасов бас тартқан бұл жұмыс ұйымның басқа мүшесіне тапсырылыпты. Оның аты-жөні есімде қалмапты. Москвада тұрғанда Мурзин Бөкейхановты үйге жиі шақырды. Сәдуақасов үшеуі мені бөлмеден шығарып жіберіп, оңаша әңгімелесітін. Олардың қандай да бір өзара құпия әңгімесі болатын. Кей кезде Мурзин Әзиз ісспармен келген ағасы Мұхтар Мурзинге жолығу үшін қонақ үйге кетіп қалатын да, оңаша әңгімелесетін. Менің сұрақтарыма әдеттегідей жалтара жауап беретін. Әзиз Мурзин Әлихан Бөкейхановпен кездескен кезде есі шығып кететін, мұндай жақындық еркектердің арасында өте сирек кездеседі. Ал Бөкейханов маған: Мурзинді туған ұлымдай жақсы көремін – дейтін. 1929 жылы Мурзин Моквадан кетерде Бөкейханов онымен қимай қоштасты, көзіне жас алды. Онымен қоймай олар әлде не туралы қазақша сыбырласып сөйлесті. Ол кезде Москвада Байтұрсыновтың және басқа да адамдардың тұтқындалғаны туралы хабар белгілі болатын. Бөкейханов пен Мурзин, Мурзин мен Мұңайтпасовтар ол жөнінде жиі әңгімелесетін. Мен Москвадан кеткен кезімде Бөкейханов түрмеде жатқан Дулатовқа көмек ретінде оның әйелі Дулатоваға тапсыру үшін 4 мың теңге берді. Бұл ақшаны маған өте құпия түрде тапсырды, әрі өте сақ болуымды өтінді, почта арқылы хат жазбауымды ескертті. Дулатовқа тапсырылған ақша мен хатты Қызылорда қаласында Дулатоваға бердім. Тұтқындағылардың отбасына ақшалай көмек үнемі көрсетіліп тұрды. Ақшалай қаржыны ең соңғы рет Бірімжанов Алматыдан Москваға өзінің қазақ өкілеттілігінде істейтін қарындасы арқылы беріп жіберді. 1928 жылы Бірімжанов шетелден Москваға келді. Шетелде Мұңайтпасовпен кездескен. Бірімжанов Жантөринаға үйленеген болатын. Москваға келген соң Бірімжанов тұтқынға алынды. Бөкейханов пен Мурзиннің кеңесі бойынша Жантөрина онымен ресми ажырасты. Ал шындығында ол өзінің күйеуіне үнемі қаржылай көмектесіп отырды. Бірімжановтан ажырасуының себебі өзіне тергеушілердің назарын аудармаудан туған. Өйткені Жантөрина помещиктің от басынан шыққан. Әкесі мемлекеттік думаның мүшесі болды. Патша сарайында жиі болып тұрған. Ол әйел Москва мемлекеттік университетінде шет тілі факультетінде оқыған. Германияға өзінің неміс тілін жетілдіру үшін іссапармен жіберілген. Қаражаты жоқ болғандықтан басында барғысы келмеп еді, бірақ кейін ақша оның қолына жаңбырдай жауды да, шетелге кетті. Оған Мурзин 400, Бөкейханов 600, Сейдалин  200 сом берді. Сейітқали Меңдешев те көмектесті. Оның өз сөзіне қарағанда 4 мың сом жиналған. Әрине бұл оның кемітіп айтқаны. Ол бүкіл Еуропаны аралады, Берлинде, Парижде тұрды, Түркия арқылы қайтып оралды. Онда оның үй, қора-жайы бар ағасы тұратын. Ол Парижде Шоқаевпен кездесті. Әзиз Мурзинмен екеуара әңгімелескенде Шоқаевтің есімі жиі аталатын. Жантөринаның Москвадағы жоғары оқу орнына түсу себебі туралы мынаны айта аламын: Жантөриндердің үйіші Колчактің штабымен бірге көшіп жүрді. Оның әкесі сол сапарда қайтыс болды. Әкесі өлген соң, сіңілісі екеуі Москвағв оқуға келді. Мұндағы қазақтармен танысып, жөн сұрасады. Құрлыс жөніндегі қазақ өкілеттігінде істейтін Әзиз Мурзинге жолығады. Ол: бұлар менің жерлесім, Сырдария аулынан шыққан деген сенім қағаз береді. Сол құжат бойынша Жантөрина оқуға түсті. Москвада Әзиз Мурзиннің жақын араласқан адамы Кәрменов Қайролла. Ол бұлардың барлық қылмысын білетін. Мурзиннің, Мұңайтпасовтың, Бекентаевтің тобына Кәрменов қамқорлық жасайтын. Кәрменов шетелден келгенде, олардың бәрінің үйішіне өз есебінен сыйлықтар әкелді. 1929 жылы Алматыға келген соң ғана Кәрменовтің, Бекентаевтің, Досмұхамедов Жаһаншаның тобымен қоштасты. Жаһанша Досмұхамедовпен көбінесе саясатқа қатысты әңгімелесетін. Қызып алған кезде ол компартия мен Кеңес өкіметін балағаттайтын, мазақтайтын. Әзиз Мурзин қарқылдап күліп, оны қоштап қоятын. Қазақтар Мұхтар Мурзиннің үйінде де бас қосатын. Әдетте ағайынды Мурзиндер, Қадырбаев Сейітазым, Нұрымов, Ғаббасов, Сұлтанбеков жиналатын. Олар тек қана саяси тақырыпта сөйлесетін. Әңгімелерінің мазмұнын мен білмеймін. Алайда бір рет олардың үрейін ұшырып: Сендердің сөздеріңді өкіметке жеткізіп, әшкерелеу ғана қалды – дедім. Бұдан кейін Мурзин менен сақтанып жүретін болды.

Тынышбаев, Ермеков және басқалары тұтқындалғаннан кейін Әзиз Мурзин өте сақтық жасап Мұхтар Мурзинмен, Кәрменовпен, Бекентаевпен, Мұңайтпасовпен, Мұратбековпен жазысқан хаттарын өртеді. Хаттарды мен жақтым. Ал ол іші қағазға толған үлкен папканы өртеді. Сөйтіп ол тінту кезінде айғақ қалтырмауға тырысты. Сақтық шарасын қолданған себебі, менің артымнан тыңшы еріп жүр, үйді күдікті адамдар аңдып жүр деп жиі айтатын. Әзиз Мурзин Мұхтар Мурзин мен Қадырбаевтің әйелдерімен сөйлескеннен кейін: Ғаббасовқа, Нұрымовқа, Тынышпаевқа сенуге болмайды, олар ГПУ-дің шпиондары дейтін. ХалКом кеңестің төрағасы Исаевпен жақсы болатын. Онымен төрт рет кездесіп Мұхтар Мурзиннің неге сотталғанын білгісі келді. Алайда ол әрекетінен ештеңе шыққан жоқ. Сондай мәліметті білмек боп Масановқа да барды. Исаев пен Масанов Мұхтар Мурзинмен байланысы бар деген сөзге қалмас үшін мұның тілегін орындаудан бас тартты. Мурзинмен ажырасқаннан кейін мен Төреқожиннің пәтеріне ауыстым. Сонда байқағаным Төреқожиннің үйіне Сұлтанбеков жиі келеді екен. 1931 жылы

19 немесе 20 тамызда Сұлтанбеков пен Төреқожин арасында таңғы сағат 4-ке дейін созылған әңгіме болды. Олардың сөзіне құлақ салған тыңшы болмаса да ешкім естімейтіндей оңаша жерде сөйлесті. Олардың қазақша сөздерінің арасынан Голощекин мен Криштоның фамилиясын естіп қалдым. Ермеков біздің үйде болған емес. Алайда Әзиз Мурзин Ермековты қонақ ету керек еді деп жүретін. Менің оған мұршам жетпеді.

Қолымды қоямын... (Власова)

Тергеудің жауабын алған ... Попов
Мұхатр МУРЗИН

Тергеуге алынғандардың ішінде тек Мұхтар Мурзин ғана барлық сұрақтарға: «Білмеймін. Ешқандай партияға мүше болған емеспін»» - деп жауап беріпті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет