Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері


Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз



бет2/3
Дата08.10.2023
өлшемі271.12 Kb.
#480125
1   2   3
Қашықтықтан оқыту

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Мұнда мұғалім түсіндірмесін, көрсетілімдерін көру арқылы оқып үйренеді.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Мұнда оқушылар, студенттер, тыңдаушылар өздерінің ізденіс, ақпарат жинақтау, тапсырмаларын желі арқылы оқытушыларына жолдап отырады. Ал, оқытушы тарапынан кері байланыс жасалып жүргізіледі.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренингтер өткізу формасы.Қашықтықтан оқытусеминарлары оқу сабақтарының белсенді түрі болып табылады. Ол семинарларбейнеконференциялардың көмегімен жүргізіледі. Олар пікірталасқа оның дамуының кезкелген жерінде кіруіне мүмкіндік береді және бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып, бірнеше қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының белсенділік дәрежесі бойынша бағалай алады. Өзара іс-әрекет ету саны артады, ал оқытушы тең құқылы әріптес ретінде көрінеді.
Қашықтықтан оқыту кеңестері пәнді өз бетімен оқып үйренуде білім алушыларға жетекшілік жұмысын жасау және оларға көмек көрсету түрлерінің бірі болып табылады. Телефон және электронды пошта, сонымен бірге телеконференциялар қолданылады.
Қашықтықтан оқытуда зертханалық жұмыстар материалды тәжірибелік меңгерілуі үшін беріледі. Білім алушыларға қарапайым жағдайда көрсетуге өте күрделі немесе мүлде мүмкін емес құбылыстарды виртуалды шындық көрсететін мүмкіндігі бар.
Қашықтықтан оқытудағы бақылау – бұл білім алушының оқу материалын меңгеруі нәтижелерін тексеру. Сонымен, қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп, білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

  • Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет;

  • Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет;

  • Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет;

  • Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

  • Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.

  • Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлауды, жауапкершілікпен қарауды, баламен еркін коммуникативті қатынасқа түсу, мұмкіндіктерді дұрыс қолдануды назарда ұстау қажет.

Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары:
1. Білім алушыларды қашықтықтан оқытуға арналған оқу- әдістемелік материалдарымен қамтамасыз ету үшін қашықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша электрондық оқу- әдістемелік кешені болу керек.
2. Электрондық оқу- әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген, бекітіліген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге асырады.
3. Әрбір пәннің электрондық оқу- әдістемелік кешені міндетті және қосымша комплектілерден тұруы керек.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады:

  • Туындайтын мәселелерді қарастыру;

  • мақсат пен міндеттерді қою;

  • білім, тәжірибелерді беру;

  • ұйымдастыру қызметі;

  • білім алушылардың арасында өзара байланысты орнату;

  • оқу процесін бақылау.

Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тыңдаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғары деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның құралдарымен жұмыс істей білуі керек.
Қорыта келе, дәстүрлі оқыту орталарына қарағанда жаңа электрондық технология оқушыны оқу процесіне белсенді қатыстырып қана қоймайды, сонымен қатар осы процесті басқаруға рұқсат етеді. Дыбыстың, қимылдың, бейненің және мәтіннің интеграциясы жаңа, мүмкіндіктері мол, әдеттен тыс оқу ортасын қалыптастырады, оның даму барысында оқу процесіне белсенділікпен қатысатын оқушы саны да арта түседі. Қашықтан оқыту жүйесінде қоданылатын бағдарламалер мен ақпаратты жеткізу жүйесінің интерактивті мүмкіндіктері, көптеген дәстүрлі оқу орталарында мүмкін болмайтын кері байланыс орнататын және икемдеп отырады, тұрақты көмек пен сұхбатты қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет