Білдекті баптау деп берілген операцияларды (құралды, айлабұйымды, дайындамаларды және т.б. орнату) орындалуымен байланысқан барлық дайындалатын жұмыстарды айтады.
Білдекті орнату берілген кесу тәртібіне сәйкес оның кинематикалық тізбектерді (айналым, беріліс) келтірілуімен қорытындыланады.
Кескіштердің шыңы дайындама өсінің биіктігінде орналасатындай (білдек, центрлер сызықтары), ал оның шығарығы ұстағыш биіктігі 1,5 аса болатындай кескішұстағышқа бекітеді.
Дайындамаларды әмбебап және айлабұйымдардың көмегімен бекітеді: жұдырықты және т.б. қысқылар, әртүрлі центрлер (жай, кері, бұдырлы және т.б.).
Ұзын (қатаң емес) біліктерді өңдеу кезінде қатаңдықты жоғарлату үшін білік суппортта қондырылған люнетке сүйенеді.
Беттерді жону техникалық тағайындалуы бойынша бөлінетін 6,7,8 суреттегі жоңғыш кескіштермен орындалады: өтпеліде – сыртқы цилиндрлі және конусты беттерді жону үшін, тілікті – жазық шет жақты беттерді жону үшін, күйлей жону – тесіліп өткен және тұйық тесіктерді жону үшін; қиғыш – дайындамаларды бөліп кесу үшін;сыртқы және іщкі бұрандыларды кесу үшін бұрандалы;сұлбасы дөңгелек және призмалы – сұлбалы беттерді жону үшін;кесетін – сақиналы бұнақтарды жону үшін.
Кескіштердің негізгі бөліктері мен элементтері, сонымен қатар геометриялық кескіштерін анықтау үшін шартты жазықтар сурет 3.2., 3.3 көрсетілген.
Сурет 3.2 – Кескіштің геометриялық параметрлері
Төмендегі сурет 3.3 – беріліс қозғалысының бағытына тәуелді кескіш түрлері келтірілген.
Сурет 3.3 – Беріліс қозғалысының бағытына тәуелді кескіш түрлері
а – өтпелі қайырылған; б – түзу өтпелі; в – өтпелі тіректі; г – қиғыш; д – кесетін; е – өтпелі кеңей – жоңғыш; з – ішкі бұрандаға арналған бұранда кескіш; и – бұранда кескіш.
Сурет 3.4 – Тағайындауы бойынша кескіштің жіктелуі
Өңдейдің сипаттамасы бойынша кескіштерді дәлдеп өндейтін, жартылай дәлдеп өндейтін және жобалай өндейтін деп бөледі. Жұмыс бөлігінің пішіні бойынша кескіштерді тік, қайырылған және созылыңқы. Беріліс бағыты бойынша – сол және оң. Оң – оң жақтан сол жақберілісімен жұмыс істейді, сол – солдан оңға.
Үлкен беріліс кезінде қосымша кесу жиекті кескіштерді қолданады,сонымен қатар көпшекті жонбайтын қатты қорытпалы кұйтабақты кескіштерді қолданады.
Сыртқы және шет жақты беттерді өңдеу үшін арналған кескіштер: Тесікті өңдеу сапасы белгілеумен анықталған конструкция және кескішті анықтау дұрыстығына байланысты, квалификациялы жоңғыш тетіктің құрама пішінін көріп, оны өңдеу үшін қандай кескіштер керек екенін анықтай алады. Жонып өңдеу кезінде кескіштерді таңдау маңызды міндет болып табылады.
Жоңғылау үшін кескіштер бастиегінің пішіні бойынша тік – тік сызықты өзекпен (3.5 а сурет) және созылыңқы – оңға және солға созылыңқы өзекпен (3.5 б сурет). Сурет 3.5 – суретте жону кескіштерінің негізгі түрлері көрсетілген.
Сурет 3.5 – Жону кескіштерінің негізгі түрлері
Кесу жиегінің орналасуы бойынша оң (3.5г сурет) және сол (3.5 в сурет) кескіштер деп бөледі. Оң жақты өңдеу кезінде артқы тұғырдан алдыңғы тұғырға қарай көлденіңен бағытында, ал сол жақты – алдыңғы тұғырдан артқы тұғырға қарай орын ауыстырады.
Өтпелі кескіштер – жоңғылау, қиық жиектің пайда болуы үшін, өтпелі таянышты кескіштер – пайда болатын сатының шет жағын өңдеу және жоңғылау үшін арналған.
Тіліктелген кескіштер – дайындалатын дайындама шет жағында сатының пайда болуы үшін және шет жақ жазықтарын өңдеу қызметін атқарады. Тетіктің ішкі және сыртқы беттердегі жырашықтар жырашықты кескіштер (3.5 е, з сурет) көмегімен де алынуы мүмкін.
Сұлбалы кескіштер (3.5 к сурет) өнделетін тетіктің пішіні бойынша жоңылған және тіліктелген,жырашықты және кесілген сияқты көлденең берілісі ғана бар. Сұлбалы беттерді суппорттың көлденең берілісімен арнайы сұлбалы кескіштермен немесе көшірмелі механикалық немесе гидравликалық құрылғылардың көмегімен өнделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |