Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет114/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   200
Asyl-analar

 
 
Мұнан кейін Зәйдті адамдар «Ибн Мұхаммед» деуді қойып
туған әкесінің атымен «Ибн Хариса» деп атауға көшеді. Ибн 
Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):
«Біз Зәйд ибн Харисаны «Оларды (яғни өкіл немесе асыранды 
балаларыңды) өз әкесінің (атымен) атаңдар. Бұл Аллаһтың 
қасында ең әділі», – деген Құран аяты түскенше «Зәйд ибн 
Мұхаммед» деп атайтынбыз», – деген
1

Міне, осылайша Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үйі жаңа әйелді 
қабылдайды. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) аталас әпкесінің қызы 
Зәйнәб жас әрі сұлу еді. Әдеттегі әйелдік сезімдерге тән әйелдері 
Пайғамбарымызды (с.а.с.) одан қатты қызғанатын. Айша (Аллаһ 
оған разы болсын) ол жайлы: «Зәйнәбтан басқа Пайғамбардың 
(с.а.с.) әйелдерінің бірде-біреуі маған ұқсамайтын», – деген. 
Зәйнәб Аллаһ елшісінің (с.а.с.) басқа әйелдерінен қатты 
ерекшеленетін. Ол күндіз тынымсыз еңбекқор болса, түнде құс 
ұйқылы, ғибадатта отыратын. Зәйнәб өз қолымен жеміс 
дәндерінен, шыныдан әшекей моншақтар тізіп, алқалар жасап 
сатып, 
оның 
ақшасын 
кедей-кепшіктерге, 
мұқтаждарға 
тарататын. Мұнысы үшін оны жұрт «кедейлер, мұқтаждар мен 
жетім-жесірлердің қамқоршысы, панасы» деп атап кеткен.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) Зәйнәб жайында Омар ибн әл-Хаттабқа 
(Аллаһ оған разы болсын):
«Шынында, Зәйнәб Жахшқызы Аллаһқа берілген», – деген
2

Оның қадір-қасиетіне күндестерінің өзі куәлік беретін. 
Айша (Аллаһ оған разы болсын) ол жайлы:
«Мен Зәйнәбтан жақсырақ әйелді кездестірген емеспін. Ол 
намаз бен оразаны бұлжытпай ұстайтын. Әрдайым шын 
сөйлейтін, қайырымды еді. Міне, осы істерімен Аллаһ тағалаға 
жақын болды», – деген. 
Басқа бір риуаятта Айша анамыздың:
1
Әт-Тирмизи, Манақиб: 39. 
2
Әз-Зәһәби, әс-Сиәр: 217. 


144


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет