Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет119/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   200
Asyl-analar

 
 
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – МӘЙМУНА ХАРИСҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) 
«Ол Аллаһтан қорқуда және туыстық қарым-қатынасты 
сақтауда бізден озық тұратын»
Ол – Бәрра бинт Харис әл-Ғамирия, Мәймуна – оған Аллаһ 
елшісінің (с.а.с.) берген есімі. 
Анасы – «Арабтарда ол сияқты мәртебелі күйеу балаларымен 
танымал әйел жоқ» делінетін Һинд Ауфқызы, ол жайлы анамыз 
Зәйнәб Хузәймақызының шежіресінде айтқанбыз. Мәймуна 
Зәйнәб Хузәймақызының шешесі бір сіңлісі. 
Мәймуна күйеуі Әбу Рухм ибн Абдулғұзза дүниеден өтіп, 26 
жасында жесір қалған еді. Ақылы мен сұлулығына қызыққан 
көптеген кісі Мәймунаға үйленуге ниет білдіргенімен, ол қайта 
тұрмысқа шықпай, әпкесі Аббас ибн Әбу Талибтің әйелі Умму 
Фадлдың үйінде тұрып жатады. 
Күндер зымырап өте береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ізін 
қуушы жүрегіне таудай иманды сыйдырған сахабаларымен бірге 
Ясрибқа қоныс аударып, Мәдина қаласы жас сенімнің даңқты 
орталығына айналғаннан бері жеті жыл артта қалады. Бұл жеті 
жыл уақиғаларға, жорықтар мен жеңістерге, өнеге-ғибратқа толы 
жылдар еді. 
Хайбар жорығына дейін һижра жыл санауымен 6-жылы Аллаһ 
елшісі (с.а.с.) сахабаларын ертіп, умра ниетімен Мекке бағытына 
жол алады. Бірақ ол кезде құрайыш мүшріктері мұсылмандарға 
умра жасауға мүмкіндік бермеген еді. Нәтижесінде, мүшріктер 
мен мұсылмандар арасында танымал «Худайбия» келісімі 
түзіледі. Келісімшарттарының бірінде мұсылмандар бұл жылы 
умра жасамай кері қайтып, келесі жылы келіп өтейді, ал 
құрайыштар оларға үш күн мұрсат беріп, умра жасауларына 
кедергі келтірмейді делінген-ді. Осы келісім бойынша бір 
жылдан соң һижраның 7-жылы зулқағда айында Пайғамбарымыз 


151
 
 
(с.а.с.) әйел-балаларды есептемегенде, екі мыңдай ізбасарымен 
Меккеге аттанады. 
Меккелік мұсылмандар кәпірлердің қысымынан лажсыз 
тастап кеткен туған жерлерін сағынып қалған-ды. Олар ансар 
бауырларымен бірге қалаға кіре бере жаппай «Ләббәйкә 
Аллаһуммә ләббәйк» (Біз құзырыңдамыз, уа, Аллаһ, біз 
құзырыңдамыз) деп ұрандап, Мекке аспанын жаңғыртады. 
Бүкіл меккеліктердің назары Пайғамбарымызға (с.а.с.) ауған. 
Ол Қасуа атты түйесінде отырған-ды. Түйенің бұйдасын 
Исламның бұлбұл ақыны Абдуллаһ ибн Рауаха (Аллаһ оған разы 
болсын) жетегіне алып «Жол беріңдер, кәпірлер жұрты, 
соқтықпа оған...» деген өлеңін оқыды. 
Аллаһ елшісін (с.а.с.) көруге келгендердің арасында Бәрра 
Харисқызы да бар еді. Ол іштей Құранда Ибраһим мен Исмаил 
пайғамбарлардың тілінде келген мына дұғаны оқып келе жатты: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет