Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет30/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   200
Asyl-analar

 
 
Әйелінің көп үгіттеуімен перғауын оны асырап алуға келісімін 
береді. Алайда ол бұл баланың өз патшалығының түбіне 
жететіндігін сезбейді. Мұсаны асырап алған перғауын үйі 
нәрестеге сүт-ана іздеуде үлкен қиындыққа тап болады. Бала 
ешбір әйелді ембей қояды, балаға аштан өлу қаупі төнеді. 
Асып-сасқан перғауын сарайы жан-жаққа ат шаптырып балаға 
сүт-ана іздейді. Осы кезде Мұсаның кішкене әпкесі келіп:
«Баланы емізетін әйелді сендерге мен тауып беремін», – 
деп, шабармандарды өзінің анасына алып келеді.
«Көзайым болып, қайғырмауы үшін және Аллаһтың 
уәдесінің хақ екендігін білуі үшін оны (Мұсаны) өз анасына 
қайтардық...»
1

Жоғарыда айтқанымыздай, Аллаһтың даналығының шеберлігі 
сондай, Ол Өз уәдесіне сай ұлын анасына қайтарып берді. Мұса 
екі үйдің арасында (өз анасы мен Әсияның үйінде) өседі. Мұсаны 
перғауынның суқаны сүймейтін, бірақ ол сұлу әйелінен асып кете 
алмады. Тіпті асыранды баланың көзін құртудың сәтін ойлап 
жүретін. Перғауын үшін бұл сәт Мұса исраилдікке ара түсіп, бір 
мысырлықты түйіп қалғанда, соққысы қатты тиіп кетіп, әлгі 
мысырлық жантәсілім еткенде туады. Бұл істеген қателігі үшін 
Мұса Аллаһқа жалбарынып, тәубе қылады да, Аллаһ оның 
тәубесін қабыл алады. Бұл болған жайт ел ішіне тарап, 
перғауынға жетеді. Сарай ақсақалдарының өзін өлімге кескенін 
естіп, Мұса Мысырдан қашып шығып, Палестинаға бет алады. 
Жаяу-жалпы Синаны басып өтеді: жалаң аяқ, жалаң бас, азып-
тозып, арып-ашып жол жүреді. Сапар машақаты оны ағаш 
жапырақтарын қорек етуге мәжбүрлейді. Сөйтіп, ол Сина 
атырабындағы Мәдиянға келіп жетеді. Осы жерде Мұсаға өмірлік 
серік болған тағы бір әйелдің әңгімесі басталады. Мұса әлденіп 
алу үшін Мәдияндағы бір құдықтың басындағы ағаш көлеңкесіне 
келіп отырады. Бұл құдықтан Мәдиян малшылары малдарын 
1
«Қасас» сүресі, 13-аят. 


39


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет