49
МӘРИЯМ ИМРАНҚЫЗЫ
«(Аллаһ тағала) Мәриям Имранқызын (мүміндер үшін
мысалға келтірді)».
«(Аллаһ тағала)
Мәриям Имранқызын (мүміндер үшін
мысалға келтірді)
. Ол абыройын сақтаған еді. Біз оған
Өзіміздің рухымыздан үрледік. Ол Раббысының сөздерін
және кітаптарын растады әрі бойсұнушылардан болды»
1
.
Мүміндерге үлгі болуы үшін Аллаһ тағала Құранда Мәриямды
осылай сипаттаған. Мәриям әлемдегі
ең құрметті әйелдерден
болды. Оның бұл қасиеттерін айғақтаушы көптеген хадис бар.
Аллаһ тағала алдында адамдардың мәртебесі әуелі пайғамбарлар
(әл-әнбия), содан соң шыншылдар (әс-сиддиқун), одан соң
шәһидтер (әш-шуһада), сосын игі адамдар (әс-салихун)
дәрежесіне бөлінеді. Мәриям
сол пайғамбарлардан кейінгі
шыншылдар дәрежесін иемденді. Мұнымен ол шәһидтерден де
жоғары тұрады. Ал Исламда шыншылдар дәрежесін иеленген
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ұлы сахабасы – Әбу Бәкір әс-Сыддық
(Аллаһ оған разы болсын).
Мәриямның әңгімесі анасынан бастау алады. Зәкәрия
пайғамбардың кезінде өмір сүрген
Мәриямның анасы Бәйтул-
Мақдистің ізгі, діндар, тақуа әйелдерінен еді. Сол тұста Зәкәрия
(аләйһис-сәләм) Бәйтул-Мақдистің діни істерін басқаратын.
Сондай-ақ Мәриямның әкесі де белді дінбасылардан еді. Бұл
дінбасылар
Зәкәрияның
басшылығында
Бәйтул-Мақдис
мешітінде оңаша ғибадатханада отыратын.
Сол кездегі қалыптасқан әдет бойынша кейбір адамдар
Аллаһқа жақындау ниетімен жаңа
туылған ер балаларын Құдай
үйінің қызметі үшін Бәйтул-Мақдиске атап нәзір ететін. Мұндай
Құдай үйіне нәзір етілген балалар «азат» деп аталатын еді. Яғни
1
«Тахрим» сүресі, 12-аят.