Асыл жанды ардаќты ќарттарым – ай


Қазақтың ұлттық спорт түрлері



бет2/7
Дата26.12.2022
өлшемі287.5 Kb.
#467949
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Спорт біздің серігіміз

Қазақтың ұлттық спорт түрлері
Дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.
Ат спортының түрлері:

  • аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,

  • байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,

  • ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,

  • аударыспақ - ат үстінде алысу,

  • жорға жарыс - жорғалар сыны,

  • құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,

  • қыз қуу,

  • көкпар - командалық ойын,

  • жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,

  • күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,

  • сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;



Ақыл-ой ойындары :



Күрес түрлері -

  • қазақша күрес,

  • әйелдер күрес;



Жеңіл атлетика -

  • жаяу жарыс,

  • жігіт жарыс,

  • әйелдер жарысы;

Күш өнері -

  • балуан тас,

  • түйе көтеру,

  • өгіз жығу,

  • асық ойындары және т.б.

Яғни, мақсатымыз – ұлттық спорт, ұлттық би өнерін насихаттау арқылы, денсаулық –саулық кепілі екендігін дәріптеу. Сіздер таңқалмаңыздар, қазіргі таңда біздің ағзамызды айықпас дертке ұшыратын темекі, яғни көк түтіндер, адамды жынжандырушы ішімдіктер мен есірткі заттар, сонымен қатар АҚТҚ/ЖҚТБ ауруы көптеп шығып жатыр. Облыс көлемінде қаншама жарнама арқылы зиянды әдеттерден арылтуға бағытталған жарнамалар көрсетілсе де, оның саны азаймай отыр. Біздің мақсатымыз осы жағымсыз заттардан қоғамды арылту, салауатты өмір салтын қолдау. Білім – инемен құдық қазғанмен тең болса, осы сабаққа қатысуларыңыз теңізге бір тамшы су құйғанмен тең.
Зиянды әдеттер бөлімшесі
Темекі шегу сенің тыныс алу мүшелерінің үшін де, денсаулығың үшін де өте зиян.
Шыныққан шымыр адамның 6 белгісі. (Жанель)

  • Өте сирек ауырады;

  • Көзінен от жалындаған, терісі де таза жан;

  • Ұйқысы да тыныш;

  • Алқынып-аптықпай 5 шақырым жерге дейін жүгіре алады;

  • 80 жастан кем жасамайды;

  • Егер сырқаттанып қалса, тез сауығып кетеді.

Шылымқорлық (Айдос)


Ең алдымен, біз жаман әдеттер мен шылымның шығу тарихын біліп алайық. Ертеде темекі алыстағы Америка материгінде өсірілген екен. Ал бұл өсімдіктің темекі атануы Гаити аралындағы Тобаго провинциясында өсетін жабайы өсімдіктің атауынан шығыпты. 1559 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауаруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Сонымен, «никотин» атауы француз елшісінің құрметіне аталған. Шылым – адам денсаулығына құрылған қақпан. Оның 2-3 талын шеккенен кейін, соған тәуелді болып, қақпанға қалай түскеніңді байқамай да қаласың. Шылымқор – ол ауру адам.

Ішімдік. (Асель)


Ең көп тараған есірткі таблетка немесе капсулада емес, темір қалбырлар мен шыны бөтелкелерде болады. Бұл-спирттік ішімдіктер, екінші аты алкоголь. Есіртікінің бұл түрі ашық түрде кең тараған және жастарды жаман әдеттерге үйрету жағынан бірінші орында тұр. Жыл сайын алкогольден уланып, мыңдаған адам өліп жатады. Адамның жүрегі мен бауырын зақымдауға спирттік ішімдіктің азғантай мөлшері де жеткілікті. Спирттік ішімдік ішкен сайын бауыр қатып, тас болады. Рифкат интерактивті тақтадағы ішімдікке байланысты суреттерді, видеоны түсіндіреді.
Біз өзімізге не керек екенін білетін қоғамда өмір сүріп отырмыз. Көркем фильмдердің шылым шегіп, арақ ішетін кейіпкерлеріне де еліктеуге болмайды. Қазір теледидардан зиянды заттардың алдын алу туралы жарнамалар көп беріледі. Соларға құлақ сал! Есіңде сақта! 18 жасқа толмаған балаларға сауда орындарынан ішімдік, темекі сатып алуына қатаң тиым салынған. Өзге адам жұмсаса оған осы тиым туралы түсіндір!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет