Асыл мұрам өшпес қазынам



жүктеу 31.67 Kb.
Дата21.06.2016
өлшемі31.67 Kb.
Асыл мұрам - өшпес қазынам

Н.Нұрмақовтың туғанына - 110 жыл


Өскелең өміріміздегі өрелі өзгерістер ұрпақ тәрбиесін жетілдіруді мақсат етсе, оқушылардың ой-өрсін, ақыл парасатты дамыту тұрғысында көптеген өмірлік өнегелер пайдаланады. Осы тұрғыда қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын Н.Нұрмақов атындағы облыстық №2 мектеп-интернаттағы мұражайда үлкен іс атқарылуда.

2004 жылы мектептің 70 жыддық мерейтойы қарсаңында мектеп директоры Есентай Мұқатайұлы Әшімов мұражайдың күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа сипат, жаңа мазмұн алып, осылайша жаңа қырымен көрінуіне басшылық жасады.

Мұражай негізінен үш бағытта жұмыс жасайды. Бірінші бағыт бойынша:

Қазақ ССР Министрлер Советінің 15 мамыр 1985 жылы №165 қаулысымен №2 мектеп-интернатына Нығмет Нұрмақов аты берілуіне байланысты, Мәди Бәпиұлының «Жақсы інім, Нығметім, кыран құсым, мәңгіге өлмеуі хақ ұранды ісің...» деген айдармен «Н.Нұрмақов - ардагер азамат, ірі қоғам кайраткері», «Нығметтің іздері сайрап жатыр...» деген тақырыптарда өмір жолдарынан тарихи деректер топтамасы жинақталған.

Н.Нұрмақов 1895 жылы 25 сәуірде бұрынғы Семей губерниясының Қарқаралы уезінде, қазіргі ауданның «Қызылшілік» деген жерінде шаруа отбасында туған. Ауылдық бастауыш мектепті бітіргеннен кейін, Нығмет Қарқаралы қаласындағы екі кластық училищеге түсіп оқиды. Нығмет Ақайдың Қасенінің қасына тілмаш болып еріп, Романовтар әулетінің 300 жылдығына арналған Омбыдағы жасау-жиһаздар көрмесіне барды. Сол жерде орыстың атақгы ғалымы Г.Н.Потанин, Ресей Географиялық қоғамының мүшесі, Омбыдағы семинарияның оқытушысы А.Н.Сидельников қаршадай қазақ баласының орыс тілінде мейлінше таза сөйлегеніне таң қалып, онымен танысып, Омбыдағы мұғалімдер семинариясының дайындық курсына түсуіне көмектеседі. Нығмет 1920 жылдан бастап, СОКП мүшесі, 1915 жылы Омбы қаласы мұғалімдер семинариясын, 1931 жылы БК(б)П ОК жанындағы Коммунистік университетті бітірген.

Репрессияға ұшырап, 1937 жылы қыркүйекте атылды. 1956 жылы Н.Нұрмақовтың мойнына тағылған айып алынып, ардақты есімі халқына қайтарылды.

Мұражайға Мәскеу қаласының архивінен алынған құжаттар, есеп карточкасында жазылған деректер, анкеталар, Нұрмақовтың отбасы туралы газет матариалдарынан деректер қойылды. Одан кейін, М.И.Калинин мен Н.Нұрмақовтың Әліби Жанкелдиннің үйінде конақта түскен суреті, Орынборда түскен суреті, ВКП(б) XIV съезінде Қазақстаннан барған делегаттар И.В.Сталинмен түскен суреттері жинақталды.

1932-34 жылдары ВЦИК президиумының жанындағы «Власть Советов» баспасынан шықкан Н.Нұрмақовтың үш кұнды еңбегі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент жазушы-қаламгер марқұм Рамазан Сағымбекұлының жеке архивінен алынып, жинақталып қойылды.

Н.Нұрмақов туралы жазылған дерекнамалық кітаптар, мұражай сөресінен орын алды.

Н.Нұрмақовтың немере інісі – мектеп түлегі Аман Нұрмақов Алматыдағы С.Ж.Асфандияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің №2 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор, медицина ғылымының докторы. Бұл кісінің мұражай материалдарын толықтыруға қосқан үлесі өте зор. Атап айтсақ, Н.Нұрмақовты қудалау кезіндегі ақтау кағазы, жазалау үкімі және түрмеге алу туралы ордері сияқты сирек құжаттарды әкеліп берді. Мектептегі әдістемелік кеңес отырысында бекітілген хаттамасы бойынша тарих пәнінің мұғалімі Рымтай Қаппасқызы «Нығметтану» бағдарламасын жасады. «Қазақтың ұлы зиялы азаматы – Н.Нұрмақов» тақырыбында дипломдық жұмыс қорғалды. Ардагер азамат, ірі қоғам қайраткері Н.Нұрмақов өмірінен сыр шертер мұражайдың ұрпаққа берер тәлімі мол.

Екінші бағытта «Ұлағатты ұстаздар», «Мектеп түлектері» атты бөлімдерге мектептің 70 жылдық тарихы топтастырылып, мұражай қоры түлектер, құрметті демалысқа шыққан зейнеткерлер, еңбек және соғыс ардагерлері, ғалымдар берген мәліметтер арқылы толықтырылып отырады.

Үшінші бағытта халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғүрпьш, ұлттық нақыштары мен бай мұрасын дәріптейтін мәдени құндылықтар топтастырылған. Ұлттық баспана – киіз үйдің ішінен үй жабдықтары мен киім үлгілерін және ұстаздар мен оқушылардың қол өнер туындыларын көруге болады. Мұражайдағы ұттық бұйымдар - домбыра, қобыз, сандық, бесік, күбі, т.б. жасап, мұражайдың жаңарып, көркеюіне өз үлесін қосқан еңбек пәнінің мұғалімі А.Сәткәрімұлы баулып, тәрбиелеп жүрген шәкірттерінің колөнер туындыларымен өзіндік қолтаңбасын қалдыруда.

Н.Нұрмақов өмірінен сыр шертер, естелік айтар, мектептің 70 жылдық тарихымен таныстырып, халқымыздың салт-дәстүр, ұлттық нақыштары мен бай мұрасын көрсетер мұражай тәрбие орталығына айналуда.
Қ.Құсайынова,

мұражай жетекшісі.


Орталық Қазақстан, 2005-17 наурыз.-6 б.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет