Асылбек Мүтәліпұлы Қыраубайтегі жан-дүние сырлары кіріспе



бет3/5
Дата09.06.2016
өлшемі2.22 Mb.
#125431
1   2   3   4   5

Қасиеттім— көз көрген
Домбырам бар кәрі ұстаның шебер қолы жасаған,

Көрініп еш жатқан емес тасадан.

Құдіреттей, қастерлей іліп қоямын,

Атадан мұра қалған осы басы аман.

Тартқызатын күйшілерді шақырып,

Әдетім еді қашаннан

Тартыл күйім, тартшы күйші жұлқа тартып жүректі,

Көңілімнің күңгірт жерін күн етші.

Тебіреніп, тербеліп бір қалайын,

Әсем сазы сырқыратып сүйекті.

О, қазақ күйі! Қандай едің сиқырлы,

Сейілтетін түнекті.


Әрбір пернең тартқан сайын өрленіп,

Күй сезімі шанағыңда кернеліп.

Жүрегіме құя салып кетесің,

Тағы да бір пәк жүректе тербеліп.

Нұр құйылып, бойы балқып қазақтың,

Қазақ көңілі қалады екен кеңденіп.

О, бабамның көзін көрген, кәрі сүйек домбырам,

Қазағымның көмейінде болдың ән.

Құдіретіңе шек келтіре алмайтын

Саған құрмет, сыйлай білген соңғыдан

Менен-дағы бір «көз көрген» қалдырып,

Ұрпағыма арнап бірін жондырам.


Жер ананың хаты
О, адамдар, халықтар – алтын балам!

Дәл өзімдей жұмыр бас бердім саған.

Ұмытпасаң болыпты еңбегімді

Күн - әкең, жұмыр жер бұл - туған анаң.


Сыйладым бір өзіңе табиғат – ұжмақ,

Шалқар көл, сылқым бұлақ, мәуелі бақ.

Сайрандап ортасында жүру үшін,

Жерде аң, аспанда құс бердім арнап!


Жараттым жан рахаты жел мен дала,

Тау мен тас көк майсалы еттім пана.

Туғызып алып суда, ақыл жерде,

Билігін саған, адам, бердім дара.


Қатарың күннен – күнге барады өсіп,

Туған жер тербеткен соң - алтын бесік.

Өскен сайын ойының ожар келді

Тек ананың тағдырын жүрме шешіп…


Кеудеме оғың бар ма, атылмаған,

Қойнымда талай боздақ жатыр балам…

Не үшін сендерге ақыл бердім, жаным!

Қолыңа қару алсаң, сақылдаған.


Ұшқан құс, жүгірген аң саялаған,

Бауырым – табиғатты ая, балам.

Билігі бір өзіңде болғаннан соң,

Отауыңды дұрысы - аялаған!


Талай кен қойнауымда қазылады…

Табылар ұрпағыңа азық әлі.

Жүрегімді суырып алсаң-дағы,

Анаң сенен аямас қазынаны!


Жамандық жақсылыққа жалғас екен.

Бүкіл ел жақсылықты қолдаса екен,

Қайтарып табиғаттан алғандарын,

Жұмылып бір кісідей қорғаса екен!

Бір – біріне жылы сөз арнаса екен.

Қолына суық қару алмаса екен.

Жер төсін, табиғатты аялаған,

Мәңгіге бейбітшілік орнаса екен!




Өшпес оттың жанында
Бас иіп тұрмын өшпес оттың жанында,

Жүректерден желбіреп шаққан жалынға.

Тылсым дүние тереңінде жатқандар

Тебірентіп, кек қайнатар қаныңда.


Алаулап жалын батырлар жырын жырлайды.

Қоштасып күнде, түнде де қолын бұлғайды.

Аналары алдына келіп мұңайып,

Перзент үні естілгендей тыңдайды.


Көз алдында елестеп бір сәт баласы,

Ыза мен қайғы ашып жіберер қанасын.

Кеудені кернеп, мөлдіреп көзден тамшылар

Жүректе ашып, соғыстың салған жарасы.


Соғыс болмаса, аман еді баласы…

Соңына еріп, көбейер еді «қарасы».

Ортасында жайқалып өмір сүретін,

Қуанышқа кенелетін анасы.


Сол бақытты жоқ етті – ау бір – ақ қорғасын!…

Біреудің аға, біреудің іні, жолдасын

Өкініші ойдан кетпес, қайғы етер

Құрысын соғыс, жер бетінде болмасын.


Қыршын кеткен қимастар ойды мазалап,

Еске түскенде елі айрылған азамат.

Өшпес отқа денесін қарып қояр ма ед,

Соғыс өртін тұтатқандарды жазалап.


Репрессия құрбандарының суреттерін көргенде
Өмірге құштар ұмтылған,

Жүздерде асау мұң тұнған.

Ашу мен ащы жас па, әлде,

Тамаққа келіп қылқынған.


Алысқа көздер қадалып,

Секілді ауыр сыр тұрған.

Бұл талай қазақ бейнесі,

Қиылып өткен қыршыннан.


Бостандық тілеп бұлқынып,

Темірді шіреп құлшынған.

Құрбандар, қайран ағалар,

Қарайсыңдар әр шыңнан.


Кешегі елдің тірегі,

Бүгінде сурет тұрғандар.

Жалаға байлап бергендер,

Репрессиядағы құрбандар.


Қапыда кеткен, қырандар,

Ел есінде өлмеңдер.

Сатқындар, ұстап бергендер,

Көмусіз қалсын, көмбеңдер.


Халықтың ұлы болғанның,

Батқанда жанға қазасы.

Осылай шіркін берілсе,

Сатқындықтың жазасы.


Өлшеусіз өнер, қабілет,

Өскені өшкен сан рет.

Қаншама басын қиса да,

Қайыспас неткен халық ек.


Тіл менен дінім жойылып,

Мәңгүрттік басты ойымды.

Осыны сезген ағалар,

Бере алмай кеттің қолыңды.


Келмеске кеттің қайтейін,

Елімнің семсер, қалқаны.

Халықтан қаһар кеткен соң,

Тамырға шапты – ау балтаны.


Еркіндік алып, ес жиып,

Ел болып қалдық амалдап.

Ескердік енді ерлерді,

Еріксіз жүрген жамандап.


Тұрар, Ілияс, Сұлтанбек,

Бейімбет, Сәкен арысым.

Қайғырсам орны толар ма

Күнәсіз аққан қан үшін…


Елі үшін еңіреген,

Тынымсыз тұлпар, тарландар.

Отқа түсіп, су кешіп,

Тарих болып қалғандар.


Өмірді алға сүйрейтін,

Өміршең ойлы армандар.

Өресін кейін тартатын,

Жымысқы ойлы жалғандар.


Даламда әлі арман бар,

Тәуелсіздік алғандар.

Осымен жеттік демейік,

Қамсыз болып қалмаңдар.



Дала реликвиясы
Дүбірленіп барған сайын дала тым….

Бір топ киік жайып келед қанатын.

Киіктердің азайған бір кезі еді

Алтай жастап, Алатауға аяқ салатын


Мені көріп, тұра қалды жиылып,

Жүргендердің бірі ме деп құнығып.

Қанішердің өзі болса көзіне,

«Қарайықшы!»- дегендей –ақ үңіліп.

Селт етпейді, қолмен ойып қойғандай,

Жусанды жер болатындай қорғандай.

«Қорықпаңдар!» – деп айқайлап жібердім,

Түсіндіре қоятындай, ойланбай.


Күңіреніп жетті – ау деймін дауысым…

Киік сорлы зымырады жан үшін.

Көшкен бұлттай көз ұшында толқиды,

Бірте – бірте үдетумен шабысын.


Тұлпарлары десең болар даланың,

Қарап тұрдым суланғанша жанарым.

Бостандығы қызықтырып бір сәтке,

Ойымменен бірге шауып барамын.


Дүбірімен араласып, ұласып,

Өткен өмір, бір сәт келіп сыр ашып,

Қыз – жігіттер шауып бара жатқандай,

Әзілдесіп, дуылдасып, қыр асып.


Шабысынан айнымайды қазақтың,

Тұлпар мінсе тоқтамайтын ұзақ күн.

Қаны қызып, шауып келе жатқанда,

Кесіп өтер, болса да оты тозақтың.


Тағдырымызда болғаннан соң ұқсастық,

Киіктермен біз далада ұштастық.

Сұрағанға: «Қарынбайдың малы» - деп

Есікті аштық, қуып келсе қысқы аштық.

Қиналсақ та нанымызды күрмек қып,

Ұрпақтарға «киелі» деп үйреттік.

Киіктерге күй менен жыр шығарып,

Домбыраның үніменен билеттік.


Жинап тастап өсиеттің барлығын,

Туғызып жүр қазіргі ұрпақ қанды күн.

Ғасырлардан аман келген киіктің,

Қолымызбен шешіп жүрміз тағдырын.


Киіктерді кеше жүрген толып–ақ,

Қанды көздер мылтықтарын қолына ап…

Қырып салса елге біткен ырысты,

Кең даламыз қалмас па екен қаңырап.


Ыстыққа күйіп, суығыңа шыдаған

Қырылса да, ұрпағы әлі жүр аман.

Адамнан да, тағдырдан зсрлық көрсе де,

Киіктердің кезі жоқ көмек сұраған.


Демеңіз, оны жасықтардай бас иед.

Өр мінезі, өзгеден қалай басым ед.

Бәрінен артық жаратылдық десек те,

Кейбіреулерге жетпейді осы қасиет.


Халық едік білетұғын ұятты.

Мұрамызды қастерлейік тұрақты.

Даламыздан кетпей жүрсе киіктер,

Адамнан әлі үміті бар сияқты.



Жоғалтпайықшы атадан қалған мұраны!…

Даланың сәні, дүлділ аңың – пырағын.

Үйреткен жоқ па, том – том қызыл кітаптар,

Жауапсыздықтың аяғы немен тынарын.
Жөңкіліп киік, шығарып шабыс құмарын,

Бара жатыр даладан таппай тұрағын.

«Ей адамдар, аяңдаршы!» - деймін де

Ішімнен жылап, тағдырын аяп тұрамын.



Она продана за сто марок. Статья, Лит. газета 44 от 26 октября 1981 года.
Білесің бе, Банконг деген қаланы,

Аштық. Ауру жайлаған, елі қаралы!

Жылаған ана, жалынған бала жалаңаш,

Бір үзім нан сұрайды қадап жанарын.


Осында міне құныққандар ақшаға.

Сатады әкеп арын, жанын, жас бала

Озбырлық пен арсыздықтың куәсі –

Бейкүнә жаннан төгілетін жас қана.


Делдалдар бар – кәсібі сату баланы.

Құзғын жолмен табылатын тамағы.

Жемі олардың қорғансыздар бейшара,

Жетім – жесір, аш балалар өлі аңы.

Ел үстінде құзғын жандар есірген.

Балаға да нарық қойған кесілген.

Сәбиді қалай сатуға қолы барады,

Оларды да ана ма, екен өсірген.


Жүріп жатты базары Тайланд жасырын.

(Жоғалтты Тайланд мыңдаған жас асылын.)

Құзғындардың тырнағына ілініп,

Күтіп отыр бір топ бала ақырын.


Ортасында он бір жасар Боунлай

Оны да сатқан, ошақтан орын табылмай

Енді міне тізіліп тұр базарда,

Біреудің жеке қорада баққан малындай.


Қасында Тхонг, тетелесі Мон да бар.

Ешкімі жоқ бәрінің де қорғалар…

Қорыққаннан құшақтасып алыпты,

Тас мүсіндей, емес тіпті қозғалар.


Боунлай, Тхонг екеуі бір ауылдан

Хин Лад аты – лашықтардан салынған.

Жоқшылықтың патшалығы секілді….

Тұманданып көрінбейтін қалыңнан.


Жоқшылыққа жетімдігі қосылды.

Әке өлді, асыраған қос үйді.

Кәрі шал мен әлсіз ана зарлайды,

Нәр татар жоқ, қаңыраған бос үйде.


Алты бала етегінде жабысып…

Ана жүрді өмір үшін алысып.

Аш – жалаңаш балаларын көргенде,

Қиналады жасы ағып, қан ішіп.


Көктем келді, үміт желін жетелеп…

Байдан қарыз алды, дәнді еселеп.

Өмірлерін сақтап қалар дәрідей,

Әрбір дәнді екті жерге жекелеп.


Бітпеді егін, тағы басты жоқшылық.

Бітті…, бітті…. ең соңғы босқа үміт!

Былтырғы алған қарызына тағы да,

Құтылмастай борыштарын қостырып.


Бала үшін, өмір үшін жалынды.

Бай алдында ана қолы жайылды….

Жетімдері айналасын қоршаған.

Бірақ байдың қолы бұл жол тарылды.


Қайтты ана мойын сұнып тағдырға.

Қайда барса да, күтіп тұрғандай сор мұнда.

Өз үйіне бата алмады кіруге,

Ұшар құздың тұрғандайын алдында.


«Кімге керек жесір әйел, жас бала!».

Секілді үйі аштық буған тас қамал.

Ойланды ана, қиналды ана, жылады.

Бірақ ешбір таба алмады басқа амал….


Ұстай алып Боунлай, Мон қолдарын

Атып шықты, сезімнің бұзып қорғанын.

Дедектетіп екеуін сүйрей жөнелді,

Білмеді ана өзіне не болғанын!


Екеуін де делдалға әкеп ұстатып,

Басына түскен жылады ауыр істі айтып.

«Сатамын!» - деген сөзді анық айта алмай,

Талықсыды, құлады ана күш қайтып.


Бір уыс ақша қолында қалды тұрғанда.

Енді оның қайталап зарын тыңдар ма?!

Өмірге мынау жаудырса да лағнет…..

Басқалары үшін екеуін берді құрбанға.


Жүріп жатты базары Тайланд жасырын.

(Жоғалтты Тайланд осылай мыңдап асылын).

Құзғындардың тырнағына ілініп,

Күтіп отыр бір топ бала ақырын….



Отаны барлар алшаңдар!...
Белес-белес белең бар,

Бетегеден басқа өспес

Тайғанақты таулар бар

Бір түйір шөп тасқа өспес

Таудың биік тұлғасы.

Әркім құмар жетерге...

«Таудай болдым!» дегенмен

Жер жастанар өтерде


Бетегеден биіктер

Бұғып жетер белеске

Құйрығын бұлғап үйренген

Иттің өзі емес пе?!...


Алақандай жайылып,

Шалқалап жатыр даламыз.

«Келімсек» шықса төбеге

Жақындай алмай қаламыз.


Қырық пышақтай бөлінген,

Қырық ру ел арамыз.

Шындықпен турап, тас жарар

Бірлікті қайдан табамыз?!...


Отаның барда алшаңдап,

Өзге жерде «өкілсің»...

Отансыз – сен бейшара,

Ғұмыр бойы жетімсің.


Арқа сүйер елің бар

Қадірін біл салтыңның.

Мүмкіндік барда тіл үйрен,

Дәстүрін ұста халқыңның.

Салт-дәстүр мен тіліңіз

Тұрсын десең қолыңда.

Еліңе деген махаббат

Қайнап тұрсын бойыңда.


Басқа тілді үйрен де,

Басқа елде мейлі кәсіп ет.

Ұрпаққа айтар міндетің –

Діл мен тіл болсын өсиет.


Ұмытасың сен қалай

Мұраларын бабаңның?!

Айрылғаның сен онда

Қасиетінен адамның.




Жазира
Жазира - дала бейнесі, өмірімнің тұғыры!

Өзіңнен ғана аламын әсемдіктің тұнығын.

Сондықтан да пейілім – жаны жайсаң жайлаудай,

Өйткені мен ұлы дала ұлымын.


Сәл өзіңнен алыс кетсем сағынышым сарқылмас,

Көңілімде күмбірлеген шаттық күйі тартылмас.

Сары алтындай, сары түсті жазираға ұқсаппын,

Көл – көсірлі дастархансыз жан тынбас.


Өмірімді кіндік қаным тамған жерге арнаймын.

Сенен жырақ қалғым келмес сапарында шалғайдың.

О жазира, сары далам, балалығым, шаттығым,

Өзіңсіз жалғыз жандаймын.


Ұстаз қалам
Қалам, қағаз алсам қолға,тұңғиық ойға қадалып,

Жан, жүрегім тебіренер, еске түсіп балалық

Қыл қаламмен танысқаным, қағаз бетін шимайлап

Саусағымды алушы едім, майыстырып, ыңғайлап.

Ұстазым кеп желке жақтан қарап қалса, тықпалап

Қағазымды көрсетпеймін, тартса-дағы ұстап ап.

Ұят келіп бетке ұрып, құлағым да қызарып,

«Гу» күлкіге араз болып, бойымды билер ыза «алып»

Әріп салам кешке дейін, ойынменен қоштасып,

Ұйықтап кетсем алақанмен қалар қалам достасып.

Сол қаламды әлі күнге тастамаймын қолымнан,

Қалмасын деп жастық шақтың бір белгісін тат басып.

Жарысумен өтті күндер, атар таңмен ағарып,

Әрбір күнім жаңалыққа толса дағы жаңарып.

Әлі ұялам қисық жазсам, ұстазым қарап тұрғандай,

Ойынменен қалса дағы, бақытты шақ балалық.



Ұстазым өзің кеш мені
Балалық шақты баурап алған бар арман,

Мейірімнен ғана сияқты өмір жаралған.

Зымырап, жөнеп өтіпті – ау шіркін сол бір кез,

Кішкене ғана шәкірттің болып саналған.

Балалықпен қиналта қабақ шыттырып,

Үлесім болса шашыңда сонау ағарған.

Ұстазым, өзің кеш мені.

Балалық қалып өмірді өзге барласам.

Бойдағы барды деп жүрмін елге арнасам.

Қажет деп құйған білімің менен ақылың.

Сыналар сәтте есіме сізді алмасам,

Ұстазым, өзің кеш мені.


Шықсам да егер табыстың шырқап шыңына.

Түссем де өмір аяусыз талқы – сынына.

Мәрттігін көріп ұстаздық адал жүректің,

Алдына келіп, бас имесем жығыла

Ұстазым, өзің кеш мені.

Өмірдің сансыз белестерінен асқанда.

Өзіңдей болып, бетімді әжім басқанда

Еңкейіп келіп, еркіңе қоймас қарттықтың,

Тозығы жеткен есігін қолмен ашқанда

Өтелмеген борышың болса, кеш мені.




Шіркін, туған ауылым «1 Май» сенен артық жерұйықты әлі кездестірген емеспін.
Ауылым
Ауылым, шіркін, ауасы–ай жұтсам рахат табатын.

Өзіңмен бірге өткіздім, өмірдің әрбір сағатын.

Қалаға кетсем қыдырып, қайтқанша төзбес тағатым

Тек өзіңмен жүректе от, секілді бірге жанат

Кеуілдей дархан даламда, мүлгіген тыныш табиғат.

Қаласың – ау бір бөлек сезімменен жанымды ап.

Қасиетін даланың, далада туған сағынбақ,

Бостандық пен еркіндік бойында тұрған жалындап.


Несібеме өмірден ауылдың нәрін алыппын,

Тамшысындай бір бөлек планета алыптың.

Әліппемен осында дүниені таныппын,

Өмірдегі жолымды, ауылдан бастап салыппын.


Сондықтан қымбат ауылым, сондықтан қимас жақыным.

Көргенше қайта асығам, жатаған үйлер шатырын.

Өткердім бірге өзіңмен жастығымның асылын,

Балалық, бал – шақ белгісі – тасада қалды - ау асығым.



Торғайлар
Тоғай ішін

Базар етіп, шу етіп.

Кейде сайрап,

Кейде ұшып «ду» етіп….

Топтала сап, серік тауып кейбірі

Бұғып қалып, бір-біріне ілесіп,

Думандатып жатты құстар жаз күнін

Өмірінің ең бір сәтті күні етіп.


Таңмен бірге

Шық суына қанып ап,

Дүр сілкініп,

Тұмсығын көкке жанып ап….

Таранады мың бұралып, сыланып

Маужыратар шуақты жер тауып ап.

Жыраулардай талмай жырлар сонан соң,

Бір бұтақтың ең ұшына қонып ап.


Тоғай жайлы,

Торғайлардың әніне,

Салды құстар —

Тоғай кірді сәніне.

Анда-санда қарқ етеді қарғалар

Қолын бұлғап қосылғандай бәріне.

Ата қораз тың-тыңдайды, сақтана…

Түп бұтаны таса етіп тәніне.


Ағараңдап,

Атып келеді таң алып!

Жаңа өмірге

Тағы бір күн жаралып.

Жан-жануар таң нұрымен жуынып,

Жатыр құстар шапағымен таранып.

Тоғай іші сапырылыс, қарбалас,

Торғайлардың әніменен оянып..



Таңғы шақ
Талмау уақыт табиғаттың – тәңірі.

Бір қалыпты соққандай жер тамыры.

Кең дала да, жан да, мал да маужырап,

Бәсеңсіген бар тіршілік әмірі.


Өмір бейне, қалқып қана тұрғандай…

Іліп кетер оқыс шыққан үн қалмай.

Қанат бітіп тұйғын дауыс зымырап,

Сонау ала бұлтқа барып тынғандай.

Салқын самал қаныңда ойнап, қуалап,

Жүрегіңе нәрін құяр сыналап,

Таңғы шықтар мөлдірейді моншақтай,

Бұлақ суы сыбдырлайды жыралап.


Күн шапағын бұлттар келіп қалқалап,

Көк жиекте қосылғандай шартарап.

Жерде бір сәт демалғандай буланар,

Адамзаттың ауыр жүгін арқалап.


Сезім – сайрап осындай бір шақтарда…

Жер, аспан, жел, көк, маужырап жатқанда…

Таң шапағын сабалағың келеді,

Салдыр – гүлдір, дабырлап таң атқанда.


Қос арна
Сырдария, Амудария – қос арна.

Жер – ана да, қос арна бұл «қос алма».

Сырдың суы сүт бұлағы секілді,

Сусындамай мейірің қанбас қашанда.


Екі дария бірге соққан жүрегі,

Тянь-Шанның секілді қос білегі,

Арал теңізі алақанындай аяулы,

Мейірімімен аялаған бір елді.


Кейде қыздың қос бұрымына ұқсатып,

Қойғандай – ақ бір Аралға ұстатып.

Тірсек соққан шолпы үніндей елітер,

Айдынына келген кезде құс қайтып.


Қос ішектей домбыраның тартылған.

Шанағы – Арал, ішінде күй алқынған.

Айналасы дүбірлі еңбек, батыр ел

Қосылғанда, көмейінде шалқиды ән.


О, Сыр суы! Шалқып аққан төрімде.

Құдіреттім, нәрін берген өмірге.

Әрбір дәнде, әнде, жырда үлесің,

Ел – сенікі, сен еліңнен бөлінбе.





Алматым
Алматым,

Аялар ел алақаны.

Бір туар данадай–ақ, бір ғасырда

Қаланы бір-ақ рет жаратады.

Арманы бар ма екен қазағымның

Алматысы, тәуелсіз бар Отаны.


Алматым—

Алатаудың баласындай,

Жабысып, жарасып тұр жағасында.

Көйлектей желбірейді көктем гүлі,

Сызылып жатқан сылқым даласында.
Алматым –

Маягымдай жарқыраған.

Көркін көріп ,

Жан бар ма, толқымаған.

Қыздардың көздеріндей мөлдіреген,

Сыбырлап, сыр ұқтырар Сарқырамам.


Халқымның

Кеудесіндей басылмаған.

Алатау басқа тауға қосылмаған

Етегінде дүниені жалғастырып,

Анадай аялаған жасын далам.

Сабырлы,


Салқын, баяу дала таңы,

Елімнің төрі ашық – ақ отауы.

Жүз ұлттың жүрегісің дүрсілдеген,

Мақтанышы – Алматы мен Алатауы.



Наурыз монологы
Наурызбын!

Жаны нұрдан жаратылған.

Гүлдентіп, көк жайнатып, таң атырған.

Өзгертіп дүниені құлпыртатын

Шуақпын, жыл түлетер жаңа туған.
Наурызбын!

Жан біткенді жандандырған.

Жұпар иіс, әсемдікпін таң қалдырған.

Жадырап, желмен тербеп, күнмен құшып.

Есермін еркіңді алып сандалдырған.
Наурызбын!

Жас жүрекпін талпынатын.

Жүзінде мөлдіреген таң тұратын.

Нәзік сезім, тәтті ой, махаббатпын.

Көктеммін нөсерлетіп алқынатын.

Наурызбын!

Жер ананы жайнататын.

Жерде гүл, жүректе жыр сайрататын.

Тоқсандағы әжені томпаңдатып

Шөбереге наурыз көже қайнататын.


Шіркін-ай,

Қазағымның дәмі қандай,

Той десе жиылады, жаны қалмай.

Кеудесіне құшақтап, қауышады

Осы тойда бауыры табылардай.
Қазақтай,

Ел бар ма екен?! Дос іздеген.

Өтейік қасиетті осы ізбенен

Қайғы қасірет еліне әкелмей ме?...

Достық емес, зобалаң от іздеген.
Жүз ұлттың түтіні бір ошағымыз.

Туыстық, бірлік, бауыр – дос әніміз.

Құтты болсын «Ұлыстың ұлы күні!»

Аман болсын Еліміз, Отанымыз!.




Қадірлі мамандық
Еңбегімен дүбірлеткен даланы

Темір жолдың құрыш қолды маманы

Жолдың бойын келе жатыр тексеріп

Қалт еткенді қағып түсер жанары


Сезіп келеді ел сенімін «Нар тұлғаң»

Поезд өтсе осы жолмен алқынған

Жолаушының өмірі мен тағдыры

Бәрі-бәрі осы жанға артылған


Поезд өтті бетке ұстап қаланы

Секунд сайын жақындатып араны

Ал ол болса, екі көзі сол жолда

Амандығын елдің ойлап барады


Алып тұлпар күндіз-түні зырлаған

Тоғыстырса тағдырларды мыңдаған

Теміржолшы темірлерін аялап

Дыбыстарын жүрегімен тыңдаған


Ғасырлармен бірге жасап келеді

Әлі де көп еліне арнап берері

Теміржолшы бола алады әр адам

Тұла бойда қайнап тұрса өнері


Ай аймалап, ыстық күнге күймеген

Білімімен темір түйін түймеген

Теміржолшы бола алмайды еш адам

Теміржолшы мамандығын сүймеген

Жолда көрсең иыққа алған балғаны

Мейірімді жүз, жайсаң мінез жайдары

«Теміржолшы!» деп құрметпен қараңыз

Болат жолдың болат білек тарланы


Қос жолда өзі, қос қолда балға тынбайды

«Сом балғамен сом мінезді шыңдайды!»

Қайраты таудай, жүрегі нәзік бірақ та

Қиындыққа иілмейді, сынбайды


Ерен істің ортасынан табылған

Еңбегіне, маңдай терге табынған

Берген уәде, еткен ісі соған сай

Темір жолдың қадасындай қағылған


Ел үшін жүр, таңның нұрын қарсы алып

«Мен сөйттім!»,- деп айтпайды ол жар салып

Теміржолшы еңбектерін көрсе егер

Тұрар еді алыптар да тамсанып


Қарға орансын, гүлге орансын қыр басы

Қайта түлеп жаңарғанда - жыл басы

Өзгерістің барлығының қасында

Тегеурінді теміржолшы тұлғасы


Теміржолшы әр уақытта сабырлы

Еңбегімен елге сыйлы, танымды

Әрбір дән де, ән де оның үлесі

Сондықтан да мамандығы қадірлі!






Жалындай бер жастығым
Көңілім ояу, ойларым тұнық кездерім…

Шындықты қолдап, шарасыздыққа төзбедім.

Шарласам да, жерді айналып, көкке ұшып,

Оу, жастық шақ шаршатар жанды кез бе едің.


Жаңалық жарқын шақырғанда алысқа,

Қадамың басқан ғасырлардан қарышта.

Бұрышта бұғып, жігерлі жастық қалар ма,

Ракеталар қоныс тепкенде Марсқа.


Жастық шақ екен толқындайын тулаған.

Күйбең тірлік күрсіндірсе де сынбаған.

Жанданып жатыр, жасарып жатыр қайтадан,

Репрессия құрбаны болған тың далам.


Қай жерде болсын көкке өрлеген жастық үн,

Ешқандай күш тоқтата алмас тасқынын.

Ертегідей қалап жатқан қаланы,

Ризамын, жалындай бер жастығым.



Ақындық
Ақындық қайдан туады

Таң атқаннан орныңнан

Жұмыс деген қуады.

Кешке келсең үйіңе

Ертеңгі көрер бейнетің,

Есіңізде тұрады.

Анда – санда ұстайсың,

Домбыра деген шіркінді

Сияқты соғыс құралы.

Жонылмаған дауыспен,

Жатталмаған сөзіңе

Жұрттың да қанбас құмары.

Е, қазақтың мақтаған

«Ақыны – ай» деп тұрады.

Өнері жанар жігіттер

Осындайды көрген соң.

Іштерінен тынады.

Ұнамасты – тыңдамас,

Кейінгі жастар сонан соң

Эстрада деп кетер.

Жарылса да құлағы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет