Қасымова Ә.Ә.,Оспанов Е. А. оқытушылар $$$umkd year$2013



бет3/10
Дата19.06.2016
өлшемі1.62 Mb.
#147902
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Кірме сөздер


Басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер дейміз. Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым-қатынас жасап, аралас-құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, моңғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер енген. Керісінше, қазақ тілінен де көптеген сөздер енді. Мысалы, араб және парсы тілінен енген адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, тарих, әдебиет, мәдениет, емтихан т.б.сөздер бар.

Моңғол тілінен ел билеуге байланысты ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық сөздері енген.

Ал орыс тілінен қазақ тілінен жәшік, тәрелке, керуерт, бөтелке, бәтеңке, кәмпит, сөмке т.б.

Латын тілінен: лекция, республика, министр, операция.

Неміс тілінен: орден, штурм, рота, кран.

Француз тілінен: жюри, батальон, дуэль, гарнизон.

Ағылшын тілінен: бокс, вагон, вокзал, митинг.

Соңғы жылдары кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылды:

Самолет –ұшақ, вертолет –тікұшақ, коллектив –ұжым т.б.
4 тапсырма. Мәтіннен кірме сөздерді теріп жазыңыз.

5-тапсырма. Қазіргі тілімізге басқа тілден енген сөздердің көпшілігі компьютер мен экономикаға қатысты 10 сөзге қосымша жалғап, сол сөздермен сөйлем құраңыздар.

6-тапсырма. Байланыс жүйесі туралы жолдасыңызбен сөйлесіңіз.

  • Адамдармен байланыс жасауды ұнатасыз ба ?

  • ... .

  • Сіз пошта бөлімшесіне жиі барып тұрасыз ба?

  • ..... .

  • Хат жазуды ұнатасыз ба?

  • ... .

  • Үйіңізде компьютер бар ма? Электронды пошта арқылы хат жібересіз бе?

  • ... .

  • Факс-бюро немесе Интернет дәмханасына барып тұрасыз ба?

  • ... .

  • Факс жібере аласыз ба?

  • Ұялы телефондарыңыз бар ма?

  • Байланыстың қай түрін жиі пайдаланасыз? Неге ?

&&&


$$$003-005-002$3.3.5.2 №5 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Өлеңді жаттап алыңыз,түсінгеніңізден жазбаша мәлімет беріңіз.



Өнер – білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды

Айшылық алыс жерлерден

Көзді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды

Білімді жиды жалықпай

Суда жүзді балықтай

Біз болмасақ, сіз барсыз

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Сіздерге бердім батамды-ай. Ы.Алтынсарин

&&&


$$$003-006-000$3.3.6 Практикалық сабақ №6

Компьютер деген не? Фразеологизмдер.

&&&

$$$003-006-001$3.3.6.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6



Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  • Лексикалық мәтінге толық талду жасаңыз, жаңа сөздерді жаттап алыңыз;

  • Фразеологизмдерден өткенді қайталау, берілген тапсырмаларды орындау.

Әдістемелік нұсқау

Компьютер деген не?
«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық-бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.
Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-І» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.
Қазіргі кезде компьютерлер көмегімен сандық есептеулер жүргізіліп қана қоймайды, баспаға кітаптар әзірленеді, музыка, суреттер, кинофильмдер жасалады, заводтар мен ғарыштық кемелерді басқару жүзеге асырылады және т.б.

Қазіргі заманғы компьютер – бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы. 


Бүгінде компьютерлердің бесінші буыны ЭЕМ-нің суперкомпьютерлер, мейнфреймдер, серверлер және дербес компьютерлер сияқты негізгі түрлерін ұсынады. 

Алғашқы дербес компьютер, яғни жеке пайдалануға арналған компьютерді 1981 жылы IBM фирмасы ұсынды. IBM құрастырушыларының сәтті технологиялық шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары арқасында компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты пайда болды. 



Құрылысы бойынша компьютерлер бірнеше түрлі болады: үстел үстінде тұратын (DeskTop), ұтқыр (NoteBook), қалтаға салуға келетін (Pocket PC), алақанға сыятын (Palm PC) т.б.




Жаңа сөздерді жаттаңыз.

есептеуге арналған құрылғы –средство для вычисления

есептеу операциялары – вычислительные операции

күрделі қатарлар – сложные ряды

алдын ала көрсетілген – предаврительный показ

нұсқаулық-бағдарлама – инструкторная программа

есептеуіш техника – вычислительная техника


транзисторлы электронды есептеуіш машиналар – транзисовая электронная вычислительная машина

интеграциялық деңгейлі сызбалар – интегральная уровневая черта

бесінші буыны – пятое поколение

дербес компьютерлер – персональные компьютеры

құрастырушылар - конструктор

сәтті технологиялық шешімдері – удачные технологические решения

бағдарламалық жабдықтар – програмные оборудование




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет