Асқын кернеулердің пайда болуы және түрлері


ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯҒА КЕЛЕТІН НАЖАҒАЙЛЫ АСҚЫН КЕРНЕУЛЕР ИМПУЛЬСТАРЫ



бет2/5
Дата04.03.2024
өлшемі37.91 Kb.
#494147
1   2   3   4   5
Дәріс 11, 12 (1)

ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯҒА КЕЛЕТІН НАЖАҒАЙЛЫ АСҚЫН КЕРНЕУЛЕР ИМПУЛЬСТАРЫ
Желіге нажағайдың соққысы кезінде пайда болатын кернеу импульстары қосалқы станцияға ( набегают ) келеді. Нәтижесінде оқшауламаның жабын (перекрытия) қауіптілігі және тесілуі туындауы мүмкін.
Қосалқы станцияға келетін импульсті толқынның максималды мәні жерге қарасты оқшауламаның импульсті разрядты кернеу мәнінен U50% асып кетпеуі керек. Егер желіге жоғары максималды мәнді толқын әсер ететін болса, онда оның желіге таралуы кезінде тірек оқшауламалардың жабыны (перекрытия) жоғарылай түседі. Бұл үрдіс жабын (перекрытия) болған жердегі тірек жерлестіруінің максималды толқын мәнін сызықты оқшауламаның разряд кернеу мәніне дейін түсірмегенше бола береді. Қосалқы станциялар найзағайлы (набегающие) импульстардан вентильді разрядниктер ( РВ ) және асқын кернеуді шектеуші ( ОПН ) құрылғылар арқылы қорғанады. Бұл туралы кейінірек тоқталамыз.
Қосалқы станцияға келетін найзағайлы асқын кернеу импульстары әр түрлі формаға ие болады. Нажағай тоғының импульс формасына жақын келетін толық импульстар желінің өткізгішіне соққы болған кезде пайда болады.
Егер найзағай тоғының амплитудасы кризистік мәнінен жоғары болса және өткізгіштікке соққы кезінде сызықты оқшауламаның жабыны (перекрытия) пайда болса, онда нажағайлы асқын кернеудің қиылған ( срезанный ) импульсі пайда болады. Қиылған импульстің максимал кернеуі желі оқшауламасының вольт-секундтық сипаттамасымен анықталады.
330 кВ-қа дейінгі номиналды кернеулі желілерде қиылған импульс 90% -ға жуық жағдайларда орындалады. Ал, оқшауламасының импульсті разряд кернеуі үлкен болатын 500 кВ-тан жоғары кернеулерде 50 %-ға төмендейді. Желіге таралатын кернеу импульсі деформацияланады және баяулайды. Деформациялану мен баяулаудың негізгі себебі импульсті тәж болып табылады. Тәж өткізгіштерде жоғарғы кернеулі қума толқынның қозғалысының және ток импульсі жерге тұйықталғандықтан жер кедергісінің нәтижесінде пайда болады. Нажағайлы импульстар өзінің теріс полярлығымен ерекшеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет