НАЖАҒАЙЛЫ ЖӘНЕ КОММУТАЦИЯЛЫҚ ИМПУЛЬСТАРДАН ҚОРҒАУШЫ АППАРАТТАР ЖӘНЕ ҚҰРЫЛҒЫЛАР
Вентильді айырғыштар (разрядник)
Мұндай аппараттардың біріне вентильдік айырғыштар (разрядник РВ) жатады.
Вентильді айырғыштың (разрядник) жұмыс істеу принципі: егер оған нажағайлы асқын кернеудің импульсі әсер ететін жағдайда ұшқынды аралық (вентильді айырғыштың (РВ) негізгі элементінің бірі) пайда болады және айырғыш арқылы импульсті ток өтеді. Бұл ток айырғыштың кедергісіне кернеу түсуін тудырады.
Кедергі жасалған материалдың сызықты емес вольт – амперлік сипаттамасының арқасында бұл кернеу импульсті токтың маңызды өзгеруі кезінде аз әсер етеді және айырғыштың ұшқынды аралығындағы импульсті тесілу кернеуінен Uпр аз мәнге ерекшеленеді. Бұл өте маңызды болып табылады, себебі мүмкін болатын импульсті найзағай токтарының диапазоны үлкен, олар он шақты килоамперге жетуі мүмкін.
Айырғыштың негізгі сипаттамаларының біріне айырғыштың қалдық кернеуі (остающееся напряжение) Uост , яғни координация тоғы деп аталатын анықталған токтағы (әр түрлі номиналды кернеулер үшін 5 – 14 кА) кернеу жатады. Асқын кернеуді шектеу процессі аяқталған кейін айырғыш арқылы ток өтуі жалғаса береді. Бұл ток өнеркәсіптік жиіліктегі жұмыстық кернеумен анықталады. Мұндай токты ілескен ток (сопровождающим током) деп атайды. Аз мәндегі асқын кернеулі жұмыстық кернеумен салыстырғанда айырғыштың сызықты емес резисторындағы кедергі жылдам өседі, ілескен ток белгілі бір мәнде шектеледі, ал токтың нөлдік мәнге айналуы кезінде ұшқынды аралықтағы доға өшеді.
Ілескен ток үзілетін кездегі вентильді айырғыштың өнеркәсіптік жиілігіндегі ең үлкен кернеуді сөндіру кернеуі (напряжения гашения) Uгаш деп атайды, ал сәйкесінше ілескен ток - сөндіру тоғы (током гашения) Iгаш дейді.
Вентильді айырғыштың көмегімен қорғану үшін екі шартты орындау керек:
Токты айырғыш арқылы ток координациясының мәніне дйін шектеу (номиналды кернеу мен айырғыш түріне тәуелділігіне қарай 5-тен 14 кА –ге дейін);
Айырғышқа келетін толқынның тіктігін (крутизна) шектеу;
Сәйкесінше, вентильді айырғыш ( РВ ) арқылы токты шектеу және сол арқылы оның табысты жұмысын қамтамасыз ету үшін қосалқы станцияға жақын токөткізгіш желілеріне тура соққыларды шектеу керек немесе тым болмағанда осындай соққылардың болу ықтималдығын азайту керек. Осындай мақсатта қосалқы станцияға жалғанған 1 – 3 км ұзындықты желі бөлімі тура найзағай соққыларынан найзағайдан қарсы тұрушы тросстардан қорғалуы қажет.
Вентильді айырғыштың негізгі кемшіліктері резистор карбоунд негізінде жасалғандықтан салыстырмалы жоғары емес сызықсыздығына ие болмағандылығы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |