Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар



бет1/19
Дата09.06.2016
өлшемі4.53 Mb.
#125379
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайларды

және өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау комитетінің

2009 жылғы «13» шілдедегі

№ 26 бұйрығымен

келісілген

Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар

1-бөлім. Көтергіш қондырғылардың механикалық жабдығын

сынау, жөндеу және тексеру

1-тарау. Коперлі тегершік
Тексеру кезінде:

1) тоғындар мен шабақтарды құру. Тоғындардың көрінетін қосылыстары мен шабақтардың қисаюы, сонымен қатар сызаттарға жол берілмейді. Тоғындар жарамдылығының қолжетімді үлкендігі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген Жерасты өндіру тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабымен айқындалады (4-параграф, 8-тарау, 8-бөлім, 5-бөлімше), (бұдан әрі-Жерасты өндіру тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі ӨҚТ);

2) бұрандамалы, дәнекерленген және тойтарылатын қосылыстарды құру. Қысылған бұрандалардың босаған бұрандаларын тарту. Формасы өзгерген бұрандаларды ауыстыру. Жарылған тесіктерді дәнекерлеу, ақаулы жамауларды қайтадан тойтару;

3) тегершікті валға орнату бекемдігі мен шпоналық қосылыстардың жағдайы. Босап кеткен шпоналар тартылады, ұйпаланған не қатты тозғандары ауыстырылады;

4) астарлау мен ребордтың жағдайы. Ағаш астарлау талабы шегінен асып тозған болса (Жерасты өндіру тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі ӨҚТ 4-параграф, 8-тарау, 8-бөлім, 5-бөлімше, 1234 тармақ) жаңасына ауыстырылады. Шіріген немесе ерекше сызаты мен опырылғаны бар астарлау ауыстырылуға жатады.

Жарамсыз бекіткіш бұрандалар ауыстырылады, жоқтары орнына қойылады, босағандары қатайтылады. Ребортардың ұйпалануы, сызаты болмайды, ал олардың биіктігі мен тозу үлкендігі талапқа сәйкес болады;

5) мойынтіректер жағдайы (5-тараудың 2-4, 10, 11-тармақшалары). Мойынтіректерді майлауды 8-тараудың 2-тармағына сәйкес тексереді;

6) шахтаның маркшейдерлік бригадасымен тексеріс жүргізу кезінде көлемде тегершіктердің теодолитті орнатылуы, сонымен қатар көтеру машинасын монтаждаудың геометриялық дұрыстығы жүргізіледі.

Маркшейдерлік тексеріс актісінің данасы реттеуші бригадаға беріледі және көтергіш қондырғыны тексеру бойынша есептік құжаттамаға тіркеледі.

Тексеріс нәтижесі № 1 формада көрсетілген хаттамаға енгізіледі.



2-тарау. Көтергіш арқандар
Арқандарды тексеру кезінде:

1) техникалық құжаттамасының болуы: зауыттық акт-сертификаты сонымен қатар арқандарды алғашқы және қайталап сынау куәлігі (Жерасты өндіру тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі ӨҚТ 8-бөлім, 5-бөлімше, 6-тарау);

2) арқанды соңғы сынау сәтінен пайдалану уақыты, сонымен қатар арқанның жалпы қолданылу мерзімі Жерасты өндіру тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі ӨҚТ талабына сәйкестігі;

3) арқан құрылысының Жерасты өндіру тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі ӨҚТ талаптарына сәйкестігі;

4) көтергіш арқанның механикалық тозу мен тотығудың барлық ұзындығы бойына қиылысуының жоғалу үлкендігі (Жерасты өндіру тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі ӨҚТ талабына сәйкес);

5) Жерасты өндіру тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі ӨҚТ талабына сәйкес көтергіш арқанның ілу үшін артығы, жарамдысы болуы, сонымен қатар арқандарды сақтау шартының Жерасты өндіру тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі ӨҚТ талабына сәйкес болуы;

6) қысқыштар жағдайының дұрыстығы, бұрандамалы қосылулардың тартылуы мен ақаусыздығы тексеріледі.

Сыналы басқарылатын коуштарды қолдану жағдайында коуш элементтерінің (төлке, сына, иінтірек және білікше) және бақылау кресті қысқыштардың (щек, төсемелер және винт тартқыштар) жағдайы тексеріледі;

7) шетінің барабанға жалғануының дұрыстығы Жерасты өндіру тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі ӨҚТ талабына сәйкес болады.

Арқан ішкі ребордқа жоғарғы арқанды оң жақтағы барабанға шығарумен бекітіледі. Жимкалар саны ірі машиналар үшін төрт-бес, ал кіші машиналар үшін үшеуден кем болмайды (барабан диаметрі 3 м дейін);

8) негізгі көтергіш арқандардың бекемділігінің нақты қоры, мейлінше төмен мүмкіндіктегі мәні анықталады: жаңадан тартылған арқандар мен қолданыстағы арқандар үшін Жерасты өндіру тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі ӨҚТ талабына сәйкес болады.

Негізгі көтергіш арқандардың бекемділігінің есебі Жерасты өндіру тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі ӨҚТ талабы бойынша жүргізіледі;

9) арқан диаметріне өрілген диаметрдің кішірек қатынасуы Жерасты өндіру тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі ӨҚТ талабына сәйкес жүргізіледі;

10) төменгі деңгейлестіретін арқанның бекемділік қоры мен өлшемі Жерасты өндіру тәсілімен жұмыстарды жүргізу кезіндегі талаптарына сәйкес болады.

Тексеріс нәтижесі № 2 формада көрсетілген хаттамаға енгізіледі.

3-тарау. Барабандар
Тексеру кезінде:

1) тоғын жағдайы мен оның лобовинкаға бекітілуі тексеріледі. Шеттерінде шамалы сызаттар болған жағдайда олардың ұштары бұрғыланады. Үлкен сызаттарды V-түріне бөліп дәнекерлейді (сызаттардың ұштары дәнекерлеу алдында бұрғыланады) сызаттар 150-200 мм ұзындықта болса, одан басқа обечайканы ішкі жағынан сызат орнында жапсырма арқылы бекіте түседі. Үлкен ұзындықтағы сызаттарда обечайканы күшейту шаралары немесе барабанды жөндеу тәсілі завод-дайындаушымен келісіледі;

2) лобовин, бекітпе және дәнекерлеу тігістері мен ажыратқыш барабандардың бұрандалы қосылыстарының жағдайлары. Құйылған құрылым лобовиндерін мұқият қарап сызат табылған жағдайда жоғарыда аталған тәсілдермен лобовиндерді күшейту жүргізіледі. Үлкен сызат пен қалпы өзгерген жағдайда күшейту шаралары немесе жөндеу жұмыстары зауыт-дайындаушымен келісіледі.

Дәнекерленген тігістер қаралады. Табылған ақаулар толық тазаланғаннан кейін пісіріледі.

Тойтару тігістерін балғамен ұрғылайды және қарайды. Босаң (дірілдеген немесе қатаң дыбыс шығаратын), қалпы өзгерген, басында сызаты бар, басы тығыз бекітілмегені (қалыңдығы 0,1 мм щуппен тексеріледі) ауыстырылуға жатады.

Айырғыш барабандардың бұрандалы қосыластарын қалпына келтірілген элементтері және жұлынған бұрандалы бұрандама ауыстырылуға жатады. Бос тартылған бұрандамаларды тартып контрагайка орнатылады;

3) бекітілген футеровканың жағдайы мен бекемділігі. Футеровкалы бұрандаларды қарау және тарту, қалпы өзгерілгендері алмастырылады. Бұрандалардың бастары футеровкаға 4-5 мм кем болмай бекітіледі. Бұрандаларға дейінгі арақашықтық 2 мм кем болса, анық көрінетін тозуға ұшыраған немесе шіріген болса футеровка алмастырылады. Футеровка көршілес пластиналар арасында шегерімі, сынған не жарылған пластин, жергілікті үзілулер орау айналасы бойынша элиппснос болуына жол берілмейді. Футеровка мен барабан реборд арасында 5 мм артық сызаттың болуына жол берілмейді. Арқанның оң және сол қанаттарындағы орау айналасының ұзындығының айырмашылығы 1 % аспайды.

Барабанға орау кезінде арқан виткалары арасында үйкелеуге жол берілмейді. Орау қанатының қанша болғандығына қарамастан, барлық көтергіш машиналардың барабандарында шиыршық тізбегі болады. Арқан виткаларының арасындағы саңылау 2-2,5 мм кем болмайды, ал олай болмағанда футеровка ұшталып және желебка қайтадан кесіледі. Тозу салдарынан ұштау мүмкін болмасы футеровка алмастырылады.

Басқа футеровка дайындау үшін емен, не шамшат ағашының кесегі қолданылады;

4) клинделген барабан білікке бекітіледі. Босаған шпонкалар шығарылады, қаралады, қалпы өзгерген немесе тозған болса алмастырылады. Шпонкалар тығыз бекітілген және тоқтатқыш бұрамалармен белгіленеді, олардың астар көмегімен тартылуының күшеюіне жол берілмейді;

5) барабандарды ауыстырған жағдайда түпкі білік айналдырылмайды. Білік күпшектерінде ауыстырылған барабан діңінің қиылысуын тудырмайтындай еркін айналады;

6) білік пен ауыстырылған барабан күпшектері астарының арасындағы саңылау. Саңылауды өлшеу пластинінің ұзындығы 200 мм кем емес калибрленген щуппен біліктің төменгі жағынан (ағытылған және бөлектелген барабанда) жүргізіледі.

Саңылау өндіруші зауыттың нұсқаулығында көрсетілген үлкендіктен аспайды, мұндай деректер болмаған жағдайда 2-кестеде көрсетілген талабына сәйкес жол берулер басшылыққа алынады.

2-кесте



Білік мойнының диаметрі, мм

Саңылаудың мүмкіндіктегі үлкендігі, мм

50 ден 80 дейін

0,18

80 артық 120 дейін

0,21

120 артық 180 дейін

0,25

180 артық 260 дейін

0,29

260 артық 360 дейін

0,33

360 артық 500 дейін

0,38

Мүмкіндіктегіден 50 % және одан артық саңылауларда төлкелердің қола не шойын астарлары ауыстырылады, ал бабиттілері-қайта құйылады;

7) ауыстырылатын барабандардың күпшектерінің майлануы: майлау сапасы мен майлау сыққышының жұмысы.

Машиналарды майлау сыққышсыз немесе ауыстырылатын барабандардың күпшектері дұрыс майланбаған жағдайда пайдалануға жол берілмейді;

8) реборд жағдайы. Ребордтарда сызат болуға жол берілмейді, ал ішкі жағы ұйпаланбаған тегіс болады. Реборд биіктігі талапқа сәйкес болады.

Тексерістен және ақауларды түзеткеннен кейін машиналарды байқаудан өткізеді. Барабандарда соққы, сықыр және бөгде шу болмауы қарастырылады. Барабандардың сықырлауы олардың бекемдігінің нашарлығын немесе барабан бөлшектерінің бір-біріне жапсырылуында кемшілік барын көрсетеді.

Тексеріс нәтижесі № 3 формада көрсетілген хаттамаға енгізіледі.

4-тарау. Барабандарды алмастыру механизмдері

1-параграф. Алмастырудың тісті механизмдері
4. Алмастыру механизмдерін тексерген кезде:

1) дөңгелектің тістері мен жалғастырғыштың венцтері (иінтіректікте де иінтірексізде механизмдерде), алтықырлылардың шеттері және алтықырлы бойынша сырғанау бетінде (алмастырылатын иінтіректі механизмдерде).



1-сурет. Алмастырылатын тісті иінтіректі механизм:

1-тісті дөңгелек; 2-тісті венец; 3-алмастырылатын барабанның күпшегі;

4-алтықырлы; 5-қамыт; 6-иінтірек; 7-қос әрекеттегі пневматикалық цилиндр;

8-шток; 9-буферлі құрылғы; 10-үшиықты иінтірек; 11-жүк; 12-күш.

Тістердің қалыңдығы бойынша мейлінше үлкен тозуы 15 % аспайды. Тістер мен сырғанау беттерінде байлануға, жапырылуға, қылаулануға жол берілмейді;

2) қосылғыш элементтердің жағдайлары мен тозуы және монтаждау ақауы болмайды. Елеулі люфтілер болғанда тозған бөлшектер алмастырылады;

3) алмастыратын механизмдердің пневматикалық цилиндрінің жағдайы, ауа кіретін саңылаудың болмауы, тісті иінтіректің қозғалмалы бөлігі жүрісінің үлкендігі:

иінтіректі механизмдерде цилиндрдің, поршеннің және тығыздалудың жағдайы, сонымен қатар цилиндрдің қақпағына поршеннің соққылауының болмауы тексеріледі. Поршень мен қақпақ арасындағы саңылау 2-5 мм кем болмайды (қорғасын таңбасының көмегімен тексеріледі). Поршеннің мейлінше үлкен жүрісі 120 мм, тісті дөңгелекте 160 мм;

иінтірексіз механизмдерде цилиндрдің жағдайы, тарелкелі серіппе, амортизациялы резеңке доңғалақ. Күштің біркелкі түсуін және жалғастырғышты қосқанда және ағытқанда ауытқу болмауын қамтамасыз ету үшін барлық серіппелердің алдын ала тартуы біркелкі болады. Тарту үлкендігі 10 мм, ал сыртқы тісті венцтің жүрісі 80 мм болады;

жүріс үлкендігін реттеу алмастырылатын иінтірексіз механизмдерде гайка шпильдермен, иінтіректілерде-буферлі құрылғы көмегімен жүргізіледі, сөндірілген жалғастырғыштарда тісті венцтер арасындағы саңылау 10 мм кем болмайды;

4) тісті дөңгелектер мен тісті венцтердің тістері мен сегменттерінің барлық беттерінің майлану жағдайы;

5) алмастыру механизмдерінің қосу және сөндірілуінің жеңілдігі. Жалғастырғыш жеңіл, дыбыссыз және ауытқусыз қосылады. Алмастыру механизмі жүйеде ауаның мейлінше аз жұмыс қысымында болғанда да нақты жұмыс істейді. Жалғастырғышты қосқанда желінудің болу себебі алмастырғыш барабанның төлке күпшегінің шамалы өңделуінен болуы мүмкін. Бұл жағдайда төлке ауыстырылуға жатады;

6) иінтіректі механизмдердің бекіткіш құрылғысы жұмысының дұрыстығы (3-сурет).

Қосылған жалғастырғыштың бекем тоқтатылуы үшін иінтіректің үлкен иығы мен сұққы арасындағы саңылау 2 мм тең болады, ал ортаңғы иінтірек пен тірек планкасы арасында 0,5 мм аспайды.




2-сурет. Алмастырылатын тіссіз иінтірексіз механизм:

1-тісті дөңгелек; 2-барабанның тісті венеці; 3-сыртқы тісті венец;

4-қақпақ; 5-пневматикалық цилиндр;

6-кронштейн; 7-блокировкалайтын құрылғы;

8-тарелкелі серіппе; 9-амортизационды дөңгелек; 10-құбыр; 11-гайкалы реттегіш шпилька

3-сурет. Алмастырылатын тісті иінтіректі механизмнің тиекті құрылғысы:

1-үшиықты иінтірек; 2-күш;

3-блокировкалайтын клапан;

4-сұққы; 5-шарнир;

6-күштейтін планка;



2-параграф. Алмастырғыш тісті механизмдерді алыстан басқару құрылғысы
5. Тексеру кезінде:

1) иінтірек жүйесі шүмегінің, сонымен қатар шарнирлі қосылғыштардың және оларды майлаудың жағдайы;

2) ауаның жойылуы. Шүмектен және қосқыш құбырөткізгіштерден табылған ауа жойылуын болдырмау шүмек тығынын мұқият бітеу мен сапасыз тығындауды ауыстыру арқылы жүргізіледі;

3) механизм тұтқасының жұмыс істеуін орнатқан жағдайда шүмек жұмысын шекті және орта жағдайға келтіру (4-сурет).

Алмастыру механизмінің тұтқасы (бұдан әрі-АМТ) шетінде орналасса, машинстке жақын тісті жалғастырғыш іске қосылған болады. Бұнымен қоса шүмек жалғанады (1-жағдай):

үш жүрісті шүмек арқылы ауа жинағышы бар алмастырғыш барабанның сақтандырғыш тежегішінің цилиндрі (бұдан әрі-СТЦ);

қысымды реттегіші бар алмастырғыш барабанның жұмыс тежегішінің цилиндрі (бұдан әрі-ЖТЦ);

дыбыстұншықтырғышы бар алмастырғыш механизмінің цилиндрі (олар арқылы блокировкалау қақпақшасы мен реттығын тірегі);

АМТ ауыстырған кезде машинистің шет жағындағы алмастырғыш барабан сақтандырғыш және жұмыс тежегіштерімен тоқтатылады, содан кейін жалғастырғыш ағытылады. ІІ жағдайда жалғастырғыш шүмек сақтандырғыш цилиндрге ауамен дыбыстұншықтырғышы арқылы, ал жұмыс цилиндрі мен алмастырғыш механизм цилиндрі (иінтіректі механизмдерде цилиндр тілмесі) ауа жинағышпен хабар береді.

АМТ өзіне ауыстырған кезде орташа жағдай жалғастырғышты қосумен жүргізіледі. ІІІ жағдайда шүмек сақтандырғыш цилиндрді ауамен қосылған түрде, жұмыс істейтінін ауа жинағышпен, ал алмастырғыш механизм цилиндрі дыбыстұншықтырғыш арқылы (иінтіректі механизмдерде-цилиндрді сөндіретін тілмесінде) қалдырады. Иінтіректі механизмдерде шүмек ауа жинағышпен іске қосатын цилиндр ауыстырғыш тілмесін енгізеді;

4) блокировкалайтын қақпақшаның және реттығын тірегінің жұмысы. Реттығын тірегінің жұмысы АМТ жалғастырғышты толық қосуға орташа жағдайдан мейлінше шекті жағдайға ауыстыруға бөгет жасайды. Бұл үшін блокировкалау қақпақшасы реттығын тірегінің тілмесіне ауаны жалғастырғыш толық қосылған жағдайда ғана өткізеді. Блокировкалау клапанының дұрыс жұмыс істеуі саңылауды реттеумен жүргізіледі:

иінтіректі ауыстыратын механизмдерде иінтіректің кіші иіні мен блокировкалайтын қақпақша корпусы арасында (3-сурет). Іске қосылған жалғастырғышта бұл саңылау (штокты блокировкалау қақпақшасына шығуы) 2 мм тең болады. Сөніп тұрған жалғастырғышта штоктың шығуы 6 мм тең болады;

иінтірексіз ауыстыратын механизмдерде (5-сурет) ролик пен ауыстыратын механизм цилиндрі қақпағының беті арасында. Іске қосылған жалғастырғышта, бұл саңылау 20 мм тең болады. Блокировкалайтын қақпақшада 1 мм болады;

5) ауыстырғыш механизм тұтқасы мен жұмыс тежегішінің тұтқасы (ЖТТ) арасындағы блокировкалау. Блокировкалау АМТ қалыпты жағдайдан «қосылған» түріне ауыстыруға, ЖТТ «Тежеу» қалпына орнатылмағанға дейін кедергі келтіреді, ЖТТ машинаны егер АМТ қажетті бір түрге орнатылмайынша тежеу жағына ауыстыруға жол берілмейді.



4-сурет. Ауыстыру механизмінің шүмегі және оның жұмыс қалпы:

1-сырты; 2 және 9-қақпақ; 3-коникалы тығын; 4-басатын сомын; 5-реттегіш сомын;

6-реттығын тірегі; 7-серіппе, 8-келтіретін иінтірек

3-параграф. Ауыстырудың фрикциялы механизмдері
6. Тексеру кезінде (6-сурет):

1) жалғастырғыштың күпшегін валға орнату, ауыстыратын барабанның лобовинге венцті бекем бекіту, дөңгелек резеңке камераның, поршеннің және прижимді лампаның ақаусыздығы, тарелка секілді серіппені тарту пакетінің біркелкілігі;

2) фрикциялы дисктердің жағдайы: феррадодан шығатын жетекші дисктерге келтіретін сенімді бекітілу, олардың жағдайы мен тозуы, сонымен қатар жетекші дискінің жылтыратылған бетінің жағдайы;

3) қосу механизмі. Ауыстырудың тісті иінтірексіз механизмдері үшін жүргізілген тексеру көлеміндей;

4) фрикционды жалғастырғышты қосу мен сөндірудің айқындылығы. Іске қосылған жалғастырғыш поршень мен күпшек аралығында саңылау 3-5 мм шамасында болады. Тексеріс қорғасын таңба көмегімен жүргізіледі. Поршень жүрісі тарелке секілді серіппенің тартылуына сәйкес келетіндей 7-8 мм шамасында болады;

5) фрикционды жалғастырғышты іліністірудің беріктігі. Тексеру үшін жалғастырғыштың күпшегіне қатысты венц жағдайын тіркейтін белгілер салынады және тежеу кезінде, сақтандыру тежегішінен кейін сырғанаудың болмауын тексереді.



5-сурет. Ауыстырудың иінтірексіз блокировкалау құрылғысы:

1-кронштейн; 2-шток; 3-тірек; 4-серіппе; 5-ролик;

6-блокировкалау қақпағының штогы; 7-ауыстыру механизмі цилиндрінің қақпағы

6-сурет. Ауыстырудың фрикционды механизмі:

1-фрикционды жалғастырғыш күпшегі; 2-фрикционды дискілер; 3-ауыстыратын барабан венеці; 4-тарелке секілді серіппе; 5-дөңгелек резеңке камера; 6-прижимді лампасы бар поршень; 7-ауа өткізгіш құбыршек

4-параграф. Ауыстырудың тісті бұранда механизмдері
7. Тексеру кезінде:

1) ауыстыру механизмдері бөлшектерінің жағдайы: тісті бұранда, тісті бұранда дөңгелегі және тарту механизмі;

2) тісті бұранданы майлау мен тісті бұранда дөңгелегін майлау сапасы;

3) ауыстыру механизмінің іске қосылу және сөнуінің жеңілдігі. Ауыстыру механизмінің іске қосылған кезінде екі тісті бұранда да тісті дөңгелек тірекке дейін тістің толық бойына кіреді. Тісті бұранданың жағдайын реттегеннен кейін тартқыш жалғастырғышты контрсомынмен бекітеді;

4) ілінісудің бекемдігі. Машинаның жұмыс істеп тұрғанында ауыстырылатын барабанның түпкі білікке қатысты жылжуы байқалмайды.

5-параграф. Тоқтатқыш құрылғы (форкопфтар)
8. Іргетасқа форкопфты бекітудің бекемдігін тексеру, сызаттың және тартуда түрінің өзгеруінің болмауы, реборд тегістігімен сәйкестігі, реттелетін төлкелердің айналуының жеңілдігі, сонымен қатар тоқтатқыш бұрандама сомының жағдайы мен диаметрінің сәйкестігі.

5-тарау. Мойынтіректер мен біліктер
9. Біліктің сырғу мойынтірегін тексерген кезде:

1) түпкі білікті соңғы жүктемеден қайта арту: жоғарғы қабылдау алаңына екі клетті де орналастыру және арқанды түсіру (скиптерді оқпанның сағасын жабуға орнату), кейін барабандарды форкопфамен тоқтатып машинаны тежейді;

2) мойынтіректі ашу: жоғарғы қақпақты және жеке жоғарғы ішпекті ашу. Төменгі ішпекті ашу үшін білік мойынтірекке жақынырақ жерден домкратпен көтереді және ішпекті бұрап шығарады (немесе ағаш жалғаманың көмегімен қағады). Білікті көтергенде немесе түсіргенде біліктің төменгі ішпекке жылдам түсіп кетуіне жол берілмейді;

3) біліктің мойны тексеріледі. Коррозияның сызаты, ізі болғанда қырнап тегістеу, ал айтарлықтай ақау болса, мойынға тесу жүргізіледі;

4) ішпектердің жағдайы тексеріледі. Ішпектердің жұмыс жағдайындағы қалыбында сызат, бақалшық және дақ болуына жол берілмейді. Бабитті құю үгітілмейді және ішпектің корпынан қалмайды. Төменгі ішпегі бар білік доғаның барлық ұзындығы бойынша орталық бұрышы 45º төмен және 90ºартық болған шамада байланысады. Ішпек бетінің ұсақ ақаулары мен қате ұштаулар шабровка көмегімен түзетіледі;

5) білікті монтаждау деңгей көмегімен жүргізіледі. Білік мойнының қисаю әр мойынтіректің ажыратылуында екі рет (деңгейдің 180º бұрылуымен) өлшенеді. Екі өлшемнің орташа көрсеткіші есепке алынады;

6) мойынтіректерді ажырату жазығындағы радиальды саңылауды өлшеу Δ иілімді щуп көмегімен жүргізіледі (білік мойнынның тереңдігі 0,15 диаметр шамасында). Саңылаулар екі жағынан да бірдей үлкендікте және пішпектің барлық ұзындығы бойына шамамен төмендегідей болады:
Δ=(0,00025 ÷ 0,00075) dш.в.
мұнда dш.в.-білік мойнының диаметрі, мм.

Қорғасынды таңба көмегімен білік мойнымен жоғарғы ішпек арасындағы ∆/ жұмыс саңылауы тексеріледі. Қорғасын сымдар білік мойнына және ажыратылуында пішпектің екі жағынан салынады, содан кейін қақпақтың барлық бұрандалары тартылады (№ 5 форма). Таңбалар 0-25 мм микрометрмен өлшенеді.

Радиалды саңылау төмендегідей шамада болады:
/=(0,0005÷0,0015) dш.в.
Саңылаудың жағымсыз үлкендігі білік пен пішпек арасында саңылау жоқ, саңылау ажыратудағы пішпек арасында болады;

7) саңылау төсемдер көмегімен реттеледі. Егер саңылау белгіленген шектен артық болса және төсем болмаса пішпектер жөнделеді немесе басқасына ауыстырылады;

8) қорғасын таңба көмегімен жоғарғы пішпек пен қақпақ арасындағы тарту үлкендігі тексеріледі. Тарту 0,05-0,1 мм болады. Тарту үлкендігі қақпақ пен пішпек арасында орналастырылған төсемдермен реттеледі;

9) білік галтелі мен мойынтірек төсемінің кесіктері арасындағы діңді саңылаулар иілімді щуппен тексеріледі. Тексеріс барлық мойынтіректерде бір уақытта, біліктердің бірдей қалыбында оң және теріс діңді саңылаудың кіші мөлшерін анықтайтын ажыратудың дұрыс мәнін алу үшін жүргізіледі. Түпкі біліктің діңді ажырату үлкендігі білік мойнынан шамамен 2-4 % болады;

10) мойынтіректердің жұмыс кезіндегі қызуы тексеріледі. Мойынтіректердің қызу температурасы 60ºС аспайды;

11) мойынтіректің төсекке бекітілуі, анкерлі бұрандалардың жағдайы, контрсомын мен реттеуші клиндердің болуы тексеріледі.

Тексеріс нәтижесі № 4 және 5 формада көрсетілген хаттамаға енгізіледі.
6-тарау. Редукторлар мен тісті берулер

1-параграф. Редукторлар
10. Тексеру кезінде редукторлар ашылып тексеріледі:

1) сымдар мен күпшектердің, тісті венцтердің жағдайы, оларда сызат пен бақалшықтың болмауы, сонымен қатар, дөңгелекке тісті венцтердің орналасу тығыздығы тексеріледі;

2) тістердің бүтіндігі мен тозуы және олардың жағдайы. Тозу үлкендігі 10 % артық болмайды. Тістерді кедергілердің болуына жол берілмейді, ал тістердің бүйір беттерінде питтингтер 20 % болады. Тісті дөңгелектер егер тістердің тозу үлкендігі питтингтер белгіленген шектен 50 % артық болса және тістердің негізінде сызаттар табылса ауыстыруға жатады;

3) шпонкаларды тарту мен білікке тісті дөңгелекті орналастыру. Балғамен ұрған кезде белгілі бір дыбыс шығаратын босаған шпонкалар тартылады, не болмасы басқасына ауыстырылады. Шпонкаларды тартқан кезде дөңгелекті радиальды және кесікті соғу белгілі шектен аспайтын болады (4-тармақ). Орналастыру орнын дайындаған кезде немесе шпонкалар тозғанда қосымша төсемдерді пайдалануға рұқсат берілмейді. Күпшектің пайда болуын болдырмайтын тәсіл зауыт дайындаушымен келісіледі;

4) тісті ілінісудің дұрыстығы (байланыс дағының орналасуы мен өлшемі бойынша) қайтадан жөнделген редукторлар бояуы бойынша тексеріледі. Пайдаланудағы редукторлардың ілінісуінің дұрыстығын тексеру металл жылтырағы бойынша жүргізіледі. Байланыс дағы жұмыс орнының ортасында созылыңқы овал түрінде орналасып, тістің ұзындығы 50-60 % және биіктігі 40-45 % болады.

Тістің ортаңғы бөлігінде орналаспаған байланыс дағы редуктордың іргетаста орналасу қалпын түзететін және іргетас бұрандаларының біркелкі тартылуымен жойылатын сыртының қиғашына бағытталуын көрсетеді.

Егер байланыс дағы тістер бөлігінің бір шетінде орналасса, ал дөңгелектің диаметрлі қарама-қарсы бөлігі басқа шетінде орналасса, ондай жағдайда дөңгелектің иінге дұрыс орнатылмауынан кесікті ұрғылау орын алады. Шпонкаларды қайта қағу түзетіледі.

Тісті дөңгелектің қимасының кесігін ұрғылау екі бағдарлы индикатормен тексеріледі. Неғұрлым көп ұрғылау индикатор көрсеткіші нәтижесінің көп, не аз айырмашылығы түрінде анықталады, оның бірі тісті дөңгелектің тоғынының кесігінде, ал екіншісі тексерілетін дөңгелектің білігінің кесігінде орнатылады.

(№ 7 форма).

Тісті дөңгелектерді кесікті ұрғылауға 3-кестеде көрсетілген 100 мм диаметрге қатыстысына жол беріледі.

Әр тістегі түйіскен дақтар көлемінің әртүрлі үлкендігі тісті дөңгелектің дөңгелекті білікке эксцентрикалы қондыруды шақыратын радиальды ұруын дәлелдейді. Радиальды ұрудың үлкендігі индикатормен өлшенеді және 4-кестеде көрсетілген мәннен аспайды;

5) мойынтіректер:

1) сырғанау мойынтіректері (5-тарау, 2-10-тармақ). Иін мойны мен жоғарғы ішпек арасындағы жұмыс саңылауы редуктордың қақпағы мен сырты арасындағы төсем қалыңдығының өзгеруімен реттеледі.

Пайдалану үдерісінде жұмыс саңылауының 5-кестеде көрсетілген деңгейде үлкеюіне дейін жол беріледі. Кестеде көрсетілген не одан артық саңылауларда ішпектер жөнделеді, не басқасына алмастырылады;

тербелу мойынтірегі. Мойынтіректің иінге және сыртына орналасу тығыздығы және дөңгелектер мен сауыттардың бүтіндігі және шарлардың жағдайы, сонымен қатар саңылаулардың үлкендігі тексеріледі.

Мойынтіректің жоғарғы бөлігіндегі сыртқы шеңбер мен шар арасындағы радиальды саңылау иілімді щуппен тексеріледі және ол 6-кестеде көрсетілген мөлшерден аспайды.

Роликті мойынтіректердегі діңді саңылау иіннің шекті жағдайларында индикатормен тексеріледі: Қолжетімді діңді ойын шегі 7-кестеде көрсетілген.

Діңді бағытта иін тіркелмейтін ойын тіректердегі діңді саңылау иіннің температуралық ұзартылуын өтеу үшін иін ұзындығы 0,0005 ұзындықтан кем болмайды.

Лабиринтті тығыздаулардағы саңылаулар (қорғасын таңбалар көмегімен өлшенеді) радиальды бағытта 0,2-0,5 мм шамасында, ал иін ұзындығы мен диаметрінен 2-4 мм шамасында болады. Иінді айналдырғанда лабиринтті сақина мойынтірек қақпағын қажамауы қарастырылады. Сақина сыммен мұқият бекітілген және оның ұштары сақиналы пазға салынған болады;

6) майлау жағдайы. Тексеру көлемі 8-тараудың 1-параграфында көрсетілген;

7) редуктор сыртының ажыратылуында, қарау терезелерде және фланцті қақпақтарда, сонымен қатар іргетас бұрандаларындағы тығыздау төсемдерінің жағдайы.
3-кесте





Берудің дәлдігінің дәрежесі

Дөңгелек немесе жарты шеврон ені, мм

55 тен 110 ға дейін

110 артық 160 дейін

160 артық 220 дейін

220 артық 320 дейін

320 артық 450 дейін

450 артық 630 дейін

630 артық 900 дейін

900 артық 1250 дейін

Тісті дөңгелектің қолжетімді кесікті ұруы

100 мм диаметрге мк


7

8



9

11

14



18

8

10



12

6

8



10

5

6



8

4,2


5,2

6,5

3,6

4,5


5,5

3,2


4,0

5,0

2,8

3,6


4,5

4-кесте






Берудің дәлдігінің дәрежесі

Дөңгелек диаметрі, мм

200 ден 320 дейін

320 артық 500 дейін

500 артық 800 дейін

800 артық 1250 дейін

1250 артық 2000 дейін

2000 артық 3150 дейін

3150 артық 5000 дейін

Дөңгелектің рұқсат берілетін радиальды ұруы, мм


7

8



9

11

14



18

8

10



12

6

8



10

5

6



8

4,2


5,2

6,5

3,6

4,5


5,5

3,2


4,0

5,0

5-кесте





Иін мойнының диаметрі, мм

50 ден

80 дейін


80 артық

120 дейін



120 артық 180 дейін

180 артық 260 дейін

260 артық

360 дейін



360 артық

500 дейін



500 артық

630 дейін


Сырғанау мойынтіректеріндегі жұмыс саңылауының шекті үлкендігі, мм


0,5

0,6

0,7

0,8

0,9

1,1

1,2


6-кесте





Мойынтірек түрі

Мойынтірек саңылауының диаметрі, мм

30 дан 40 дейін

40 артық 50 дейін

50 артық 65 дейін

65 артық 80 дейін

80 артық 100 дейін

100 артық 120 дейін

120 артық 140 дейін

140 артық 160 дейін

160 артық 180 дейін

180 артық 200 дейін

200 артық 225 дейін

225 артық 250 дейін

Серпілу мойынтірегіндегі шекті радиальды саңылау, мм

Радиальды шарлы

0,08

0,09

0,10

0,11

0,12

0,14

0,16

0,175

0,19

0,22

-

-

Қысқа роликті радиальды

0,15

0,15

0,20

0,20

0,25

0,27

0,30

0,35

0,37

0,40

0,45

0,50

Сферикалық роликті радиалды

0,12

0,14

0,15

0,18

0,20

0,25

0,27

0,30

0,33

0,36

0,42

0,45

7-кесте






Мойынтірек саны

Мойынтіректің ішкі диаметрі, мм

30 артық

50 дейін


50 артық

80 дейін


80 артық 120 дейін

120 артық 180 дейін

180 артық 260 дейін

260 артық 360 дейін

Коникалық роликті мойынтіректер үшін ойын діңдерінің шекті шамалары, мм

әр тіректе бір мойынтіректен

0,05-0,10

0,08-0,15

0,12-0,20

0,20-0,30

0,25-0,30

-

әр тіректе екі мойынтіректен

0,04-0,07

0,05-0,10

0,08-0,15

0,12-0,20

0,16-0,25

0,20-0,30

8-кесте






Стандартты не есепті орталық аралық қашықтық, мм

200 ден

320 дейін



320 артық 500 дейін

500 артық 800 дейін

800 артық 1250 дейін

1250 артық 2000 дейін

2000 артық 3150 дейін

3150 артық 5000 дейін

Бүйірлі саңылау, мм

Төменгі

0,11

0,13

0,17

0,21

0,26

0,36

0,42

Орташа

0,21

0,26

0,34

0,42

0,53

0,71

0,85

Жоғарғы

0,42

0,53

0,67

0,85

1,06

1,40

1,70

Орталық аралық қашықтықтың шамамен ауытқуы, мм

±0,20

±0,25

±0,28

±0,32

±0,40

±0,45

±0,53


9-кесте






Беру дәлдігінің дәрежесі

Дөңгелектің тісінің ұзындығы (жартылай шеврон), мм

55 тен 110 дейін

110 артық 160 дейін

160 артық 220 дейін

220 артық 320 дейін

320 артық 450 дейін

450 артық 630 дейін

630 артық 900 дейін

900 артық 1250 дейін

Иін діңдерінің параллель еместігіне рұқсат, мм

7

8

9



0,019

0,024


0,030

0,021

0,026


0,034

0,024

0,030


0,038

0,028

0,036


0,045

0,034

0,042


0,052

0,040

0,050


0,060

0,050

0,060


0,080

0,060

0,080


0,100



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет