Қасықпен тамақтандыру. Мақсаты: шала туған баланы тамақтандыру. Көрсеткіштер



бет7/8
Дата30.08.2023
өлшемі27.87 Kb.
#476298
1   2   3   4   5   6   7   8
Қасықпен тамақтандыру

Салмағын өлшеу
Әзірле:электронды тараз, таза жөргек, дезерітінді мен ыдыс, шүберек, қауіпсіз жоюға арналған контейнер, резенке қолғап, қалам, баланың даму тарихы.
Іс -әрекет алгоритмі:
1. Анасына әдістің мақсатын түсіндірдім, рұқсатын алдым.
2. Таразыны қозғалмайтын беткейге орналастырдым.
3. Қолымды жылы сумен сабындап жуып, сүрттім, резенке қолғапты кидім.
4. Таразының беткейін дезерітіндімен өндедім.
5. Жүйелік сым вилкасын электр желісіне қостым, осы кезде сандық индикаторда рамка жарықтанады, таблода ноль пайда болады.
6. Таразыны тексер: табло ортасынан қолмен аздаған күш салып бастым (индикаторда қолдың күшіне тән көрсеткіштер жарықтанады). Жүк көтергіш платформаны түсіру-индикаторда нольдер пайда болады.
7. Жүк көтергіш платформаға жөргек сал-индикаторда оның салмағы жарықтанады. Жөргектің салмағын “Т” кнопкасына басып, машинаның ойына таста, индикаторда нольдер пайда болады.
8. Баланы шешіндірдім.
9. Абайлап платформаға баланы жатқыздым.
10. Индикаторда баланың салмақ мағынасы көрсетіледі.
11. Салмақ мағынасы 35-40 секунд ішінде бекітіледі, егер “Т” кнопка басылмаса, таразы кнопкасы автоматикалық түрде “0” түсіріледі.
12. Баланы анасына бердім. Жөргекті таразыдан алдым. Таразы автоматикалық түрде қойылады.
13. Нәтижесін анасына айттым баланың даму тарихына жаздым.
14. Кнопкаға басып, таразыны өшірдім.
15. Қолғапты шештім, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. Қолды жуып кептірдім. (баланың салмағын аш қарында өлшейді.)





Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны

Бой өлшеу
Әзірле: көлденен бой өлшегіш, таза жөргек, резенке қолғап, дезерітінді мен ыдыс, шүберек, қауіпсіз жоюға арналған контейнер, қалам, баланың даму тарихы.
Іс -әрекет алгоритмі:
1. Анасына әдістің мақсаты мен өткізу ретін түсірдіремін, рұқсатын алдым.
2. Көлденен бой өлшегішті шкаласымен өзіме қаратып үстелге орнаттым.
3. Қолымды мұқияттап жылы сумен сабындап жуып, сүрттім, резенке қолғапты кидім.
4. Бой өлшегішті дезерітіндімен өндедім.
5. Жөргекті бой өлшегіштін үстіне жайдым.
6. Баланың басын бой өлшегіштің жылжымайтын тақтайына тигізіп жатқыздым.
7. Баланың аяқтарын қолмен тізеге бастым.
8. Тізеге қатынасы бойынша тік бұрышпен бүгілген табандарға бой өлшегіштін жылжымалы тақтайшасын тақадым.
9. Шкала бойынша баланың бой ұзындығын анықтадым.
10. Баланы алып анасына бердім, жөргекті алдым.
11. Нәтижесін баланың даму тарихына жаздым.
12. Анасына нәтижесін айттым.
13. Бой өлшегіштің жұмысшы беткейін залалсыздандырдым.
14. Резенке қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. Қолымды жуып құрғаттым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет