«аспазшы» КӘсібіне ӛндірістік оқыту



Pdf көрінісі
бет54/62
Дата20.01.2023
өлшемі2.7 Mb.
#468569
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62
1.«Аспазшы» мамандығына өндірістік оқыту 4 бөлімді, 1-бөлім. Оқу құралы

Мал басын өңдеу. Ірі қара малдың басын үйітеді, жуады, тазартады. 
Ерін мен тілден ажыратады, жоғары бас сүйегін шабады жəне миды алады. 
Шошқа жəне бұзау басы мен құлақтарын (3.28 сурет) жидітеді, тазартады 
жəне жуады. Мандайынан мұрынға дейін жұмсақ етті кесіп, оны 
құлақтарымен бірге кеседі.
Сирақты өңдеу. Егер ірі қара малдың сирағында жүні болса, оны 
үйітеді, тазартады, тұяғын кеседі, жақсылап жуады, көлдеңен, содан кейін 
бойынан екі бөлікке шабады. 2-3 сағат ішінде суық суға жібітеді. Бұзау 
жəне шошқа сирағын (3.29 сурет) жидітеді, тазартады, тұяғын кеседі жəне 
үйітеді. Сирақтағы етті сүйек бойынан екі жақтан кеседі, буындарында 
тілік жасайды жəне терісімен бірге сүйектен етті алады.
3.28 сурет. Шошқа басы 
3.29 сурет. Шошқа сирағы 
Миды өңдеу. Миды (3.30 сурет) 1-2 сағат ішінде салқын қышқылданған суға 
жібітеді. Содан судан шығармай, қабығы мен қан жолдарынан тазартады.
Бауырды өңдеу. Бауырды жуады, өт жолдарын кесіп алады, пышақтың
жалпақ жағымен соғады жəне қабығын шешіп алады. Тоңазытылған ірі
қара мал бауырын өңдеу кезіндегі қалдықтар – 17 %, шошқа бауырында — 12 
% болады.
Тілді өңдеу. Тілді (3.31 сурет) тазартады, қылтасын алып тастап,
жақсылап жуады.
Жүректі өңдеу. Жүректі (3.32 сурет) көлдеңен кесіп, ірі тамырларды
кесіп тастайды, жуады.
Бҥйректі ӛңдеу. Бүйректің майын шешіп алады. Ірі қара мал бүйректерін 
көлдеңен ортасынан тіледі, 2-3 сағат ішінде салқын суға жібітеді (суды əр 
сағат сайын ауыстырады).
Асқазанды өңдеу. Ірі қара мал асқазандарын аударады, жуады 8-12
сағат ішінде ағын суға батырып қояды, содан кейін жақсылап тазартады
жəне қайта жуады. Кейін жидітеді, шырышты қабықтан тазартады жəне
сағат сайын суды ауыстырып, 3-4 сағат ішінде салқын суға батырады.
Сүйектерді өңдеу. Сүйектерді шабады жəне жуады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет