«аспазшы» КӘсібіне ӛндірістік оқыту



Pdf көрінісі
бет43/62
Дата20.01.2023
өлшемі2.7 Mb.
#468569
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62
1.«Аспазшы» мамандығына өндірістік оқыту 4 бөлімді, 1-бөлім. Оқу құралы

 
Қуырылған қой еті. 
Қойдың артқы аяғын (сан еті) ішінара сылады
яғни жамбас сүйегін кесіп тастайды, асық жілікті еттен, сіңірден тазалайды 
да 10- 
12 см ұзындығын қалдырып шауып тастайды. 
Сан етті сəбізбен, ақ 
тамырлармен, сарымсақпен толтырып дəмдеуге болады. 
Қойдың бҥйірі (ер-тоқым). 
Қойдың бүйірін қойдың бел бөлігінен, яғни 
қораптан (арқа-төс немесе арқа-қабырғалық бөлігі) омыртқаны кеспей, бел 
бөлігін шауып алады. Жұқа шеттерін омыртқаға қарай бүгіп, кендір жіппен 
байлайды (3.18 сурет). 
Оралған жауырын. Жауырынның жұмсақ етін жоғарғы жəне 
төменгі шеттерін ішке қарай бүге отырып, орайды. Қалыпқа келген 
жартылай дайын өнімді кендір жіппен байдайды немесе тігеді
. 
Бҧқтыруға арналған жартылай дайын ӛнім. Ірі кесекті етті 
бұқтыру үшін жартылай дайын өнімді сіңірлері мен жиектерінен 
тазаланған жауырын бөлігінен кеседі. Татымды болу үшін сəбіз 
кесінділерін немесе май, сарымсақ қосуға болады. 
Шошқа етінен ҥлкен кесекті жартылай 
дайын ӛнімді дайындау
Карбонад
Карбонадты корейкадан оны толықтай сылғаннан кейін 
дайындайды (3.19 сурет). 
Қақтама. 
Қақтаманы сан етінен кеседі, сан етін толықтай сылады. 
Ірі кесекті қуырылған шошқа еті. Ірі кесекті қуырылған шошқа 
еті үшін жауырын бөлігін қолданады, еттің ішкі жəне төменгі 
шеттерін бүге отырып, оған орама пішінін береді, Қалыпқа келген 
жартылай дайын өнімді кендір жіппен байлайды. 
80 


3.19 сурет. Шошқа етінен 
карбонад (корейка) 
 
Ірі кесекті бұқтырылған шошқа еті. Ірі кесекті бұқтырылған 
шошқа еті үшін жауырын жəне мойын бөліктерінен, оларды жұқа 
қабық, сіңір жəне жиектерден тазартып, жартылай дайын өнім 
дайындайды. Хош иістендіру үшін жартылай дайын өнімге бұлшық 
ет талшықтарын бойлай сарымсақ бөліктерін, ақ тамырларды салуға 
болады. Ет кесектерінің массасы жартылай дайын өнім əзірлеу үшін 
1,5 кг-дан аспау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет