Астамбаева жупат канапьяновна


АЛГОРИТМДЕРДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК-МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫ МОДЕЛЬДЕУ



бет17/39
Дата02.05.2024
өлшемі4.57 Mb.
#500345
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
astambaeva-zh-k-phd-s-sp

2 АЛГОРИТМДЕРДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК-МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫ МОДЕЛЬДЕУ


2.1 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудың мүмкіндіктері
Педагогикалық ғылым мен тәжірибеден болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік сауаттылығының даму нәтижесі педагогикалық қабілеттердің анықтамасына тікелей байланысты екендігі белгілі. Біздің зерттеулеріміздің күтілетін педагогикалық нәтижесі – жоғары оқу орнының білім беру және оқу процесінде бастауыш мектеп мұғалімдерінің болашақ әдіснамалық және математикалық сауаттылығын тиімді дамыту. Педагогикалық мүмкіндіктерді таңдаудың тиімділігі мен ыңғайлылығының критерийлері – бұл кәсіби дидактикалық құзіреттіліктің сапасы болатын түпкілікті нәтиже – болашақ бастауыш сынып мұғалімдері өздерінің кәсіби қызметінің бірінші кезеңінен бастап педагогикалық сауатты және жемісті жұмысты игере алатындығының көрсеткіші.
«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бастауыш білім беру бағдарламаларын, типтік оқу жоспарларын және жұмыс оқу бағдарламаларын, оқу үдерісін талдау барысында, біздің зерттеу мәселеміздің аясында мамандар дайындаудың ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етудің мүмкіндіктері қанағаттандырарлық деңгейде айқындалмағанына көз жеткіздік.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-теориялық тұрғыдан математикалық әрі алгоритмдік сауаттылығын дамытуда «Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жаңартылған математикалық білім негіздері» пәнінің алатын орны ерекше. Алайда, бұл пәннің мазмұнында алгоритммен байланысты материал тек бір дәрістің көлемінде ғана қарастырылады. Онда «алгоритм» ұғымының қысқаша тарихы, алгоритмнің түрлері мен қасиеттері жайлы қысқаша мәлімет келтіріледі. Математиканың теориялық негідерінің барлығын дерлік қарастыру барысында алгоритмді қолдану студенттердің ғылыми-теориялық және математикалық-алгоритмдік сауаттылығын дамытудың аса бір маңызды жолы болып табылады. Ал бұл аталмыш пәнді қарастыру мен оқытып-үйрету барысында ескерілмей қалған.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік сауаттылығын дамытудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін тағы бір мәселе ЖОО оқу үдерісінде оқыту бағдарламалары, типтік (үлгілік) оқу бағдарламалары мен әдістемелік оқу құралдарының мазмұны бойынша білім, білік және құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі болып табылады.
«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттерін оқыту барысында дайындалған білім беру бағдарламаларында аталмыш мәселе тек мына нұсқада қарастырылған: «Оқыту нәтижелері» модулінде «ОН 9 – ... бастауыш сынып пәндері бойынша оқу сабақтарын жоспарлайды және жүргізеді...» [4,б. 67] делінген. Демек, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік сауаттылығын дамыту мәселесіне арналған мәселе жоқтың қасы, тек оқу пәндерін, оның ішінде «Математика» пәнін оқыту барысын жоспарлау мен сабақ жүргізе алу білігін дамыту көзделген.
Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби пәндер циклі ЖОО компоненті (ЖК) бойынша пәндік дайындық модулінде «Жаңартылған мазмұндағы «Математика» пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің мазмұнына зерттеу мәселемізге байланысты талдаулар жасайық.
«Мақсаты: математиканы оқытуды ұйымдастырудан блімі, білік және құзыреттілігін ұйымдастыру.
Мазмұны: Математиканық оқыту әдістемесі – ғылым және оқу пәні. Математиканы оқытудың мазмұны, құралдары, әдістері мен формалары.
«Сандар және шамалар», «Алгебра элементтері», «Геометрия элементтері», «Жиын, Логика элементтері», «Математикалық модельдеу» бөлімдері және оларды оқыту әдістемесі. Математика сабағында оқушылардың өздік, алгоритмдік, шығармашылық, зертттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру».
Құзыреттіліктері: математиканы оқытуды жоспарлау мен ұйымдастыру кәсіби біліктерін игереді» [4,б. 2]. Бастауыш сыныптарға арналған «Математика» пәнінің білім беру бағдарламаларындағы осы пән мазмұнын қарастырар болсақ, «оқушылардың алгоритмдік іс-әрекетін ұйымдастыру» сияқты мәселенің айтылатыны көруге болады. Демек, ББСМ ӘМС дамыту барысында өзінің де, оқушылардың да алгоритмдік әрекеттерін жоспарлай, ұйымдастыра және тәжірибеде қолдана алуларын жүзеге асыруы міндетті.
Сонымен, бірге, осы уақытқа дейін қолданыста болған екі түрлі үлгілік оқу бағдарламасында (оның алғашқысы – 2013 жылғы, кейінгісі – өңделген толықтырылған 2016 жылғы) алгоритмдік материалдар мен оларды оқыту мәселесіне көп көңіл бөлінген жоқ деп айтуға болады. Шындығында 2013 жылғы да, 2016 жылғы бағдарламаларда «алгоритмдік білік пен дағды», «арифметикалық амалдар алгоритмі» мәселелеріне ғана тоқталады [149]. Бастауыш сыныптың оқу мазмұнындағы басқа да ұғымдарды, атап айтсақ, санды шығарып алу, цифрды жазғызу, шамалармен таныстыру, өлшеу, салу жұмыстарын ұйымдастыру, есеп және оның шешуге үйрету, теңдеу, өрнек құру және оларды шешу сияқты материалдарды да белгілі бір ретпен оқыту мәселесі жайлы арнайы жұмыстар жүргізу көзделмеген. Сонымен қатар әр тапсырманы не материалды оқыту барысында белгілі бір ретпен орындаудың, жадынамаға сүйене отырып, жаттығудың не тапсырманың әр қадамын саналы түрде таңдап алу арқылы орындау бағдарламаның күтілетін нәтижелеріне жетуге негіз болатыны ескерілмеген.
Ал бұған керісінше, Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысының барлық типтеріне ортақ математикадан оқушылардың алатын міндетті білім деңгейін тағайындайтын құжат «Математика» пәні бойынша білім беру стандартының [60,б. 6] «Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқудың күтілетін нәтижелері» бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге баса көңіл бөлінгендігі байқалады. «Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы:

  • натурал сандар мен арифметикалық амалдарды ауызша және жазбаша есептеу амалдарын;

  • шамалардың стандартты және стандартты емес өлшем бірліктерін (ұзындық, аудан, көлем, масса, уақыт);

  • шамаларды өлшеу құралдарын; есеп шарттарын жазудың математикалық тілі мен графикалық модельдерін;

  • теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін қолданады» [60,б. 7] делінген.

Ал стандарттың «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» бөлімінде:
- «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны білім алушыларда қоршаған болмыстың алуан түрлі объектілері мен құбылыстарын сипаттау үшін бастапқы математикалық білімді қалыптастыруға;
- ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін игеруге;
- есептер шығарудың жалпы амалдарын, өлшем және есептеу дағдылары негізінде логикалық пайымдаулар түзе білу машықтарын дамытуға бағытталған» [60,б. 13] деп көрсетіледі.
Стандартқа сай дайындалған оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын «Математика» оқу бағдарламасы [61,б. 3] бойынша амал алгоритмдері 2-сыныптан бастап оқытыла бастайды. Бастауыш сыныптың математика сабақтарында оқытылатын алгоритмдерді оқу бағдарламасының «Оқыту мақсаттарының жүйесі» бөлімінде беріледі. Онда алгоритм негізінен оқу бағдарламасының «Сандар және өлшемдер» бөлімінде қарастырылады.Алгоритмдер, негізінен, сандарға түрлі амалдар қолдану, ауызша және жазбаша есептеулер барысында қарастырылатыны белгілі. 6-кестеде алгоритмдік материалдардың қарастырылу барысы жайлы бастауыш сынып оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарынан үзінділер келтірілді.
Кесте 5 – «Математика» оқу бағдарламасындағы алгоритмдік материалдар



Оқу бағдарламасындағы алгоритмдік материалдар

1

2

3

4

5

1.2 Сандармен амалдар орындау

1.1.2.5 ондықтан аттамай бір таң-балы сандарды/ 20 көлеміндегі бір-таңбалы мен екі-таңбалы сандарды/ ондықтарды ауыз-ша қосу және азайтуды орындау

2.1.2.8 мынадай жағдайларда: 34+ 23, 57-23; 45±19, 47+33; 80-47, 100-35 екі таң-балы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

4.1.2.8 көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану


5 – кестенің жалғасы




1

2

3

4

5










3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбей-тіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

4.1.2.9 санды қосындыға көбейту, санды көбейтіндіге көбейту және бөлу ережелерін қолдану










3.1.2.10 мынадай жағ-дайларда: 23•2, 123•2, 46:2, 246:2 екі таңбалы /үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану

4.1.2.10 көп таң-балы сандарды бір таңбалы/екі таң-балы /үш таңбалы сандарға қалдықпен бөлуді орындау










3.1.2.11 мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану

4.1.2.11 екі таңбалы/үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану










3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану

4.1.2.12 нөлмен аяқтала-тын көп таңбалы сандарды бір таңбалы/екі таңбалы/ үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану

5 – кестенің жалғасы














3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды/ шаманы табу: 100 көле-міндегі сандар мен жүз-діктердің жартысын, үш-тен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

4.1.2.14 аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру













4.1.2.15 бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту алгоритмін қолдану

5-кестедегі деректерге қарағанда, бастауыш сыныптарға арналған бұл оқу бағдарламасында алгоритмдік материалдар көптеп қарастырылатыны байқалады. Демек, болашақ бастауыш сынып мұғалімі бастауыш сыныптарда оқытылатын алгоритмдік материалдардың мазмұнын біліп қана қоймай, оларды оқытудың алгоритмін, яғни әдістемелік жолдарын игерулері тиіс.


Осы бағдарлама талаптарын жүзеге асыру үшін бастауыш сыныптарда алгоритмді оқыту мәселесі қазақстандық кейбір әдіскерлердің еңбектерінде қарастырылғанын біз алдыңғы тармақшада айтқанбыз.
Мәселен, бастауыш мектеп мұғалімдеріне, жоғары оқу орны студенттері мен педагогикалық колледж оқушыларына арнап шығарылған Т.Қ.Оспановтың «Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы» атты әдістемелік құралында алгоритмге байланысты мына материалдарға баса назар аударылған.
«Алғашқы енгізілетін қосу мен азайту амалдары алгоритмдерінің мән-мазмұны мынадай мәселелерді қамтиды; сандарды разряд бірліктерін бірінің астына бірін дәл келтіріп ретті жазу, амалды кіші разрядттан бастап біртіндеп орындау, амалды орындау кезінде бір разрядтан екінші разрядқа ауысу ( разряд бірліктерін «ұсақтау» немесе «ірілеу»), нәтижедегі сәйкес разряд бірліктерін берілгендердің разряд бірліктерінің астына дәл келтіріп жазу, нәтиженің дұрыс табылғанына тексеру арқылы көз жеткізу» [64,б. 43]. Бастауыш сыныптарда қарастырылатын қосу мен азайтудың алгоритміне толық тоқтала келе, автор оқушылардың алгоритммен жұмысты толық игере алмаған жағдайда жекелеген оқушылармен жұмыс жүргізудің де әдістемесін келтіреді.
«Бірлі-жарым мысалдарды қарастырудың алғашқы сатысында, кейінірек оқушы қателескен жағдайларда, сондай-ақ жекелеген үлгірімі нашар оқушының, алгоритмді игере алмағаны байқалатын болса, мына сияқтылардың ара-тұра пайдаланылуы да мүмкін:


» (бұл да сонда)

«Көбейту мен бөлу» мәселелері қазіргі бағдарлама бойынша 2-сыныпта басталып, 3-сыныпта жалғасады. Екінші сынып оқушыларының жас шамасына сай көбейту мен бөлудің ауызша және жазбаша алгоритмдері беріледі. Автор өз еңбегінде көбейту мен бөлудің алгоритмін үйретуде «оқушыларға алгоритмдер орындатуды үйрету мен соған сәйкес жұмыс жасауға машықтандыруда түсіндіру жұмыстарын жүргізу аса маңызды болып табылады. Түсіндірмелер қысқа түде немесе толық түрде берілуі мүмкін және оның осы түрлеріне сай түсіндірме жасау мен қандай жиілікпен қолдану қажеттігі сыныптағы оқушылардың дайындықтаныра байланысты болып келеді» деп тұжырымдайды. Яғни мысалды жазбаша орындау барысында баланың орындайтын әр қадамы, оның неге олай орындалатынын жайлы түсіндірмелер жүргізілуі қажет. Мысалы:


а) 4 бірлікті 2-ге көбейтсек 8 бірлік шығады, оны бірліктердің астына жазамыз; 3 ондыкты 2-ге көбейткенде 6 ондық шығады, ол ондықтардың астына жазылады; 2 жүздікті 2-ге көбейтеміз де, 4 жүздікті жүздіктің астына жазамыз.



ә) Бөлінгіштің ең үлкен разряды 3 жүздік, оны 3-ке бөлуге болады, яғни бірінші толымсыз бөлінгіш 300 (3 жүздік). Жүздік болғандықтан, бөліндінің мәнінде үш таңбалы (жүздіктен, ондықтан және бірліктен құралатын) сан шығады. Жүздіктерді толығымен 3-ке бөлуге болады, сонда 1 жүздік шығады. Екінші толымсыз бөлінгішті анықтаймыз, ол 9 ондық – 90. Ондықтарды да толығымен 3-ке бөлуге болады, сонда 3 ондық шығады. Үшінші толымсыз бөлінгіш 3 бірлікті 3-ке бөлгенде, 1 шығады [64,б. 52].



Осылайша, разрядтан аттайтын, аттамайтын жағдайлардағы қосу мен азайту, көбейту мен бөлу амалдарының алгоритмдері оқытылып, осыған сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдері өз түсіндірмелерін келтіру үшін, әдістемесін толық әрі дұрыс игерулері тиіс. Оқулықтарда келтірілген нұсқаулықтар мен мұғалімнің түсіндірмелері бойынша оқушылар аталмыш алгоритмдерді игеріп алулары мүмкін. Алайда бастауыш сынып оқушысы үшін ең күрделі мәселелердің бірі – жазбаша, яғни «бұрыштап» бөлу болып есептеледі. Осы орайда бөлу кезіндегі оқушының тізбектеле орындалатын іс-әрекетін анықтайтын арнайы ескертпені немесе жадынаманы қолдануға оларды үйрету пайдалы. Т.Қ.Оспанов жазбаша бөлу алгоритмін орындау кезінде біртіндеп жүзеге асырылуы тиісті нұсқаулар түріндегі осы ескертпенің мынандай үлгісін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет