Астамбаева жупат канапьяновна


Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамыту жаттығуларының әлеуеті



бет19/39
Дата02.05.2024
өлшемі4.57 Mb.
#500345
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
astambaeva-zh-k-phd-s-sp

2.2 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамыту жаттығуларының әлеуеті
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің әдіснамалық және математикалық сауаттылығын дамытуда жаттығулар ерекше орын алады. «Әлеует» сөзі физикадан лингвистикаға дейінгі ғылымның әртүрлі салаларында кездесетін маңызды ұғым. Педагогикалық ғылымдағы ең маңызды «әлеует» категориясы әмбебап әдіснамалық тұжырымдаманың іргелі және түпкілікті мағынасында философиялық мәнге ие екендігі белгілі. Бұл ұғым негізінен адамға сілтеме жасай отырып айтылады және оның философиялық және түсіндірме сөздіктерде түсіндірілуі «адамның теориялық қабілеттерін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігі» ретінде көрінеді, ал дамып келе жатқан жаттығулардың әлеуеті біздің зерттеуімізде құбылысты, проблеманы, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдіснамалық және математикалық сауаттылығын дамыту мәселесінің әртүрлі аспектілерін көру және ойлауды дамыту болып табылады.
ЖОО-да болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі олардың келешектегі кәсіби іс-әрекетінің іргетасы ретіндегі әдістемелік және пәндік білімді игеріп, дағдылар, біліктер мен құзыреттіліктерді қалыптастыру игеру болып табылады. «Математиканы оқыту әдістемесінің» негізгі міндеттері «кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытуды ұйымдастырудағы білім, білік және дағдыларды біріктіретін пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру, кәсіби іс-әрекетке қажет болатын кіріктірілген құзыреттіліктерді қалыптастыруға себепкер болу» [149,б. 7]. Ал пәндік және кіріктірілген құзыреттіліктерді қалыптастыруда соңғы жылдары заманауи оқу-тәрбие үдерісіне қарқындап енген компьютерлік сауаттылықтың базалық ұғымы ретіндегі алгоритмнің алатын ерекше.
Бастауыш сыныпқа арналған «Математика» оқулықтары мен болашақ педагогтер даярлық барысында қолданатын оқу-әдістемелік құралдарда, көпшілік жағдайда арифметиканың материалдарына, атап айтсақ «баған» түрінде қосу мен азайту көбейту және «бұрыштап» бөлу алгоритмдеріне ерекше мән берілгенімен, бастауыш математика курсының аса маңызды ұғымдарының ішінде алдыңғы тараушаларда қарастырылған мәселелердің, сондай-ақ, бастауыш сыныптағы математикалық жаттығулар жүйесінің (есептің, мысалдың, теңдеудің) де орындалу алгоритмдерін болашақ бастауыш сынып мұғаліміне үйретудің қажеттігін де назар аудару орынды талап деп есептейміз.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің ішінде математикалық жаттығудың түрлерін бір-бірінен ажырата алмай, оқулық бетіндегі барлық жаттығуларды «есеп» дейтіндері де бар. Оны біз бастауыш сынып мұғалімдерінің сабағына қатысу, бақылау кезінде және республикалық, Алматы облыстық мұғалімдер біліктілігін арттыру институттарында дәріс оқу кезінде де байқадық.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтарына қатыса отырып, олардың әрекеттері мен математикалық терминдерді қолдану барысын бақылау кезінде біз бастауыш сыныптарда жаттығулар жеткілікті деңгейде қарастырылатын байқаймыз. Алайда бастауыш сынып мұғалімдері сол жаттығулардың атауларын орынды қолдануы, бастауыш сынып оқушысының жас шамасына қарай материалдарды игертуде тиімді қолданбайтынын, жоспарлы түрде жүзеге асыра алмайтынын да көруге болады, яғни мұғалімнің әдістемелік әлеуетәнәі жетіспей тұрғанын байқауға болады. Бастауыш сынып мұғалім оқулықтың бетінде берілген не бағдарламаның ұсынған арнайы ұғымын түсіндіру мен игертуде әртүрлі жаттығудың мәнін, мазмұнын, орны мен рөлін нақты анықтап, теориялық материалдарды игерту барысында нақты қандай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, нақты бір бағдарламаның күтілетін нәтижесіне жетуге болатынын көпшілік жағдайда жете түсінбейді. Бұған қоса, математикалық жаттығулардың атауларын білгенімен, олармен байланысты терминдерді орынды қолданбайтыны да белгілі. Көпшілік жағдайда бастауыш сынып мұғалімдері «есеп» терминінің орнына «мәселе есеп», «мазмұнды есеп», «сөз есеп», «мәтінді есеп», «арифметикалық есеп» деп, ал «мысалдың» орнына «мысал есеп» деп орынсыз қолданатыны тәжірибеден белгілі. Мұның барлығы және есеппен байланысты олармен жұмыс жасауда мұғалімнің оқытудағы іс-әрекеті бір ғана мақсат – есептің жауабын алуды ғана көздеушіліктен аса алмай отырғандығын білдіреді. Теориялық материалды оқып-үйренуде, математикалық ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыруда мұғалімнің және оқушының іс-әрекеттері белгілі бір жаттығулар жүйесін қолдану арқылы нақты жоспарланған нәтижеге жетуге бағытталған болуы оқушылардың меңгеретін білімінің сапасын арттыруда маңызды рөл [150] атқарады.
Ғылымда кез келген оқу тапсырмаларын жаттығу дейді. Жаттығу дегеніміз не? Негізінен, түрлі ғылыми әдебиеттерге талдаулар жасасақ, әр түрлі ғылымда және күнделікті өмірде, тұрмыста «жаттығу» терминінің мәні әр түрлі болып келеді және қолданылу аясы да әртүрлі. Ал, педагогикалық әдебиеттерде көптеген педагог-ғалымдар жаттығуды педагогиканың негізгі категорияларының бірі – оқытудың әдісі ретінде қарастырады [66,б. 162].
Жаттығулар, оның мәні мен мағынасы, түрлері жайлы мәселелер кейбір шетелдік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
М.Р.Львовтың әдістемелік-анықтамалығына сүйенер болсақ: «Жаттығуды орындау барысында алынған білімдер түрлі жағдайлар мен түрліше байланыстарда бірнеше рет және вариативті қолданылады. Жаттығудың орындалу үдерісі барысында үйренуші әрдайым ізденіс үстінде болады, алдына қойылған міндеттер мен мәселелерді шешудің өзіне таныс жолдарына сүйене отырып, жаңа жолдар табуға ұмтылысын қалыптастырады» [152]. Бастауыштағы оқыту барысын ұйымдастырып, бағдарламалық материалды меңгертуде «жаттығулар оқу үдерісінде қолданылатын әдістемелік жүйенің құрылымдық бірлігін құрайды» [153].
Ғалым Т.А.Ильина: «Жаттығу – білімді бекітудің және білік пен дағды қалыптастырудың, сонымен бірге оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негізгі методы» – деп көрсетсе [153,с. 56], ғалым-әдіскер А.Әбілқаев: «Қазақ тілі бойынша жаттығу деп грамматиканың теориялық курсынан алған білімін бекіту мақсатымен немесе сөйлеу, мәнерлеп оқу, дұрыс жазу дағдыларын меңгеру мақсатымен оқушының белгілі бір түрдегі оқу тапсырмасын орындауын» [154] айтады. Ал педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Рахметова: «…оқушылар жаттығу процесінде үздіксіз анализ-синтез жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстырады, абстракциялайды, жалпылайды, жаттығу арқылы білімін жүйелейді» [155], – дей отырып, жаттығуға қойылатын талаптарды саралап береді.
Көрнекті ғалым, педагог Р.М.Қоянбаев «оқушылардың іскерлік қабілеті, дағдысы жаттығу жұмыстарының процесінде қалыптасады. Жаттығулар білімді бекітудің, іскерлік пен дағдыны игерудің және оқушылардың ой-өрісін дамытудың негізгі әдісі. Жаттығулар – оқушылардың білімін бекіту, біліктері мен дағдыларын дамыту мақсатында қызмет ететін әдістемелік тәсілдер немесе тапсырмалардың жүйесі» [156] деп тұжырымдайды. Келесі бір еңбекте «жаттығу дегеніміз – тағайындалған реті және іріктелуі нақты мақсатқа қол жеткізуге, толық білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін бірсыпыра тапсырмалардың жиынтығы» [135,б. 77] делінеді.
Математиктер мен әдіскерлер Т.Қ.Оспанов пен А.А.Қдырбаева «жаттығу бір-бірімен өзара байланысты болатын кез келген математикалық мазмұнды тапсырмалар, соның ішінде есептер» [148,б. 87] десе, Ә.Е.Жұмабаева «жаттығулар – бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығы» [157] деген анықтама береді.
Жаттығу білімді игеру мақсатында қандай да бір әрекетті қайта-қайта орындау болып табылады. Түрлі жағдайларда жаттығу оқудың барлық компоненттері, атап айтсақ, әрекеттің мазмұнын түсіну, оны бекіту, жалпылау және автоматтандыру сияқты әрекет түрлерін жүзеге асыратын бірден-бір процедура, тіпті жалғыз десек те болады. Не болмаса, жаттығу орындағанға дейін жүзеге асырылатын және әрекет мазмұнын алғашқы түсіну мен алғашқы бекітуге мүмкіндік беретін түсіндіру және жатқа білу процедурасы болып табылады. Жаттығулар – оқушыларды оқытудың негізгі әдісі болып табылады. Олар белгілі бір әрекетті дүркін-дүркін қайталауды қажет етеді және оқушылардың білімі мен біліктерін бекіту және жетілдірудің тиімді тәсілі [158] болып табылады.
З.С.Кузекова өз мақаласында жаттығулардың рөліне ерекше тоқтала келе, олардың «нағыз оқу құралы» екендігін айтады. Ол өз сөзінде педагогиканың бір тармағы дидактика мен қазақ тілін оқыту әдістемесінде оқытудың құралы жаттығу емес, оқулықтар деп айтылғаныа назар аударады, ол өз ойын «оқулық – оқытудың құралдарын ұйымдастыру мен жүзеге асырудың нысаны» екеніне тоқтала келе, «оқытудың нағыз құралы – жаттығулар» деп атап көрсетіп, әсіресе қандай да болмасын «тілді үйреткіңіз келсе, жаттығуларсыз нәтижеге жете алмайсыз» деп, профессор Р.Әміров оқулықтарындағы жаттығуларға назар аудара отырып, «жаттығу дегеніміз – сіздің оқыту амалдарыңыздың мазмұны, кең тұрғыда, әдістемеңіздің мазмұны» [159], - деп жазады.
Жаттығулар, оның мәні мен мағынасы, түрлері жайлы мәселелер кейбір шетелдік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.

Кесте 6 – «Жаттығу» ұғымына берілген анықтамалар





Автор не құжат

Еңбектің атауы

«Жаттығу» ұғымының мазмұны

1

2

3

М.Р.Львов

Словарь-справочник по методике русского языка. – М.: Просвещение, 1988. – 240 с.

оқу материалын меңгертуді ұйымдастырғанда, оқу үдерісінде қолданылатын әдістемелік жүйенің құрылымдық бірлігі

Ықшам энциклопедия
лық сөздік

Қазақстан. / Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖАҚ-ы, 2005. – 560 б.

тағайындалған реті және іріктелуі нақты мақсатқа қол жеткізуге, толық білім, білік дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін бірсыпыра тапсырмалардың жиынтығы

А.Әбілқаев

Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Санат, 1995. – 117 б.

грамматиканың теориялық курсы-нан алған білімін бекіту мақса-тымен немесе сөйлеу, мәнерлеп оқу, дұрыс жазу дағдыларын меңгеру мақсатымен оқушының белгілі бір түрдегі оқу тапсырмасын орындауы

С.Рахметова

Бастауыш класс оқушыларының тілін дамытудың ғылыми әдісте-мелік негіздері: филол. ғыл. докт. … дисс. – Алматы, 1994. – 434 б.

оқушылар жаттығу процесінде үздіксіз анализ-синтез жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстырады, абстракциялайды, жалпылайды, жаттығу арқылы білімін жүйелейді

6 – кестенің жалғасы





1

2

3

Р.М.Қоянбаев

Педагогика. – Алматы, 2000. – 378 б.



оқушылардың білімін бекіту, білік-тері мен дағдыларын дамыту мақса-тында қызмет ететін әдістемелік тә-сілдер немесе тапсырмалардың жүйесі

Т.Қ.Оспанов

Математикалық түсініктердің тео-риялық негіздері. – Алматы, 2013. – 106 б

бір-бірімен өзара байланысты болатын кез келген математикалық мазмұнды тапсырмалар, соның ішінде есептер

Ә.Е.Жұмабаева

Бастауыш мектепте қазақ тілі синтаксисін дамыта оқытудың ғы-лыми-әдістемелік негіздері. Пед. ғыл.докторы.... дисс. – Алматы, 2009. – 363 б.

бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығы

З.С.Кузекова

Профессор Рақыш Әміров оқулықтарындағы жаттығулар түрлері // Қаз ҰУ Хабаршысы. Филология сериясы №4 (86), 2005.

оқытудың нағыз құралы – жаттығулар. Әсіресе тілді үйреткіңіз келсе, жаттығуларсыз нәтижеге жете алмайсыз

6-кестеде «жаттығу» ұғымы «тапсырмалар жүйесі», «тапсырмалар жиынтығы», «әрекеттер тұтастығы», «оқу құралы», «оқу тапсырмасы», «математикалық мазмұнды тапсырмалар» түрінде сипатталады.


Ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау және жоғарыда айтылғандарды зерделей келе, жаттығу дегеніміз оқушылардың оқу барысында алған білімдерін бекіту және бағдарламаға сай білік пен дағды қалыптастыру, сонымен бірге оқушылардың сабақтағы әрекетін ұйымдастырудағы негізгі әдістерінің бірі деп түйіндедік.
Математикалық тілді дамыту және математикалық сауаттылықты үйрету кезінде терминдерді дұрыс қолдану, жаттығулардың аттарын білу және оларды бір-бірінен ажыратуға үйрету маңызды. Бастауыш мектеп математикасында көптеген міндеттер бар. Кейбір бастауыш сынып мұғалімдері орынды пайдаланбайды. Олардың кез-келгенінің өзіндік ерекшеліктері бар. Оны тіпті бірнеше ұқсастықтарды ескере отырып топтастыруға болады. Содан кейін әр топқа өз мәні берілуі мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, оқулықта берілген тапсырмаларды үш топқа бөлу ұсынылады. Олар: мысалдар, теңдеулер, есептер. Бұл сөздерді және олармен байланысты ұғымдарды дұрыс қолдану сауаттылық пен математикалық мәдениеттің көрінісі ретінде түсінілуі керек. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдері осы ұғымдарды дұрыс және ақылға қонымды қолдануға назар аударуы керек, яғни жаттығулар арасындағы мысалдар мен тапсырмаларды дұрыс табу үшін оларды қолдану керек. Бұл ұғымдарды қайта құру керек.

Сурет 12 – Математикалық жаттығудың түрлері


12-суретте берілген математикалық жаттығулардың әр түрін ажырату аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады [151,б. 116]. Бастауыш сыныптардағы жаңа буын математика оқулықтарының авторлары Т.Қ.Оспанов, Б.Қосанов, Ж.Қайыңбаев «Ара жігін ажырата білейік» деген мақаласында бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесінде «есеп» терминін анықтайтын ұғымның мән-мағынасын ашып түсіндіріп беруде күні бүгінге дейін бірізділіктің жоқтығын және қазақ тіліндегі математикалық терминология мәселесінің бүгінгі күн талабына сай дәрежеде шешілмей отырғандығын айтады және «оқу тапсырмасы», «есеп», «жаттығу» ұғымдарына тоқтала келіп: «Бастауыш мектеп математика курсындағы есептер, мысалдар, жауаптары қандай да бір теориялық мәселені түсіндіру, негіздеу және дәлелдеу түрінде болатын сұрақтар, бақылауды, өлшеу жүргізуді, есептеу мен салыстыруды, тәуелділікті тағайындау мен оны көрсетуді, түрлі салуларды, т.с.с. орындауды қажет ететін тапсырмалардың барлығы «математикалық жаттығу деп аталады» деп пайымдау жасаған. «Есеп деп жауабы арифметикалық амалдардың көмегімен табылатын сөзбен тұжырымдалған сұрақ түріндегі математикалық жаттығуды түсінеміз» [160] делінген.


«Есеп» терминінің мағынасын анықтауға жеке талпыныстар болса да, әдістемелік әдебиеттерде ол жеткілікті түсіндірілмеген. Мәселе мынада, көптеген оқытушылық жұмыстар (Бантова M. A., Пышкало А.М., Моро М.И., Истомина Н.Б., Лященко Е.И., Мазаник А.А., Колягин Ю.М., Столяр А.А., Дрозд В.А. және т. б.) арифметикалық есептерді саралауға және олардың ерекшеліктерін, мақсаттары мен оқыту құралдарын зерттеуге бағытталған. Алайда «арифметикалық есеп» терминінің мағынасы жеткілікті түсіндірілмеген. «Есеп» терминінің мән-мағынасын анықтауға арналған жекелеген әрекеттер бар болғанымен, әдістемелік әдебиеттерде ол жеткілікті дәрежеде ашылмайды. Қазақстандық әдістемесі-ғалым Т.Қ.Оспанов осы ұғымның мәнін нақты әрі дәл анықтаған.
Арифметикалық «есеп» терминін ұғым ретінде анықтағанда төмендегідей мәнді белгілер өзіне тән болатын математикалық жаттығулардың ерекше түрі ретінде түсінеміз.
Ол мәнді белгілер:
а) табиғи тілде тұжырымдалған мәтіннің көмегімен берілетін жаттығу;
ә) мәтіннің мазмұнында белгілі бір өмірлік жағдай (жағдайлар) сипатталады;
б) мәтінде міндетті түрде сұрақ болады;
в) мәтіндегі сұраққа жауап беру ең болмағанда бір арифметикалық амалды орындау барысында жүзеге асады [143,б. 94].
Bastiaan Heeren, Johan Jeuring студенттердің оқушылармен есептерді шығарту барысындағы жұмысын талдай келе, «есеппен жұмыс барысында оқу ортасы оқушылармен кері байланыстың әртүрлі типін ұсынады. Ол оқушының жауабының дұрыс екендігін, жаттығу дұрыс шығарылған ба, оқушы келесі қандай қадам жасауы мүмкін, т.б.» [161], деп, оқыту барысындағы есепті шешудің әр қадамын бағдарламалық қамтамасыз ету мәселесіне тоқталады.
Таза математикалық есеп болса да, оның практикалық қолданылуы болса да математикалық есептерді шешу үдерісін табысты аяқтаулары «соңына дейін жету табандылығымен» [162] сипатталатын табысты жобамен айналысатын оны шешушінің позитивті ойлауына байланысты. Математикалық есептерді шығару барысында бірқатар шарттар мен сапалардың болатыны анықталды, олар: жұмыс жасауға дайын болатын, үнемі үздік нәтижелерге жетуге ұмтылатын, табысқа жету үшін кездесетін қиындықтар мен кедергілерді шешуге күш беретін оң психикалық ахуал, студенттердің теориялық, әдістемелік және рефлексиялық, жүйелі әрі терең білімі, сондай-ақ жоғары моральдық қасиеттері (батылдық, табандылық, шыдамдылық, қайсарлық, бастамашыл және құлшыныс) [162,р. 81]. Болашақ мамандар есеп шығару барысында теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, ішкі уәжі, тапсырманы қызыға орындауы және өзі мен біліміне сенімді болған жағдайда кез келген қорқынышын жеңетіні белгілі. Олар математикалық жаттығуларды орындау және есептерді шығару кезінде математикалық тіл мен терминдерді орынды әрі дұрыс қолдана алулары да әдістемелік-математикалық сауаттылықты дамытудағы басты мәселелердің бірі болып табылады.
Бастауыш сыныптың математика сабақтарында математикалық қарым-қатынасқа түсудің әртүрлі формаларын, математикалық ұғымдар мен терминдерді, білім мен дағдыларды қолдану және түсіну арқылы математикалық жаттығу түрлерін орындау жүзеге асырылады. Оқушылар математикалық жаттығуларды орындау барысында талқылау, түсіндіру, пайымдау және дәлелдеу сияқты әрекет түрлерін орындайды. Daniela Căprioară оқушылардың осындай әрекеттері кезінде өздерінің «математикалық идеяларды тиімді жеткізе алатындай математикалық білімінің таяздығына» байланысты «математикалық қарым-қатынас жасау үшін математикалық сөздік қорларының болуы» [163] қажеттігін айтады.
Мұғалімнің қатысуымен математикалық қарым-қатынас жасауды Утомо мен Шарифа, т.б. үш категорияға бөледі: ауызша қарым-қатынас жасау (оның ішінде айтылым және аудирование), аудирование (оқу арқылы ауызша қатысым жасауды қоса алғанда) және жазбаша қатынас жасау (жазбаша тапсырмалар қоса алғанда) [164]. Ғалымдардың ұсынған алғашқы категориясы есептің мәтінін түсініп және шапшаң оқу, екіншісі – оқулықтағы есепті оқи отырып, талдау арқылы шешу жолын іздестіруге, ал соңғы категориясы есептердің шешулерін жазу мен жауабын бөліп көрсетуде қолданылатын алгоритмге жатқызуға болады. Демек, бастауыш сыныптарда оқытылатын есептердің әр түрін шығарудың кезеңдері (мәтінін оқу кезеңі, есептің шешуі іздестіру кезеңі, есептің шешу жоспарын іске асыру кезеңі және есептің шешуін тексеру) мен алгоритмі [66,б. 164] шығады. Математикалық жаттығулардың әр түрін ажырата алумен қатар, олармен жұмыс жасаудың өзіндік алгоритмінің бар екенін де болашақ мамандардың білулері тиіс.
Жаттығуды орындатудың өзін үш кезеңге бөліп қарастырған жөн деп ойлаймыз: 1. Жаттығуды талдау.
2. Жаттығуды орындату.
3. Жаттығуды қорыту.
Жаттығуды талдау дегеніміз жаттығудың мәтінінде не берілгенінде айтылған мәселелерді анықтау, сөздік жұмыстарын жүргізу, нені орындайтынын, қандай ретпен орындайтынын, қалай орындайтынын анықтату. Осы талдау жұмысының нәтижесінде жаттығудың қай түрі екендігі шығады, ары қарай әр жаттығудың түріне сай оны орындату алгоритмі шығады [151,б. 117].
Жаттығуды орындату кезеңі – аса маңызды кезеңдердің бірі. Олай дейтініміз, бастауыш сыныптың математика сабақтарын бақылау барысында кейбір оқушылардың алдыңғы тапсырмаларды орындап отырғанын, кейбірінің тіпті алғашқы тапсырмаларда қалып қойғанын байқаймыз. Осындай жағдайда мұғалімнің оқушылармен топтық, ұжымдық жұмыс жасауына мүмкіндік болмай қалады. Тапсырманы орындау барысында кейін қалып қалған оқушы да, алға озып кеткен оқушы да жаттығуларды талдауға қатыса алмай қалып, кей жағдайларда тапсырмаларды өз беттерімен орындағандықтан, материалды түсінбей не қате орындап отырғанын да байқадық. Сондықтан бастауыш сынып оқушысының мектептегі алғашқы күнінен бастап, алғашқы математика сабақтарында-ақ дәптермен жұмыс жасату барысында оқушылардың тапсырмалар мен жаттығуларды бір мезгілде бастап, бір мезгілде орындап отыруларын, бір мезетте аяқтауларын қадағалау қажет. Бұл да болашақ бастауыш сынып мұғалімінің негізгі іс-әрекеттерінің бірі, тіпті ең басты әрі маңызды әрекеті деп атауға болады.
Жаттығуды орындатудың да алгоритмі әр түрлі: топпен орындату, тақтаға орындау, қатарлар бойынша орындау, жаттығудағы мысалдар мен теңдеулерді іріктеп алу арқылы орындау, дара орындау, жұптық орындау, баған түрінде жазу, тек мәнін ғана жазу, әр амалды жекелей орындау т.б.
Жаттығумен жұмыстың үшінші кезеңі кезінде оның қаншалықты орындалғаны, қандай нәтижеге жеткені, тапсырманың талабы немесе сұрағына жауап берілгені не берілмегені, неше амал орындалғаны, қандай амалдардың орындалғаны, неліктен ондай амал орындалғаны, барлық оқушылардың орындап үлгергендері, т.б. анықталады.
Әр түрлі жаттығумен жұмыс жасаудың алгоритміне тоқталайық. 4-сынып «Математика» оқулығындағы кез келген жаттығумен жұмыс жасау алгоритмін көрсетейік. Мысалы, 4-бөлімнің 118-бетіндегі 7-тапсырма: «амалдардың орындалу ретін анықта және есепте:
156 · (6 075 + 9 980 – 15 996) : 26» [81,б. 70].
Бұл тапсырманы орындатудың алгоритмі:

  1. Жаттығуды оқытыңыз;

  2. Жаттығудың талабын анықтатыңыз;

  3. Мысалды оқытыңыз;

  4. Онда неше амал бар екенін анықтатыңыз;

  5. Ауызша алдымен қай амал орындалатынын анықтатыңыз;

  6. Амалды орындатудың ретін санмен үстіне белгілетіңіз;

  7. Мысалдың әр амалын жеке-жеке баған түрінде жазбаша орындатыңыз;

  8. Әр амалдың мәнін тексертіңіз;

  9. Жаттығуды қорытыңыз;

  10. Неше амал орындағанын, алдымен қай амал орындалғанын, неліктен ол амалдың орындалатынын, соңғы қай амал орындалғанын анықтатып, мысалдың нәтижесін айтқызыңыз [151].

Бұл орындаған жаттығуымыз талдау барысында мысал екендігі анықталды. Ендігі ретте біз жаттығумен жұмыстың екінші кезеңі – жаттығуды орындау, яғни теңдеуді шешкізудің алгоритміне тоқталайық. Бұл тапсырма да сол сыныптың 4-бөлімінен алынды (44-бет 5-тапсырма):
«Теңдеулерді жаз және тексер: 27 401 мен х сандарының бөліндісі 398 бен 119 сандарының қосындысына тең» [81,б. 70].
Алгоритмі:

  • Жаттығуды оқытыңыз;

  • Жаттығудың талабын анықтатыңыз;

  • Теңдеу құрғызыңыз;

  • Теңдеуді оқытыңыз;

  • Теңдеудің оң бөлігіне назар аудартыңыз;

  • Сол бөлігінде не берілгенін анықтатыңыз;

  • Ауызша алдымен нені табу қажеттігін анықтатыңыз;

  • Не үшін қосындының мәнін табу қажеттігін айтқызыңыз;

  • Қосындының мәнін тапқаннан кейін қандай теңдеу шыққанын анықтатыңыз;

  • Бұл теңдеудегі белгісіз компонентті анықтатыңыз;

  • Оны қалай табу қажеттігін айтқызыңыз;

  • Жаттығуды орындатыңыз;

  • Жаттығуды қорытыңыз;

  • Теңдеудің дұрыс шешілгенін, түбірінің дұрыс табылғанын анықтатыңыз;

  • Теңдеуді тексертіңіз;

  • Жаттығудың талабының дұрыс орындалғандығын дәлелдетіңіз [151, б 116].

Ал «есеп» мәселесі бастауыш сыныптағы аса маңызды ұғымдардың бірі болып табылады. Өйткені, біз бастауыш сынып мұғалімдеріне 4-сыныптың бір есебін шығартқан кезде 43 мұғалімнің 13-і ғана шығарып берген еді. Студенттердің де біразы бастауыш сынып «Математика» оқулықтарында берілген есептерді шығара алмайды. Есепті шығаруға үйрету барысында алгоритмнің рөлі өте зор. Олай дейтін себебіміз, есеп шығару барысында әр орындалатын амал не қадам нақты әрі толық етіп үйретілетін болса, оқушы сол алгоритмді өзі үйреніп алады да, есепті талдауды сол ретпен жүзеге асырады. Біз өзіміздің студенттерге арнап шығарған әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік кешендерімізде есепті талдаудың үлгісін беріп жүрміз [68,б. 49]. Сол үлгіні болашақ бастауыш сынып мұғалімінің жаттап алуы және есептерді шығаруда қолдануы талап етіледі. Алайда болашақ маманның өзі есепті шығара алмайтын болса, онда есепті талдаудың үлгісін тек механикалық тұрғыдан жаттап алудың пайдасынан зияны көбірек. Оның үстіне кейбір есептер бірнеше тәсілмен шығарылады. Бастауыш сынып оқушысына есепті шығаруға үйрету барысында міндетті түрде оның қай тәсілмен шығарылатынын, алдымен нені және қандай амалмен табатынын анықтатып алу қажет. Сондықтан біз «Математиканы оқыту әдістемесі» курсында студенттердің өздеріне бастауыш сынып оқулықтарында берілген барлық есеп түрлерін (жай, құрама, логикалық) шығартып, модельдерін құрғызып, есептің шешу кезеңдерін анықтатып, есептің шешуін жазу мен жауабын тексерудің тәсілдерін үйретіп аламыз. Мынадай есеп берілсін:
«Екі айлақтан бір уақытта бірінен-бір қарама-қарсы екі бағытта екі кеме жүзіп шықты. Біреуінің жылдамдығы 43 миль/сағ, ал екіншісінікі – 36 миль/сағ. Екі айлақтың арақашықтығы 440 миль. 4 сағаттан кейін кемелердің арасы қандай болады?» [81,б. 123].
Шешуі: 1) 43 + 36 = 79 (миль\сағ) қашықтау жылдамдығы.
2) 79 ∙ 4 = 316 (миль).
3) 316 + 440 =756 (миль).
Есептің әр түрін шығара алатын студент есепті талдаудың алгоритмін де игереді.

  • Есепті оқытыңыз;

  • Есептегі қозғалыс түрін анықтатыңыз;

  • Онда не жайлы айтылғанын айтқызыңыз;

  • Қанша кеме, қандай бағытта шыққанын анықтатыңыз;

  • Есептегі белгілі шаманы анықтатыңыз;

  • Есептегі белгісізді не ізделінді шаманы анықтатыңыз;

  • Біреуінің жылдамдығы қанша екенін айтқызыңыз;

  • Екінші кеменің жылдамдығы қандай екенін анықтатыңыз;

  • Екі дененің жылдамдығын білу арқылы нені тауып алуға болатынын айтқызыңыз;

  • Нені тапқанын айтқызыңыз;

  • Уақытты анықтатыңыз;

  • Жылдамдық пен уақыт белгілі болса, нені табу керектігін анықтатыңыз;

  • Енді сұраққа жауап беруге бола ма, жоқ па екенін тапқызыңыз;

  • 4 сағаттан кейін кемелердің арасы қандай болатыны қалай табуға болатынын айтқызыңыз;

  • Есептің шешуі мен жауабын жазғызыңыз;

  • Жаттығуды қорытыңыз;

  • Есептің неше амалмен шығарылғанын анықтатыңыз;

  • Есептің сұрағына жауап берілгендігін дәлелдетіңіз [165].

«Математика» оқу бағдарламасындағы арнайы қарастырылатын «34+ 23, 57-23, 45±19, 47+33, 80-47, 100-35 жағдайларында: екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану» (2-сынып) [70,б. 85]; «үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану», «үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану» (3-сынып) [72,б. 85]; «көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану», «екі таңбалы/ үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану» (4-сынып) [73,б. 11] материалдардан басқа анық аталмаса да, бастауыш сыныптарда төмендегідей алгоритмдер оқытылады:

  • Сандарды (екі, үш, көп таңбалы сандарды) талдау үлгісі;

  • Қарапайым теңдеуді шешу алгоритмі;

  • Өрнектердегі амалдарды орындау ретінің алгоритмі;

  • Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу алгоритмі;

  • Геометриялық фигураларды (тік төртбұрыш, шаршы, кесінді, бұрыш) салу алгоритмі;

  • Жай есептерді шығару алгоритмі;

  • Құрама есептерді шығару алгоритмі;

  • Калькулятордың көмегімен есептеулер жүргізу алгоритмі [165,б. 87].

Осы аталған материалдардың кейбіреуіне тоқталсақ. 2-сыныпта оқушылар екітаңбалы сандардың нумерациясымен, олардың модельдерімен танысады. Әр санның оқылуын, жазылуын, натурал сандар қатарындағы орнын, разрядтар мен разрядтық қосылғыштарға жіктелуін оқушыларға үйрету үшін болашақ маман оқушыларға екі кеспе цифр таратып береді де, оларға сол цифрлардың көмегімен кез келген екі таңбалы сан құрастыртып, төмендегідей алгоритмді қолданады:



Сурет 13 – Санды талдау алгоритмі


Осы алгоритмді болашақ маманның өзі тәжірибесінде қолданып, өздігінен кез келген санға осындай талдау жасай алуы тиіс. Сонда оқу бағдарламасының «Сандар және шамалар» бөлімінің «Натурал сандар және 0 саны» бөлімшесін оқытудың алгоритмін игереді. Ол өзінің математикалық сауаттылығын көтере отырып, әдістемелік сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту бағытындағы жұмыстармен айналысады. Жоғарыдағы алгоритмді қолдана отырып, болашақ маман 4 және 5 цифрларын алды делік. Одан 45 немесе 54 деген екі таңбалы екі сан құрастыруға болады. Ары қарай санды талдау үлгісі былайша жүргізіледі:



  1. 45 – екі таңбалы сан.

  2. Ол 4 және 5 цифрларының көмегімен жазылған.

  3. Бұл сан 44-тен кейін, 46-ның алдында орналасқан.

  4. 4 ондық 5 бірліктен құралған.

  5. 45=40+5 (45 саны 40 пен 5 сандарының қосындысынан тұрады). Осылайша, талдаулардың нәтижесінде студенттердің өздері екітаңбалы сандардың нумерациясын игереді де, осы білімді үштаңбалы, көптаңбалы сандардың нумерациясын оқытып үйретуде [165,б. 88] қолданады.

Бастауыш сыныптардағы аса маңызды әрі күрделі материалдардың бірі ретінде оқушыларға есеп шығаруға үйрету мәселесін айтар едік.



Сурет 14 – Есепті талдаудың блок-схемасы


1-сыныптан бастап, «есептің» басқа математикалық жаттығулардан ерекшелігімен таныстыра отырып, оны шығаруға үйрету қажет. Болашақ маманның өзі осы жаттығудың ерекшелігін білуі, оның басқа жаттығудан ерекшелеп тұратын мәнді белгілерін біліп, оны талдай отырып, шығарту әдістемесін игеріп шығуы тиіс. Бұл әдістеменің болашақ маманның кәсіби әрекетінде аса маңызды орын алатынын ескерсек, есептерді талдау және есеп шығаруда қолданылатын амалдарды саналы таңдай отырып, оның математикалық әрі әдістемелік сауаттылығы дамиды.


Есепті шығару алгоритмін үйрету кезінде блок-схеманың да алатын рөлі зор. Ол болашақ маманға жаттығуды орындатудың әр қадамын, яғни алгоритмін модельдің көмегімен игеруге көмектеседі.
Осындай блок-схемаларды студенттердің өздеріне де жасатып, әр есептің шығарылу алгоритмін құрғызуға болады. 14-суретте беріліп отырған блок-схемада жай есепті де, құрама есепті де талдау алгоритмі келтірілген. Бұл тармақталған алгоритмнің мысалы ретінде болашақ бастауыш сынып мұғаліміне алгоритм түрін анықтауға және өз кәсіби іс-әрекетіне қажетті білім, білік, дағдылармен қарулануға, өзінің алгоритмдік, әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытуға да көмегін тигізеді.
14-суретте берілген есепті осы блок-схемаға сүйене отырып, шығартып, алгоритмін есте сақтауға болады.
Бастауыш сыныптарда қозғалысқа берілген есептер өте көп. Солардың біріне және оны шығаруға үйретуде алгоритмді пайдалана отырып талдау үлгісіне тоқталайық. Есеп: Арасы 40 км болатын екі ауылдан бір уақытта екі шаңғышы бірінен-бірі қарама-қарсы бағытқа шықты. Біреуінің жылдамдығы – 10 км/сағ, екіншісінікі – 12 км/сағ. Олардың арасы 2 сағаттан кейін қандай болады? [78,б. 134]. Есепті 15-суреттегідей блок-схема түрінде көрсетуге болады.
Осы алгоритмге сүйене отырып, болашақ маман есепті талдау жұмысын жүргізеді.

  • Есепті түсініп, шапшаң оқы.

  • Есеп не жайында? (бірінен-бірі қарама-қарсы қозғалыс жайлы)

  • Есепте не белгісіз? (2 сағаттан кейін олардың арасы қандай болатыны)

  • Сұраққа бірден жауап бере аламыз ба? (жоқ)

  • Онда алдымен нені тауып алуға болады? (егер оқушылар жауап бермейтін болса, онда жетекші сұрақтар қойылады)

  • Бірінші шаңғышының жылдамдығы белгілі ме? (иә, 10 км/сағ)

  • Екіншісінің жылдамдығы ше? (иә, 12 км/сағ).




Сурет 15 – Есепті шығарудың блок-схемасы



  • Осы жерден нені тауып алуға болады? (екі шаңғышының бірігіп жүрген жылдамдығы)

  • Ол қалай деп аталады? (алыстау жылдамдығы)

  • Оны қалай табамыз? (жылдамдықтарды қосамыз)

  • Енді сұраққа жауап бердік пе? (жоқ)

  • Онда енді нені тауып алуға болады? (2 сағатта олар қандай жол жүргенін)

  • Оны қалай табуға болады? Қандай амалмен табамыз? (алыстау жылдамдығын уақытқа көбейтеміз)

  • Енді сұраққа жауап бердік пе? (жоқ)

  • Онда нені тауып алуға болады? (олардың арасы 2 сағаттан соң қандай болғанын)

  • Қалай және қандай амалмен табамыз? (шыққан жолға, екі ауылдың қарақашықтығын қосу амалымен табамыз)

  • Енді сұраққа жауап бердік пе? (иә)

  • Есеп неше амалмен шығарылды? (үш амалмен)

  • Есептің жауабын айт [160,б. 87].

Осындай алгоритм арқылы есепті болашақ маманның өзі тәжірибесінде қолданып, талдау үлгісін жатқа біле отырып, аталмыш алгоритмді оқушыларға да үйретеді.Сонымен бірге, бастауыш сыныптарда есептерді арифметикалық және алгебралық тәсілмен де шығаруға үйрету мәселесі қарастырылады. Есепті алгебралық тәсілмен шығару дегеніміз есепті теңдеу құру арқылы шығару деген сөз. Жоғарыда берілген есепті алгебралық тәсілмен шығарудың алгоритмі мынандай:
Есепті алгебралық тәсілмен шығару үшін:

        • Белгісіз шаманы анықтап, оны айнымалымен (әріппен) белгілеу;

        • Ол арқылы өзара тәуелділікті білдіретін өзге шамаларды өрнектеу;

        • Нені теңестіру керектігін анықтау;

        • Теңдеу құру және шешу;

        • Есептің сұрағына жауапты табу, шешуін тексеру және жауабын жазу қажет [160,б. 88].

Нақты өмірлік жағдайда, педагогикалық практика кезінде, үй жағдайында болашақ мамандар есептерді талдайды, оқушыларға не іні-сіңлілеріне үйрете отырып, олардың математикалық та, әдістемелік те сауаттылықтары дамиды.
Студенттің алгоритмдік сауаттылығы оқытудың барлық үдерісіне әсер етеді. Жетекші әдістемеші-педагогтардың пікірлерінше, алгоритмдік сауаттылық элементтерін қалыптастыру білім алушылардың логикалық білімдері мен біліктері негізінде жүзеге асырылуы тиіс дейді. А.И.Газейкина алгоритмдік ойлауды дамытуға себепші болатын әдістемелік тәсілдердің:

  1. Білім алушының не орындаушының өзінің жаңа алгоритм құруы, оны жазуы, тексеруі және орындауы;

  2. Негізгі типтік есептерді шығарудың алгоритмін игеру;

  3. Алгоритмдегі синтаксистік және семантикалық қателіктерді іздеу және түзету;

  4. Дайын алгоритмді оңтайландыру [166] сияқты жиынын бөліп көрсетеді.

Логикалық және алгоритмдік сауаттылық элементтері арасындағы байланысты ескере отырып, бастауыш математика курсында ортақ логикалық-алгоритмдік желіні жүзеге асырудың төмендегідей жоспарын құруға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет