Астамбаева жупат канапьяновна


Алгоритмдерді оқыту барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудың әдістемесі



бет25/39
Дата02.05.2024
өлшемі4.57 Mb.
#500345
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
astambaeva-zh-k-phd-s-sp

3.2 Алгоритмдерді оқыту барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудың әдістемесі
Біз болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамыту мақсатында 6В01304 – Бастауыш білім көптілділікпен білім беру бағдарламасы студенттеріне арналған үш тілде «Кіші мектеп жасындағы балалардың жаңартылған математикалық білім негіздері» («Основы обновленного математического образования младших школьников») атты оқу құралын дайындадық. Бұл оқу құралы модульдер мен блоктардан тұрады. Оқу құралының модульдері:
1-модуль. Жиындар және оларға қолданылатын амалдар.
2-модуль. Сәйкестік, оның түрлері және қасиеттері.
3-модуль. Графтар теориясының элементтері
4-модуль. Комбинаторика элементтері
5-модуль. Ықтималдықтар теориясының элементтері
6-модуль. Математикалық статистиканың элементтері
7-модуль. Математикалық тұжырым, оның құрылымы және түрлері
8-модуль. Алгоритм, оның түрлері және қасиеттері.
9-модуль. Сандардың жиындары.Теріс емес бүтін сандар жиынын теориялық-жиындық тұрғыдан (жолмен ) құру
10-модуль. Теріс емес бүтін сандар жиынын (Z0) аксиоматикалық тұрғыдан (жолмен) құру.
11-модуль. Санау жүйелері.
12-модуль. Математикалық жаттығулар жүйесі.
13-модуль. Алгебраның элементтері.
14-модуль. Геометрияның элементтері.
15-модуль. Шамалар және оларды өлшеу [66].
Оқу құралындағы материалдар мына ретпен берілді:
1. Негізгі мәселелер:
2. Тақырыпқа ену сұрақтары:
3. Теориялық блок. Бұл блокта дәріс тезистері орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде беріледі.
4. Кәсіби іскерлік блогы
Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары
Тексеру блогы
Бақылау сұрақтары:
Аталмыш оқу құралындағы «Кәсіби іскерлік блогының» «Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары» тапсырмалары негізінен алгоритмдік материалдарға құрылған. Арнайы «Алгоритмдер» тақырыбын өткенге дейін студенттерге алгоритмдік ұйғарым (жадынама түрінде) бойынша орындауға тапсырмалар берілді. Пәннің барлық 15-модулінің де тапсырмалары алгоритмдік мазмұнда ұсынылған. Осындай блоктардың бірінен мысалдар келтірсек:
1. Сандарды көбейту мен бөлудің алгоритмін құрыңыз:
а) 456 · 234; ә) 409 236 : 804
2. Ұзындығы 6 см, ені 2 см болатын тіктөртбұрышты сызғыштың көмегімен салу алгоритмін құрыңыз. Ол қандай алгоритм түрі?
3. Бұрыштықтың көмегімен шаршы салудың алгоритмін құрыңыз.
4. Тапсырманы орындаудың алгоритмін құрыңыз:
а) Мәдина, Аружан, Алмат, Әдия өзеннің арғы жағасына өтпекші болды. Қайық 60 килограмнан артық жүкті көтермейді. Мәдинаның массасы – 35 кг, Аружан – 30 кг, Алмат – 29 кг, Әдия – 28 кг. Балалар өзеннің арғы бетіне қайықпен қалай өтеді?
ә) 7 литрлік шелек пен 3 литрлік банканың көмегімен бидонға 5 л суды қалай құюға болады?
5. Теңдеулерді мына алгоритм бойынша шешіңіз.

    • Теңдеуді оқыңыз.

    • Қай амалдың қандай компонентінің белгісіз екенін анықтаңыз.

    • Белгісіз компонентті қалай табатынын есіңізге түсіріңіз.

    • Белгісіз компоненттің мәнін табыңыз.

    • Тексеру жүргізіңіз.

    • Жауабын жазыңыз.

а) у:7+1584=128•25 1033006 : (х+297)=25•2
б) у•(3648:76)=1680у•48
6. Мына алгоритм бойынша есеп құрастырыңыз:

    • Сюжет не жағдаят ойластырыңыз.

    • Есепте айтылатын нысандарды атаңыз.

    • Нысандарға сандық сипаттама беріңіз.

    • Есептің сұрағын не талабын құрастырыңыз.

    • Есептің толық мәтінін құрастырыңыз.

    • Құрастырған мәтініңізге блок-схема құрыңыз.

    • Блок-схема бойынша есепті талдау үлгісін көрсетіңіз (8-модуль тапсырмасы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет